Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 14 наурыздағы "Салықтар мен төлемдердің жеке түрлерінің ставкалары туралы" N 13-1 шешіміне өзгертулер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихатының 2010 жылғы 5 мамырдағы N 23/7 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 6 мамырда N 13-10-112 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2018 жылғы 26 наурыздағы № 26/4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 26.03.2018 № 26/4 (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен соң он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 100-IV Кодексінің 36-бабының 6-тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:

      1. Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 14 наурыздағы "Салықтар мен төлемдердің жеке түрлерінің ставкалары туралы" № 13/3 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 13-10-81 2009 жылғы 17 сәуірден тіркелген, 2009 жылғы 8 мамырдағы № 20 "Знамя труда" газетінде жарияланған) шешімінің 1 тармағына келесі өзгертулер енгізілсін: көрсетілген шешімдегі № 1, 3-қосымшалары 1, 2-қосымшалары негізінде жаңа редакцияда баяндалсын (қоса беріледі).

      2. Осы шешім бұқаралық ақпарат құралдарында бірінші ресми жарияланған соң, он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.

      Аудандық мәслихат Аудандық мәслихаттың
      сессиясының төрағасы хатшысы
      Н. Сағандықов А. Нұртаев

      КЕЛІСІЛГЕН:

      Салық басқармасының төрағасы

      Ю. Труш

      2010 жылғы 5 сәуір

      Экономика және бюджеттік

      жоспарлау бөлімі бастығы

      Р. Құрманғұжинов

      2010 жылғы 5 сәуір

  Қосымша 1
аудандық мәслихаттың
2010 жылғы 5 сәуірдегі
№ 23/7 шешіміне
Қосымша 1
аудандық мәслихаттың
2009 жылғы 14 наурыздағы
№ 13/3 шешіміне

Мамлют ауданы бойынша базарларда тауарларды сатумен, жұмыстарды орындау және қызмет көрсетумен айналысатын жеке тұлғалар үшін, базарларда жалға алу шарттары бойынша стационарлық орны бар тұлғалардан бөлек, біржолғы талондардың құны

Сатылатын тауарлардың атауы

Әр күнгі сауда үшін

біржолғы талондардың

құны, (теңге)

Сауда үстелінен азық-түлік

тауарларын сату

320

Шатырда азық-түлік тауарларын

сату

485

Мәшинеден азық-түлік тауарларын

сату

520

Көкөністерді, жемістерді, сүт

өнімдерін, шекілдеуікті қолдан

сату

70

Сауда үстелінен көкөністерді,

жемістерді, сүт өнімдерін,

шекілдеуікті сату

320

Мәшинеден көкөністерді,

жемістерді, сүт өнімдерін

шекілдеуікті сату

712

Ет өнімдерін сату

412

Өндірістік тауарларды қолдан

сату

140

Сауда үстелінен өндірістік

тауарларды қолдан сату

320

Шатырда өндірістік тауарларды

сату

510

  Қосымша 2
аудандық мәслихаттың
2010 жылғы 5 сәуірдегі
№ 23/7 шешіміне
Қосымша 3
аудандық мәслихаттың
2009 жылғы 14 наурыздағы
№ 13/3 шешіміне

Мамлют ауданы бойынша кәсіпкерлік қызмет түрлері бойынша қызметі аракідік сипаттағы тұлғалар үшін бір күнге бір жолғы талондардың құны

Кәсіпкерлік қызмет түрі

Бір жолғы талон

ставкасының құны

теңгемен

1

Сыпырғыштарды сату

140

2

Аула сапырғыштарын сату

190

3

Балды сату

500

4

Балықтарды сату

240


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады