Ұлы Отан соғысындағы Жеңісінің 65-жылдығына азаматтардың жеке санаттарына бір реттік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихатының 2010 жылғы 22 сәуірдегі N 108 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 23 сәуірде N 13-10-109 тіркелді. Күші жойылды - (Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық әкімінің 2013 жылғы 14 қаңтардағы N 02-08-02-02/37)

      Ескерту. Күші жойылды - (Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық әкімінің 14.01.2013 N 02-08-02-02/37)

      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 Заңының 20-бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 65-жылдығына бір реттік материалдық көмек (әрі қарай - бір реттік материалдық көмек) төмендегі азаматтардың санаттарына көрсетілсін:
      Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерде:
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне кепілдіктер мен жеңілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға (интернационалист жауынгерлер мен техногендік апаттарды жоюға қатысқандарды қоспағанда) 5000 теңге мөлшерде:
      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы ерен еңбегі және адал әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңес Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған тұлғаларға, сонымен қатар Ұлы Отан соғысы жылдары 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамырына дейін жұмыс істеген тұлғаларға 2000 теңге мөлшерде:
      2. Бір реттік материалдық көмек жергілікті бюджет есебінен 451-020-015 «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, сонымен қатар соларға теңестірілген тұлғаларға, әскери қызметшілерге, соның ішінде запасқа (отставкаға) босатылғандарға, 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 3 қыркүйегіне дейінгі мерзімде іс-қимылдағы әскер құрамына енбеген әскери бөлімдерде, мекемелерде әскери қызметті өтеген, «Ұлы Отан соғысының 1941-1945 жылдарында Германияны жеңгені үшін» медалімен немесе «Жапонияны жеңгені үшін» медалімен марапатталған, Ұлы Отан соғысы жылдарында алты айдан кем емес тылда еңбек еткен тұлғаларға Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 65-жылдығына орай төленеді.
      3. «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі бір реттік материалдық көмектің тағайындалуын және төленуін қамтамасыз етсін.
      4. «Мамлют ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бюджетпен бекітілген қаржы бөлу көлемінде бір реттік материалдық көмектіі қаржыландырылуын қамтамасыз етсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.В. Вишневскаяға жүктелсін.
      6. Осы қаулы бірінші рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Қ. Қалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады