Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына орай азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы материалдық көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі N 107 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 21 сәуірде N 13-8-123 тіркелді. Күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімі аппаратының 2013 жылғы 4 ақпандағы N 02.07-05-03/127 хаты)

      Ескерту. Күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімі аппаратының 04.02.2013 N 02.07-05-03/127 хаты)

      «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 Заңының 20-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына орай азаматтардың келесі санаттарына біржолғы материалдық көмек (бұдан әрі – біржолғы материалдық көмек) көрсетілсін:
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне – 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жөнiнен Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестiрiлген адамдарға (жауынгер-интернационалистер мен техногендік сипаттағы апаттардың зардаптарын жоюға қатысқандарды қоспағанда) – 5 000 теңге мөлшерінде;
      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда кемінде 6 ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) адамдарға - 2 000 теңге мөлшерінде;
      2. Біржолғы материалдық көмекті төлеу 451-020-015 «Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына орай Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, сондай-ақ оларға теңестірілгендерге, оның ішінде майдандағы армия құрамына кірмеген, 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 3 қыркүйегі аралығындағы кезеңде әскери бөлімшелерде, мекемелерде, әскери-оқу орындарында әскери қызметтен босатылған, запасқа (отставка) шыққан, «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медалімен немесе «Жапонияны жеңгені үшін» медалімен марапатталған әскери қызметшілерге, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда кемінде алты ай жұмыс істеген (қызметте болған) адамдарға біржолғы материалдық көмек төлеу» бюджеттік бағдарламасы бойынша жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
      3. «Қызылжар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі біржолғы материалдық көмек төлеуді қамтамасыз етсін.
      4. «Қызылжар ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі аудан бюджетімен бекітілген қаражаттандыру шегінде біржолғы материалдық көмекті қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә.Ы. Байсыновқа жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қызылжар ауданының әкімі                   Қ. Пшенбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады