2010 жылы Мағжан Жұмабаев ауданы аумағында халықтың мақсаттық тобына жататын тұлғалардың қосымша тізімін орнату туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 16 ақпандағы N 61 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 19 наурызда N 13-9-113 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 6 қаңтардағы N 1 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев аудандық әкімдігінің 2011.01.06 N 1 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7-бабы 2) тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мағжан Жұмабаев ауданы аумағында халықтың мақсаттық тобына жататын тұлғалардың қосымша тізімі орнатылсын:
      1) колледждер мен кәсіби лицейлердің түлектері;
      2) жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
      3) толық емес жұмыс уақытымен қамтылған тұлғалар;
      4) өндірістің тоқтауына байланысты уақытша жұмыспен қамтылмаған тұлғалар;
      5) орта және жоғары білім оқу орындарында оқитын жастар, оқытудын күндізгі түрі (демалыс кезінде).
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.А. Зікібаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                А. Сапаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады