Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу жөнінде

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы N 312 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 25 қаңтарда N 13-7-143 тіркелді

     Ескерту. Күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімінің аппараты 29.12.2014 N 8.1.5-2/1111 хаты).
      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағы 13)14) тармақшаларына, «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31-бабы 1) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 5-2) тармақшаларына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жамбыл ауданының кәсіпорындары мен мекемелерінде жұмыс істеушілердің жалпы санының үш пайызы көлемінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
      2. Осы қаулы Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығына жүктелсін.
      3. Осы қаулы оның бірінші ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Аудан әкімінің
      міндеттерін атқарушы

С. Баумағанбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады