Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімінің 2011.11.30 N 33 Шешімімен
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы № 148 Заңының 33-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасы 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 Заңының 17, 18-баптарына, «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы Ережесін бекіту жөнінде» 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысының 2-бөліміне сәйкес, әскерге дейінгі шақырылатындарды Уәлиханов ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне уақытылы және сапалы тіркеуді қамтамасыз ету мақсатында аудан әкiмі ШЕШТІ:
1. 2011 жылдың қаңтар–наурыз айларында 1994 жылы туған, тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын және жасы үлкен, бұрын тіркеуден өтпеген еркек жынысты азаматтарын шақыру учаскесіне тіркелуі ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. «Уәлиханов ауданының шақыру учаскесінде тіркеуді өтпеген, 1993 жылғы және үлкен жасты азаматтардың тіркеуін өткізу туралы» аудан әкімінің 2010 жылғы 05 қаңтардағы № 1 шешімі күші жойылды деп таңылсын (2010 жылғы 06 қаңтар Мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-13-117 тіркелді, 2010 жылғы 18 қаңтар № 35 «Шұғыла» газетінде жарияланды).
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Р. Ахметоваға жүктелсін.
4. Осы шешім оны алғаш ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Е. Уәхитов
Келісілді:
«Солтүстік Қазақстан облысы
Уәлиханов ауданының Қорғаныс
істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы Қ.Ж. Омаров