Атырау облысы бойынша табиғи газды тұтыну нормаларын бекіту туралы

Жаңа

Атырау облысы әкімінің 2010 жылғы 28 қыркүйектегі N 33 шешімі. Атырау облыстық Әділет департаментінде 2010 жылғы 8 қарашада N 2573 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 29-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылдың 26 наурыздағы № 297 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 сәуірдегі № 400 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысына сәйкес ШЕШЕМІН:
      1. Есепке алу құралдары болмаған жағдайда Атырау облысы тұрғындарының табиғи газды тұтыну нормалары бекітілсін.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.А. Әбдіровке жүктелсін.

      Облыс әкімінің
      міндетін атқарушы                         Б. Дәукенов

Атырау облысы әкімінің 
2010 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 33 шешіміне қосымша  

Есепке алу құралдары болмаған жағдайда Атырау облысы тұрғындарының табиғи газды тұтыну нормалары


р/с

Жұмсалатын газды белгілеу

Өлшем бірлігі

Газдың көлемі

1

Орталықтандырылған ыстық сумен қамтылған үйлерде газ плитасы бар болған жағдайда

Мз/адамға

10,5

2

Орталықтандырылмаған ыстық сумен қамтылған үйлерде газ плитасы бар болған жағдайда

Мз/адамға

15,4

3

Орталықтандырылмаған ыстық сумен қамтылған үйлерде газ плитасы және су жылытқышы бар болған жағдайда

Мз/адамға

25,8

4

2 жылыту ауданына бөлмелерді жергілікті жылыту кезінде

Мз/1м2 жылыту ауданы

8,00

5

Монша жылыту және су ысыту үшін

Мз/адамға

2,04

6

Жылыжайларды жылыту үшін

Мз/1мз жылыжайдың бір ай көлемі

4,92

7

Гаражды және басқа да тұруға болмайтын бөлмелерді жылыту үшін

Мз/1м2 жылыту ауданы

3,94

8

Қоректі және тамыр жемісті булау есебімен жануарлар үшін қорек дайындау


жылқы

Мз/1 жануарға бір айға

4,05


сиыр

Мз/1 жануарға бір айға

10,13


шошқа

Мз/1 жануарға бір айға

20,26


қой, ешкі

Мз/1 жануарға бір айға

0,96


тауықтар

Мз/1 жануарға бір айға

0,2


күркетауық

Мз/1 жануарға бір айға

0,3


үйректер, қаздар

Мз/1 жануарға бір айға

0,4

Қысқартылған аббревиатуралардың тізімі:
м3- текше метр;
м2- шаршы метр.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады