Шал ақын ауданы Афанасьев ауылдық округінің елді мекендерінің құрамдас бөліктеріне атау беру туралы

Жаңартылған

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Афанасьев селелолық округі әкімінің 2010 жылғы 10 ақпандағы N 8 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 9 наурызда N 13-14-97 тіркелді.

      Ескерту. Шешiмнің қазақ тілдегі деректемелерінде және бүкіл мәтіні бойынша "селолық", "селосы" сөздері тиісінше "ауылдық", "ауылы" сөздерімен ауыстырылды - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Афанасьев ауылдық округі әкімінің 19.01.2021 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-11 Заңы 35-бабы 2-тармағына, 37-бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Афанасьев ауылдық округі азаматтарының қоғамдық кеңесінің шешімін есепке ала отырып, ШЕШІМ қабылдаймын:

      1. Шал ақын ауданы Афанасьев ауылдық округінің елді мекендерінің құрамдас бөліктеріне қосымшаға сәйкес атау берілсін.

      1) Афанасьевка ауылы бойынша:

      Бірінші көшеге – Целинная,

      Екінші көшеге – Школьная,

      Үшінші көшеге – Конституция,

      Бесінші көшеге – А.Құнанбаев,

      Алтыншы көшеге – Элеваторная,

      Афанасьев орта мектебінің оңтүстігі жағындағы А.Құнанбаев көшесінен Целинная көшесінің қиылысындағы қалтарыс - Расул Гамзатов, Овражная көшесінің солтүстігіндегі А.Құнанбаев көшесінен Целинная көшесіне дейінгі қалтарыс – Гагарин.

      Конституция көшесінен Целинная көшесіне дейінгі қалтарыс – Оңтүстік.

      2) Рясинка ауылы бойынша:

      бірінші көшеге – Интернациональная;

      екінші көшеге – Овражная.

      3) Садовка ауылы бойынша:

      Бірінші көше – Жамбыл Жабаев.

      Екінші көшеге – Абай Құнанбаев, Абай Құнанбаев көшесінің солтүстігі жағындағы қалтарыс- Сәкен Сейфуллин;

      4) Двойники ауылы бойынша:

      Бірінші көшеге – Конституция,

      Екінші көшеге – Школьная,

      Үшінші көшеге – Ш.Уәлиханов.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Афанасьев селолық округі әкімінің 2011.11.11 N 8 Шешімімен

      2. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн аяқталғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкімі Қ. Естаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады