2010 жылы Мағжан Жұмабаев ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау және көтерме жәрдемақы ұсыну туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев аудандық мәслихатының 2010 жылғы 17 маусымдағы N 24-5 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2010 жылғы 7 шілдеде N 13-9-120 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев атындағы аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 24 желтоқсандағы N 29-11 Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев атындағы аудандық мәслихаттың 2010.12.24 N 29-11 Шешімімен

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 Заңының 7-бабы 3-тармағы 4) тармақшасына, «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына  әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысымен бекітілген ауылды елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну ережесінің 2-тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. 2010 жылы Мағжан Жұмабаев ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына тұрғын үй сатып алу үшін маман өтініш берген, алайда өтініш беру кезеңіне алты жүз отыз есептік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау ұсынылсын.
      2. 2010 жылы Мағжан Жұмабаев ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына өтініш беру кезеңіне жетпіс есептік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы ұсынылсын.
      3. Ауыл аймақтарын дамыту бойынша уәкілетті орган ретінде аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі осы шешімді жүзеге асыру бойынша шаралар қабылдасын.
      4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            Мәслихат хатшысы
      Б. Әмренова                                В. Гюнтнер

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады