2010 жылы Мамлют ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға әлеуметтік қолдауды ұсыну туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихатының 2010 жылғы 3 маусымдағы N 24/3 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 15 шілдеде N 13-10-117 тіркелді. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихатының 2011 жылғы 14 қазандағы N 129 хаты)

      Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихатының 2011.10.14 N 129 хаты)

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, «Агрөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 Заңының 7-бабы 3-тармағы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысымен бекітілген, ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну Ережесінің 2-тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. 2010 жылы Мамлют ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына өтініш берген сәтіне жетпіс есептік айлық есептік көрсеткішке тең сомасында көтерме жәрдемақы берілсін.
      2. 2010 жылы Мамлют ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау маманмен мәлімделген сомада бюджеттік кредит түрінде, бірақ өтініш берген сәтте алты жүз отыз есептік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын болып берілсін.
      3. Селолық аумақтарды дамыту бойынша өкілетті орган ретінде аудандық ауыл шаруашылығы бөліміне осы шешімнің орындалуы жөнінде шаралар қолдансын (келісім бойынша).
      4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат                          Аудандық мәслихат
      сессиясының төрайымы                       хатшысының міндетін
                                                 атқарушы
                                                 (МАМ)
      А. Севостьянова                            А. Қошанов

      КЕЛІСІЛГЕН:
      «Мамлют ауданының
      ауыл шаруашылығы бөлімі»
      мемлекеттік мекемесі бастығы               М. Гаджиев
      (ААШБ)
      3 маусым 2010 жыл

      «Солтүстік Қазақстан облысы
      Мамлют ауданының экономика және
      бюджеттік жоспарлау бөлімі»
      мемлекеттік мекемесі бастығы               Р. Құрманғұжинов
      (АЭБЖБ)
      3 маусым 2010 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады