Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орманды пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Атырау облыстық мәслихатының 2010 жылғы 27 қаңтардағы N 304-IV шешімі. Атырау облыстық Әділет департаментінде 2010 жылғы 17 ақпанында N 2560 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облыстық мәслихатының 2018 жылғы 16 наурыздағы № 207-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облыстық мәслихатының 16.03.2018 № 207-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) кодексінің 506 бабына және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі № 477 Орман кодексінің 14 бабына сәйкес, ІV шақырылған облыстық мәслихат кезектен тыс XX cессиясында ШЕШТІ:

      1. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орман пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес бекітілсін.

      2. Орман пайдаланғаны үшін төлемдерден түскен қаржылар жергілікті бюджет пайдасына жіберілсін.

      3. Осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткізілген күнінен бастап күшіне енеді.

      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтүзбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      5. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың бюджет, қаржы, экономика, кәсіпкерлікті дамыту, аграрлық мәселелер және экология жөніндегі тұрақты комиссиясына (М. Шырдабаев) жүктелсін.

Облыстық мәслихаттың


XX сессиясының төрағасы

М. Шырдабаев

Облыстық мәслихат хатшысы

Ж. Дүйсенғалиев


  Облыстық мәслихаттың
2010 жылғы 27 қаңтардағы
№ 304-ІV шешіміне 1 қосымша

Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жанама орман пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары мыналарды құрайды:

№ р/с

Жанама орман пайдаланудың түрі

Өлшем бірлігі

Төлемақы ставкасы, теңге

1

Шөп шабу, соның ішінде шабындық жерлердің сапалық жай-күйінің топтары бойынша:



1.1

Жақсы

га

938

1.2.

Қанағаттанарлық

га

704

1.3.

Нашар

га

547

2

Мал жаю, соның ішінде ауыл шаруашылық жануарларының топтарына сәйкес малдың бір басын жаю үшін:



2.1

Түйе


547

2.2

Ірі қара мал, жылқы

бас

437

2.3

Ірі қара малдың төлі, есек

бас

218

2.4

Ешкі

бас

382

2.5

Қой

бас

110

3

Көкөніс өсіру, бақша дақылдарын өсіру және өзге ауыл шаруашылық дақылдарын өсіру

га

Салық заңнамасымен айқындалған жер салықтарының деңгейінде

  Облыстық мәслихаттың
2010 жылғы 27 қаңтардағы
№ 304-ІV шешіміне 2 қосымша

Аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары үшін, ғылыми-зерттеу,
мәдени-ағарту, туристік, рекреациялық және спорттық мақсаттарда
мемлекеттік орман қоры учаскелерін және ерекше қорғалатын
табиғи аумақтарды пайдалану үшін төлемақы ставкалары мыналарды
құрайды:

№ р/с

Пайдалану түрі, соның ішінде мерзімі бойынша

Өлшем бірлігі

Төлемақы ставкасы, теңге

Ұзақ мерзімді орман пайдалану (10 жылдан 49 жылға дейін)

1

Мемлекеттік орман қоры учаскелерін рекреациялық, туристік және спорттық мақсаттары үшін пайдалану

га

2770

2

Мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу және мәдени-сауықтыру мақсаттары үшін пайдалану

га

391

3

Мемлекеттік орман қоры учаскелерін аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары үшін пайдалану

га

782

Қысқа мерзімді орман пайдалану (1 жылға дейін)

4

Мемлекеттік орман қоры учаскелерін рекрациялық, туристік және спорттық мақсаттары үшін пайдалану

күнге

141

5

Мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу және мәдени-сауықтыру мақсаттары үшін пайдалану

күнге

141


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады