Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бәйтерек ауылының көшелеріне атау беру туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Қызылжар селолық округі әкімінің 2010 жылғы 4 қарашадағы N 58 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 9 желтоқсанда N 13-8-134 тіркелді

      «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес, Бәйтерек ауылы тұрғындарының пікірлерін есепке ала отырып, Қызылжар селолық округінің әкімі ШЕШТІ:
      1. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бәйтерек ауылының атаулары жоқ көшелеріне осы берілген шешімнің қосымшасына сәйкес атаулары берілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылжар селолық округінің әкімі           Х. Жаңабеков

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      «Қызылжар аудандық мәдениет және
      тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        Т. Ақылбеков

      «Қызылжар аудандық құрылыс бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            И. Нұрғалиев

Қызылжар селолық округі
әкімінің 2010 жылғы 4 қарашадағы
№ 58 шешіміне қосымша

Бәйтерек ауылы көшелерінің атауы

      Бірінші көше – Бейбітшілік көшесі
      Екінші көше – Батыр Баян көшесі
      Үшінші көше – Қарасай Батыр көшесі
      Төртінші көше - Сәбит Мұқанов көшесі
      Бесінші көше – Достық көшесі
      Алтыншы көше – Астана көшесі
      Жетінші көше – Конституцияға 15 жыл көшесі
      Сегізінші көше – Алматы көшесі
      Тоғызыншы көше – Қожаберген Жырау көшесі
      Оныншы көше – Абылай хан көшесі
      Он бірінші көше - Мәншүк Мәметова көшесі
      Он екінші көше – Шоқан Уәлиханов көшесі
      Он үшінші көше – Сегіз сері көшесі
      Он төртінші көше – Ақан сері көшесі
      Он бесінші көше - Сәкен Сейфуллин көшесі
      Он алтыншы көше – Ғабит Мүсірепов көшесі
      Он жетінші көше – Мағжан Жұмабаев көшесі
      Он сегізінші көше – Бауыржан Момышұлы көшесі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады