Мамлют ауданының елді мекендерінде малдарды ұстау және иттерді серуендету Ережелері туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихатының 2010 жылғы 3 маусымдағы N 24/4 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 15 шілдеде N 13-10-116 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихатының 2012 жылғы 4 маусымдағы N 4/2 Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихатының 2012.06.04 N 4/2 Шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексінің 3-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Мамлют ауданының елді мекендерінде малдарды ұстау және иттерді серуендету Ережелері бекітілсін (қоса беріледі).
      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат                          Аудандық мәслихат
      сессиясының төрайымы                       хатшысының міндетін
                                                 атқарушы
                                                 (МАМ)
      А.Севостьянова                             А.Қошанов

      КЕЛІСІЛГЕН:
      «Мамлют ауданының
      ветеринария бөлімі»
      мемлекеттік мекемесі бастығы               И.Насыров
      (АВБ)
      2010 жылғы 3 маусым

Аудандық мәслихаттың
2010 жылғы 3 маусым
сессиясының № 24/4
шешімімен бекітілді

Мамлют ауданы ауданының елді мекендерінде малдарды ұстау және иттерді серуендету Ережелері 1. Жалпы жағдайы

      1. Осы Ережелер Мамлют ауданының елді мекендерінде малдарды ұстау және иттерді серуендету (әрі қарай - Ереже) Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 Кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңына, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» 2002 жылғы № 339 Заңына сәйкес жасалды.
      2. Осы Ережеде келесі ұғымдар қолданылады:
      1) жануарлар – ауылшаруашылық, үй, сүтқоректілер, құстар, бал аралары, балықтар, қосмекенділер және жануарлар әлемінің басқа да түрлері;
      2) қадағалаусыз жануарлар – иесі бар және уақытша иелерінің қарауынан (бағуынан) шыққан малдар, иелері жоқ немесе иесі белгісіз, және де иелік құқығынан иелері бас тартқан үй малдары;
      3) ветеринарлық құжаттар – ветеринария саласындағы мемлекеттік уәкілетті органмен бекітілген тәртіпте мемлекеттік ветеринарлық бақылауға жататын объектілерге аудандық ветеринарлық санитарлық инспекторлармен берілетін ветеринарлық санитарлық тұжырымдама, ветеринарлық сертификат, ветеринария саласындағы мемлекеттік уәкілетті органмен бекітілген тәртіпте жергілікті атқарушы органдардың мал дәрігерлерімен берілетін ветеринарлық анықтама;
      4) ветеринарлық іс–шаралар – малдардың ауруларының пайда болуының, таралуының алдын алу және оны жоюға бағытталған, олардың алдын алуы, емдеуі мен диагностикасы ескерілген эпизоотияға қарсы, ветеринарлық санитарлық шаралар кешені, залалсыздандыру, малдар мен адамдардың денсаулығына қауіп төндіретін аса қауіпті жұқпалы аурулармен ауырған малдарды алып қойып, жою, малдардың өнімділігін арттыру; малдарды бірдейлендіруді қоса малдар мен адамдардың денсаулығын жұқпалы аурулардан, соның ішінде малдар мен адамдарға ортақ аурулардан қорғау мақсатында мал өнімдері мен шикізаттарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
      5) ветеринарлық паспорт – малдардың иесі, түрі, жынысы, түсі, жасы, ветеринарлық өңдеулерді жүргізудің мерзімі мен сипаты, малдардың ауруларының алдын алуы, емдеуі мен диагностикасы, бірдейлендіру тәсілі көрсетілген ветеринария саласындағы мемлекеттік уәкілетті органмен бекітілген құжат;
      6) ветеринарлық (ветеринарлық санитарлық) ереже – ветеринария саласындағы қызмет атқаратын жеке және заңды тұлғаларға міндетті болып табылатын ветеринария саласындағы мемлекеттік уәкілетті органмен бекітілген ветеринарлық нормативтер негізінде жүргізілетін ветеринарлық іс-шаралардың жүргізілу тәртібін анықтайтын нормативті құқықтық акт;
      7) ветеринарлық санитарлық сараптама - ветеринария саласындағы мемлекеттік уәкілетті органмен бекітілген тәртіпте малдардың, мал өнімдері мен шикізаттарының органолептикалық, биохимиялық, микробиологиялық, паразитологиялық, токсикологиялық және радиологиялық кешенді зерттеулеріне сәйкестігін тексеру;
      8) малдың иесі – жеке меншігінде немесе басқа меншікте малдары бар жеке немесе заңды тұлға;
      9) иттерді серуендету – иесінің жеке меншігіндегі немесе басқа тұлғадан жалға алған малдардың тыста және де итке арнайы бөлінген аумақта болуы;
      10) көпшілік орны – көпшілік адамдар жиналған немесе жиналуы мүмкін орын, соның ішінде көшелер, аулалар, парктер және басқа ойын –сауық шаралары өткізілетін азаматтардың дем алатын орындары, күнге күю орындары, стадиондар;
      11) жануарларды ұстау – ветеринарлық санитарлық нормаларды сақтау кезінде малдардың өмірін, денсаулығын сақтау үшін, ветеринарлық санитарлық нормаларды сақтай отырып толық құнды төл алу, және де жалпы тәртіп пен азаматтар мен жануарлар әлемінің өкілдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мал иелерімен жасалатын іс-әрекеттер;
      12) жануарлар тегінің өнімдері – ет және ет өнімдері, сүт және сүт өнімдері, балық және балық өнімдері, жұмыртқа және жұмыртқа өнімдері, және де бал арасы өнімдері;
      13) жануарлар алынатын шикізаттар – тері, жүн, қыл, қылшық, аң терісі, түбіт, мамық, қауырсын, эндокриндік без, ішек-қарны, қан, сүйек, мүйіз, тұяқ, жануарларды азықтандыруға арналған және (немесе) өнеркәсіпте пайдаланылатын жануарлардан алынатын басқа да өнімдер.
      3. Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикiзаттарды алып қою және жою Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асады.
      4. Осы ереженің күші Мамлют ауданындағы заңды және жеке тұлғадағы мал иелеріне, олардың иелік нысандарына, ведомстволық бағыныштығына байланыссыз таралады.

2. Малдарды тіркеу тәртібі

      5. Малдарды тіркеу мен есеп жүргізу бойынша, және де Мамлют ауданында малдарды бірдейлендірудің компьютерлік базасын құру бойынша өкілетті мемлекеттік орган: «Мамлют ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып табылады.
      6. Малдарды тіркеу бірдейлендіру жолымен іске асырылады, ветеринарлық өңдеулердің жүзеге асуын есептеу және бақылау. Малдарды бірдейлендіру өз күшіндегі Қазақстан Республикасының заңнамалары мен халықаралық стандарттарға сәйкес іске асырылады.
      7. Тіркелген малға ветеринарлық паспорт рәсімделіп, өмірінің соңына дейін сақталатын бірдейлендіру нөмірі беріледі.
      8. Малды тіркеу және қайта тіркеу кезінде мал иесі келесі құжаттарды тапсырады:
      иесінің жеке тұлғасын растайтын құжат;
      мекен-жайы, телефоны;
      мал туралы мәлімет (тұқымы, жынысы, атауы, жасы, туу датасы, түсі, түрі, ерекше белгілері немесе малдың сипаты, бірдейлендіру тәсілі).
      9. Жаңа әкелінген малға тіркеу жүргізіледі. Малды сату немесе басқа қолға тапсыру ветеринарлық паспортты бірге берумен жүргізіледі.
      10. Мал өлген жағдайда малдың бұрын тіркелген өкілетті мемлекеттік органға ветеринарлық паспорты тапсырылады.
      11. Тіркеу органына есептен шығару немесе қайта тіркеу мақсатында шығып қалу туралы (сату, жоғалу, сою, өлу, басқа қолға тапсыру) хабар беріледі.
      12. Малдарды тіркеу және бірдейлендіру шаралары малдың иесінің есебінен жүргізіледі.

3. Жануарларды ұстау, серуендету және бағу

      13. Әрбір жануар иесінің меншігі болып табылады және барлық меншіктер сияқты заңмен қорғалады.
      14. Жануарлар иелерінен сот шешіммен немесе басқа да өз күшіндегі заңнамаларда қарастырылған тәртіпте тартып алына алады.
      15. Жануар иесі:
      1) жануарды Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес алады және бас тартады;
      2) жануарлар иелерінің қоғамында, ветеринарлық ұйымдарда жануарларды ұстау, өсіру туралы қажетті ақпарат алады;
      3) жануарларды бірдейлендіруді қамтамасыз етеді, міндетті ветеринарлық іс-шаралардың жүргізілуі үшін қажетті жағдай жасайды, қажетті ветеринарлық іс-шараларды жүргізілу кезіндегі мемлекеттік ветеринарлық қызмет мамандарының тапсырмасын орындайды;
      4) жеке нөмірі жоғалып қалған кезде мал иесі жоғалған нөмірді қалпына келтіреді;
      5) ветеринарлық (егу және серологиялық зерттеу) және ветеринарлық ережелерді сақтай отырып жануарлардың ауруларының алдын алуын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген әкімшілік – шаруашылық шараларды іске асыру;
      6) малдың ауруларының алдын алу мен емдеуін уақытында іске асыру, малдың ауруының барлық жағдайында немесе ауруға күдік туған кезде тез арада ветеринарлық ұйымға қаралып, тексеру қорытындысы бойынша маманның нұсқамаларын мүлтіксіз орындайды;
      7) ветеринарлық (ветеринарлық санитарлық) ережелер мен нормаларға сәйкес жануарларды, балықтарды аквариумда, омартада араларды ұстау, өсіру және қолдануды іске асырады;
      8) қоршаған ортаға қауіп төндірмейтін және мазасын алмайтын жануарлардың жағдайын қамтамасыз етеді, азаматтар мен олардың мүліктеріне, заңды тұлғалардың мүліктеріне зиян келтірмеуін қамтамасыз етеді;
      9) жануарларды, адамды тістеу, жара салу кезінде:
      жараланған адамды бірінші медициналық көмек көрсету мақсатында ауруханаға жеткізіледі;
      жануардың сақталуы мен құтырма ауруының жоқтығына ветеринарлық мамандармен қарауын қамтамасыз етеді;
      10) жануарлардың оқыстан өлуі, бір уақытта бірнеше малдардың ауруы немесе олардың ерекше мінездері туралы ветеринарлық мамандарға хабарлайды, ветеринарлық мамандар келгенге дейін ауруға күдікті жануарды оқшаулауға, ауруға күдікті жануардың өлігін сақтауға шара қолданады;
      11) ветеринарлық ұйымның мамандарының арнайы талаптары бойынша қарауға, диагностикалық зерттеулерге, емдеу-алдын алу шараларын жүргізуге, егу, вакцинациялауға малдарын береді;
      12) іске асыру мақсатында ауыл шаруашылық малдарын союды ветеринарлық союдың алдын ала қараудан және сойғаннан кейінгі ұшалар мен ағзалардың ветеринарлық санитарлық сараптамасынан кейін жүргізеді;
      13) малдарды союды мал дәргері қарағаннан кейін мал союға арналған арнайы аумақтарда жүргізу керек;
      14) мал өліктерін ветеринарлық мамандар қарағаннан кейін мал қорамдарында (Бекар шұңқырында) көмеді (жояды);
      15) ветеринарлық мамандардың өз қызметтерін атқаруына көмек көрсетеді;
      16) малды бұдан әрі баға алмайтын жағдайда басқа иеленушіге береді, қараусыз малдардың пана жайына немесе ветеринарлық мекемеге тапсырады;
      17) малдарды бағу үшін жинайтын орынға дейін апарып, сол орыннан ұстауға арналған орынға дейін белгіленген бағытта әкелінеді;
      18) малды бағу тізімін қадағалайды.
      16. Малдарды бағу оларға арналған жерлерде қажетті ветеринарлық өңдеулерден кейін жүргізіледі.
      17. Малдарды жуындыру және суару арнайы бөлінген жерлерде жүргізіледі.

4. Ит пен мысықтарды ұстау

      18. Санитарлық гигиеналық, зоогигиеналық талаптарды орындаған кезде ғана рұқсат етіледі:
      1) көппәтерлі тұрғын үйлерде ит пен мысықты ұстау;
      2) ит пен мысықты жеке тұрғындық қор үйінде, ғимаратта және оған жапсарлас аумақта ұстауға;
      3) күзетуге арналған иттерді қоршалған жануардың қашып кетуін, адамдарға немесе басқа жануарларға шабуылдауын болдырмайтын аумақта ұстау. Аумаққа кіре берісте иттің суреті салынған «Ит күзетеді! Охраняется собакой!» жазуы бар ескертпемен қамтамасыз ету қажет.
      19. Рұқсат етілмейді:
      1) тұрғын үй қорындағы пәтелерде ит пен мысықтарды ұстау орындарын ұйымдастыруға;
      2) ит пен мысықтарды жалпы қолдану орындарында (коридорда, баспалдақ аумақтарында, подвалда, шатырда, лоджада, балконда және басқа қосалқы бөлмелерде) ұстауға;
      3) екпе егілмеген ит пен мысықтарды ұстауға;
      4) ит пен мысықтарды олардың терілері мен еттерін сақтау, қолдану, қайта өңдеу және іске асыру мақсатында аулауға.
      20. Азаматтардың, кәсіпорындардың, мекемелердің және ұйымдардың меншігіне жататын ит пен мысықтар аса қауіпті жұқпалы және құрт ауруларына қарсы ветеринарлық алдын алу өңдеу шараларынан өту керек.
      21. Мысықтар малдар мен адамдарға ортақ жұқпалы ауруларға қарсы егілуі керек, эпизоотиялық көрсеткіші бойынша микроспорияға қарсы, гельминттік ауруларға зерттеулерден өтуі керек.
      22. Егер жануарды ұстаушы заңды тұлға болса, онда ол жануарды ұстауға жауапкер тұлғаны белгілеу керек.

5. Иттерді қыдырту тәртібі

      23. Иттерді арнайы бөлінген аумақта тұмылдырықпен қыдыртуға болады.
      24. Иттерді мына жағдайда қыдыртуға рұқсат етілмейді:
      1) эпизоотиялық алдын алу шараларының жоспарына сәйкес міндетті ветеринарлық алдын алу шараларын өтпеген иттерді;
      2) балалар ауласының және спорттық аумақтарда, қалалық пляждарда, балалардың мектеп және оқу орындары аумағында, емдеу мекемелерінде, парктер мен басқа да азаматтар дем алатын орындарда;
      3) адамдарды құтқару жұмыстары бойынша, және де жалпы тәртіпті қорғау және заң бұзушылармен күресу бойынша, көзі нашар көретін адамдарды жетелеуге арналған қызмет иттерінен басқа халықтың жиналған және көпшілік шаралар жүргізу жерлерінде;
      4) тізгінсіз, томағасыз және жануарлардың экскременттерін жинайтын ыдыссыз;
      25. Көшені кесіп өту кезінде, тора жолдың маңында, ит иесі (итті қыдыртып жүрген адам) итті қысқа байлауға алып, жол-көлік апатының болдырмауының алдын алуы керек.

6. Жалпы қалалық көлікте ит пен мысықты тасымалдау тәртібі

      26. Жалпы қалалық көлікте ит пен мысықтарды тасымалдау келесі жағдайлар сақталған кезде рұқсат етіледі:
      1) иттер артқы бөлікте тұмылдырықталып қысқа байлауда және қиларын жинауға арналған ыдыс болған жағдайда. Жануарды тасымалдау басқа жолаушылардың тиышын алмауы керек;
      2) декоративті иттер мен мысықтар қиларын жинауға арналған ыдыс болған жағдайда арнайы клеткаларда (тасымалдау контейнерлерінде).
      27. Жалпы қалалық көліктерде жұқпалы ауру иттер мен мысықтарды тасымалдауға рұқсат етілмейді.
      28. Жануарларды ауыстыру (тасымалдау) жануардың денсаулық жағдайы, жүргізілген аурудың алдын алу шаралары көрсетілген ветеринарлық сертификаты және мемлекеттік өкілетті орган берген бекітілген нысандағы ветеринарлық паспорты болған жағдайда.
      29. Жануарларды автокөліктерде, теміржолдарда тасымалдау Мамлют ауданы көлемінен тыс осы көлік түрлерімен тасымалдау, жануараларды тасымалдау ережесіне сәйкес жүргізіледі.

7. Қараусыз ит пен мысықтарды аулау

      30. Дүкендердің, ауруханалардың және де басқа жалпыға ортақ жерлерде байланып қалтырылған иттерден басқа, көшеде және басқа жалпыға ортақ жерлерде адамның бақылауынсыз қалған иттер ұстап алып, жоюға жатады.
      Қараусыз қалған, босқын иттерді ұстап алып жоюды ұйымдастыру Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүргізіледі.

8. Ауыл шаруашылық, үй, дала және экзотикалық жануарларды, құстар мен араларды ұстау

      31. Ауыл шаруашылық малдарын өсіру, бағу, айдау санитарлық аймақ талаптарына сәйкес жүргізіледі.
      32. Ауыл шаруашылық малдары, құстар өз күшіндегі ветеринарлық санитарлық нормаларға сәйкес, қоршаған ортаның экологиялық қауіпсіздігін есепке ала жабдықталған арнайы бөлмелерде ұсталады.
      33. Елді мекендердің ауа кеңістігі арқылы дала құстарының оңтүстікке ұшуы кезінде үй құстары жұқпалы аурулар көзі болуы мүмкін, ұшу құстарымен қатынасты болғызбай жабық бөлмелерде ұстау керек.
      34. Құстарды алдын ала дайындалмаған ашық суларда дайындалған азықтармен азықтандырудан, және де үй құстарын ашық сулардан суарудан бас тарту.
      35. Жануарлар бар бөлмелерді ветеринарлық-санитарлық және зоогигиеналық талаптарға сай ұстау қажет.
      36. Жануарлар мен құстарды балалардың оқуға дейінгі мекемелерінде, мектептерде және басқа оқу орындарындағы зообұрыштарда ұстау ветеринария саласындағы өкілетті органның және санитарлық эпидемиологиялық қадағалау органдарымен келісе жүргізілуі керек.
      37. Ара шаруашылығымен айналысатын заңды және жеке тұлғалар өз омарталарын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете орналастыру керек. Омартаны қауіпсіз орналасуын ветеринария бойынша мемлекеттік өкілетті органмен анықталады.

9. Осы Ережені бұзған кездегі жануарлардың иелерінің жауапкершілігі

      38. Осы Ереженің сақталуы мемлекеттік қадағалау және бақылау органдарымен Қазақстан Республикасының заңнамаларында бекітілген тәртіпте іске асырылып. Осы Ереже бұзылған кезде, кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапқа тартылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады