Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімінің 2010.12.06 N 22 шешімімен
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасы 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17-бабына, «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы Ережесін бекіту жөнінде» 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысының 2-бөліміне сәйкес, әскерге дейінгі шақырылатындарды Уәлиханов ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне уақыты және сапалы тіркеуді қамтамасыз ету мақсатында, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАЙМЫН:
1. 1993 жылы туған ер азаматтарды және шақырылу жасынан өткен, бұрын шақыру учаскесінде тіркеуден өтпеген ересек азаматтарды тіркеу 2010 жылдың қаңтар-наурыз айларында Тоқпанов қиылысы,13 мекен-жайында орналасқан Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесінің үй-жайында өткізілсін.
2. Селолық округтер әкімдері:
1) шақыру учаскесінде тіркелуге тиіс 1993 жылы туған азаматтардың тізімдерін Қорғаныс iстері жөнiндегi бөлiмге ұсынсын.
2) жинақтау пунктіне тіркелуші азаматтардың белгіленген уақытта ұйымшылдықпен жеткізілуін қамтамасыз етсін.
3. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Уәлиханов аудандық орталық аурухана» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның бас дәрігеріне (Т.Т. Иманов) (келісім бойынша):
1) шақыру учаскесін қажетті жабдықтармен, дәрі-дәрмектермен, медициналық және шаруашылық мүлікпен қамтамасыз етсін;
2) «Уәлиханов ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығының мәлімдемесі бойынша тіркеуге жататын азаматтарды дәрігерлік куәландіру үшін дәрігерлер мамандарды мен ортаңғы медициналық персоналды атап берсін;
3) 1993 жылы туған азаматтарды емдеу-алдың алу мекемелерінде стационарлық тексеру үшін 10 төсек-орыннан бөлінсін;
4) 2010 жылғы 1 қаңтарға дейін 1993 жылы туған азаматтардын барлығына амбулаторлық, диспансерлік, Ф № 025/у және Ф № 025-1/у карталары «Уәлиханов ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне тапсырылсын.
4. «Уәлиханов ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына (Қ. Ж. Омаровқа) (келісім бойынша):
1) 1993 жылғы және одан үлкен жаста, бұрын шақыру учаскесінде тіркелмеген азаматтардың тіркеу кестесі жасалсын және округ әкімдеріне жеткізілсін.
2) 1993 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу қорытындысы туралы ақпаратты 2010 жылғы 10 сәуірге дейін аудан әкіміне ұсынсын.
5. «Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына (И.К. Жомартов) (келісім бойынша) шақыру учаскесіне азаматтардың тіркеу кезінде:
1) «Уәлиханов ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығының өтінімі бойынша есепке тұрудан бас тартатын, тұлғаларды іздеу және ұстауды жүзеге асырсын;
2) Құқық тәртібін бұзбауын қамтамасыз ету үшін, әскерге шақыру учаскесіне азаматтарды тіркеу кезеңінде полиция қызметкері берілсін;
3) Шақыру учаскесіне дейін учаскелік инспекторларымен, полиция инспекторларымен әскерге шақырушыларды шығарып салуын ұйымдастырсын.
6. «Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына (К.Б.Көрпебаеваға) тіркеу жөніндегі іс-шаралардың қаржыландырылуын жергілікті бюджетте осы мақсаттарға қарастырылған қаржы есебінен қамтамасыз етсін.
7. Кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің басшылары: әскерге шақыруға дейінгі әскери есепке қойылуына байланысты міндеттерін орындауға қажетті уақытқа тіркеуден өтетін азаматтардың келуін, жұмыстан, оқудан босатылуын қамтамасыз етсін.
8. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Р.Ахметоваға жүктелсін.
9. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуінен бастап және бұқаралық ақпарат құралдарында бірінші рет ресми жарияланғаннан кейінгі күннен он күн ішінде қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Е. Уәхитов
Келісілді:
Аудандық аурухананың
бас дәрігері Т. Иманов
Аудандық ішкі істер
бөлімінің бастығы И. Жомартов
Ауданның қаржы
бөлімінің бастығы Қ. Көрпебаева
Уәлиханов ауданының қорғаныс
істері жөніндегі бөлімінің бастығы Қ. Омаров