Ұла Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына орай жеке санаттағы азаматтарға біржолғы материалдық көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 16 сәуірдегі N 102 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 23 сәуірде N 13-13-120 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 13 тамыздағы N 259 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық әкімдігінің 13.08.2013 N 259 қаулысымен

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 2-тармағына «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау. туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 Заңының 20-бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65-жылдығына орай азаматтардың келесі санаттарына біржолғы материалдық көмек (бұдан әрі - біржолғы материалдық көмек) көрсетілсін:
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне - 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      жеңілдіктер мен кепілдіктер жөнінен Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдарға (жауынгер-интернационалисттер мен техногендік сипаттағы апаттардың зардаптарын жоюға қатысқандарды қоспағанда) - 5000 теңге мөлшерінде;
      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда кемінде 6 ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) адамдарға - 2000 теңге мөлшерінде;
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне үйді жөндеу жұмыстарына.
      2. Біржолғы материалдық көмекті төлеу 451.020.015 «Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65-жылдығына орай Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, сондай-ақ оларға теңестірілгендерге, оның ішінде майдандағы армия құрамына кірмеген, 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 3 қыркүйегі аралығындағы кезеңде әскери бөлімшелерде, мекемелерде, әскери-оқу орындарында әскери қызметтен босатылған, запасқа (отставка) шыққан, «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медалімен немесе «Жапонияны жеңгені үшін» медалімен марапатталған әскери қызметшілерге, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда кемінде алты ай жұмыс істеген (қызметте болған) адамдарға біржолғы материалдық көмек төлеу» бюджеттік бағдарламасы бойынша жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
      3. «Уәлиханов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі біржолғы материалдық көмек төлеуді қамтамасыз етсін.
      4. «Уәлиханов ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі аудан бюджетімен бекітілген қаражаттандыру шегінде біржолғы материалдық көмекті қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Р. Ахметоваға жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Е. Уәхитов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады