Атырау облысы бойынша облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының бөлінген белдеулерінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Атырау облыстық мәслихатының 2010 жылғы 31 наурыздағы N 318-IV шешімі. Атырау облыстық Әділет департаментінде 2010 жылғы 28 сәуірде N 2565 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облыстық мәслихатының 2014 жылғы 06 наурыздағы № 231-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облыстық мәслихатының 06.03.2014 № 231-V шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-ІV "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 530 бабына сәйкес, ІV шақырылған облыстық мәслихат кезекті ХХІ сессиясында ШЕШТІ:
      1. Атырау облысы бойынша облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының белдеулерінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы ставкалары осы шешімнің 12 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткізілген күнінен бастап күшіне енеді.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыстық мәслихаттың бюджет, қаржы, экономика, кәсіпкерлікті дамыту, аграрлық мәселелер және экология жөніндегі тұрақты комиссиясына (М. Шырдабаев) жүктелсін.
      5. Атырау облыстық мәслихатының 2008 жылғы 23 шілдедегі № 112-ІV "Атырау облысы бойынша облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының бөлінген белдеулерінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақыларды бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2532 рет санымен тіркелген, 2008 жылы 30 тамызда "Атырау" газетінде № 103 жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      Облыстық мәслихаттың
      ХХІ сессиясының төрағасы            Е. Дүйсемалиев
      Облыстық мәслихат хатшысы           Ж. Дүйсенғалиев

Атырау облыстық мәслихатының
2010 жылғы 31 наурыздағы 
№ 318-ІV шешіміне 1 қосымша

      Мынадай жерлерде орналастырылатын жарнама объектілері бойынша ай сайынғы базалық төлемақы ставкалары:
      1) жергілікті маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде және елді мекендерде жарнама объектісінің ауданы және орналастыратын жері негізге алына отырып белгіленеді:

Рет
N

Жарнама түрлері

Жылжымайтын объектілерге төлемақы ставкалары (бір жағы үшін) (АЕК)

Облыстық маңызы бар қалалар

1

2

3

1.

Ауданы 2 ш.м. дейін сілтемелер, маңдайшалар, ақпаратты қалқандар (бір объект үшін)

1

2.

Лайтбокстар (сити форматтағы)

2

3.

Ауданы мынадай болатын жарнамалық-ақпараттық объектілер:


3.1.

2-ден 5 ш.м. дейін

3

3.2.

5-тен 10 ш.м. дейін

5

3.3.

10-нан 20 ш.м. дейін

10

3.4.

20-дан 30 ш.м. дейін

15

3.5.

30-дан 50 ш.м. дейін

20

3.6.

50-ден 70 ш.м. дейін

30

3.7.

70 ш.м. астам

50

4.

Шатырүсті неонды жарнама құрылғылары (жарық-динамикалық панно немесе көлемді неонды әріптер):


4.1.

30 ш.м дейін

20

4.2.

30 ш.м. астам

30

5.

Палаткалардағы, тенттердегі, шатырлардағы, бастырмалардағы, қалқа-шатырлардағы, тулардағы, жалаушалардағы, штандарттағы жарнама:


5.1.

5 ш.м дейін

1

5.2.

5-тен 10 ш.м. дейін

1

5.3.

10 ш.м. астам

2

6.

Уақытша тұрпаттағы дүңгіршіктер мен павильондардағы жарнама:


6.1.

2 ш.м дейін

1

6.2.

2-ден 5 ш.м. дейін

1

6.3.

5-тен 10 ш.м. дейін

2

6.4.

10 ш.м. астам

4

7.

Жарнамалық жайма құрылғылар (штендерлер)

5

Атырау облыстық мәслихатының
2010 жылғы 31 наурыздағы 
№ 318-ІV шешіміне 2 қосымша

      Көлік құралдарында, жарнама объектісінің ауданы және орналастырылатын жері негізге алына отырып белгіленеді:

Рет

N

Жарнама түрлері

Жылжымайтын объектілерге төлемақы ставкалары (бір жағы үшін) (АЕК)

Облыстық маңызы бар қалалар

1

2

3

1.

Көлік құралының сыртқы жағындағы жарнама (бір көлік құралы үшін):


1.1.

Автобустарда, троллейбустарда, трамвайларда, жүк машиналарында, арнайы автомобильдерде (1,5 тоннадан астам жүк көтеретін), өздігінен жүретін машиналар мен механизмдерде

4

1.2.

Шағын автобустарда, таксилерде, жеңіл автомобильдерде (1,5 тоннаға дейін жүк көтеретін)

2

2.

Автокөлік құралына орнатылған құрылғылардағы жарнама (панно, қалқандар, лайтбокстер және т.б.), бір жағы үшін:


2.1.

2 ш.м дейін

2

2.2.

2-ден 5 ш.м дейін

10

2.3.

5-тен 10 ш.м. дейін

25

2.4.

10-нан 20 ш.м. дейін

25

2.5.

20-дан 40 ш.м. дейін

45

2.6

40 ш.м. астам

40

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады