Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Пресновка ауылы орталық алаңына Қожаберген жырау атын беру туралы

Жаңартылған

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Пресновка селолық округі әкімінің 2010 жылғы 22 сәуірдегі N 13 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 26 мамырда N 13-7-129 тіркелді.

      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "селолық", "селосы", "селосының" сөздері "ауылдық", "ауылы", "ауылының" сөздерімен ауыстырылды - Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Преснов ауылдық округі әкімінің 12.11.2018 № 65 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 35-бабы 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес және Пресновка ауылы тұрғындарының пікірін есепке ала отыра ауылдық округ әкімі ШЕШТІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Пресновка ауылының орталық алаңына Қожаберген жырау аты берілсін.

      2. Осы шешім бірінше рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкімі Ж.Дүйсенбин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады