Атырау қаласында үй жануарларын ұстау және иттер мен мысықтарды серуендету туралы

Күшін жойған

Атырау қалалық мәслихатының 2010 жылғы 7 қазандағы N 222 шешімі. Атырау қалалық Әділет басқармасында 2010 жылғы 15 қарашада N 4-1-125 тіркелді - Күші жойылды - Атырау қалалық мәслихатының 2012 жылғы 11 қыркүйектегі № 59 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау қалалық Мәслихатының  2012.09.11 № 59 шешімімен.

      "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 Кодексінің 3-бабы 2 тармағын, 311-бабын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабын басшылыққа ала отырып, Атырау қаласы аумағындағы көшелеріндегі санитарлық тазалықты қамтамасыз ету мақсатында Атырау қалалық Мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Атырау қаласында үй жануарларын ұстау және иттер мен мысықтарды серуендету туралы Ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау қалалық Мәслихатының "Тұрғындарды әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім, мәдениет, жастар және спорт ісі мәселелері жөніндегі" тұрақты комиссиясына (Б. Рысқалиев) жүктелсін.

      XVІІІ сессия төрағасы                      Б. Тұхфатов
      Қалалық Мәслихат хатшысы                   Б. Қазиманов

Атырау қалалық Мәслихатының
2010 жылғы 7 қазандағы №_222
шешіміне қосымша   

Атырау қаласында үй жануарларын ұстау және иттер
мен мысықтарды серуендету Ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Ереже "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және "Ветеринария туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, Атырау қаласының көшелеріндегі санитарлық тазалықты үнемі қалыпты жағдайда ұстау мақсатында қабылданды.
      2. Осы Ереже Атырау қаласында және селолық, кенттік округтерде барлық үй жануарлары иелеріне, ведомствалық бағыныстылығы мен меншік түріне қарамастан барлық кәсіпорындар мен ұйымдарға қатысты.
      3. Үй жануарлары сатып алынғаннан кейін 2 апта ішінде тіркелуі, сондай-ақ жыл сайын қайта тіркеліп аса қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы егуден өткізіліп, алдын алу шаралары мен диагностикалық зерттеу жүргізілуі қажет.
      4. Тіркеу куәлігі болмаса үй жануарлары көрмеге және асыл тұқымдық байқауларға қатыстырылмайды.
      5. Үй жануарларын шеттен әкелуге және әкетуге белгіленген үлгідегі ветеринарлық куәлігі рәсімделген жағдайда рұқсат етіледі.
      6. Үй жануарлары жұқпалы ауруға ұшыраса немесе оны ұстау жағдайы айналадағы адамдарға қауіпті болса, мемлекеттік ветеринарлық қызметтің шешімімен үй жануары иесінен алынып, оқшау ұсталынады.
      7. Қоғамдық орындарда иесіз жүрген иттер-мысықтар және басқа да үй жануарлар дүкендердің, емханалардың, өзге де мекемелердің жанына уақытша байлап қалдырылғандардан басқасы, иесіз деп саналып, арнайы қызметпен ұстауына және атуына жатады.
      8. Үй жануарларының иелеріне:
      1) үй жануарларын олардың биологиялық ерекшеліктеріне орай қайырымдылықпен ұстауға, қараусыз қалдырмауға, ауырған жағдайда уақытылы ветеринарлық көмек шақыртуға;
      2) мемлекеттік ветеринарлық мекеме қызметкерлерінің талабы бойынша үй жануарларын байқау, диагностикалық зерттеу және емдеу-профилактикалық шаралар жүргізу үшін тиісті орынға апаруға;
      3) үй жануарларынан айналадағы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тиісті шаралар қолдануға, аулада иттерді байлап ұстауға және арнайы бөлінген жерге орналастыруға, ескертпе белгілерін орнатуға, серуендету кезінде қарғы бау тағып, тұмсық қабын кигізіп жетелеп жүруге;
      4) үй жануарларын бағып ұстауға мүмкіндігі болмаса, оны басқа адамға беруге немесе ветеринарлық мекемеге тапсыруға;
      5) сатып алғаны немесе ұрланғаны, жоғалғаны жөнінде тұрған жердегі мемлекеттік ветеринарлық қызмет орындарына хабарлауға;
      6) адамдарды, малдарды қауып алған жағдайда, иттің иелері бұл жөнінде таяудағы медициналық және ветеринарлық мекемеге хабарлап, иттерді мемлекеттік ветеринарлық қызметке қаратуға, карантин қою үшін апару керек екендігі назарға ұсынылсын.
      9. Өлген үй жануарларының мүрдесін шығару, көму және жою үшін иелері түрлі қатты қалдықтарды таситын арнайы автокөлік кәсіпорындарына хабарласады. Олар иесінің есебінен арнайы бөлінген орынға апарып көмеді. Кез келген жерге тастай салуға немесе бетімен көмуге болмайды.
      10. Кез келген үй жануары иесінің меншігі болып табылады және басқа меншіктер сияқты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарымен қорғалады.

2. Ит пен мысықты ұстау

      11. Азаматтар ит пен мысықты асырап, ұстауда:
      1) үй жануарларын тұрғын үйлерде, оның ішінде туыстық байланыстағы емес жанұялар бірге пәтерлерде, олардың келесімімен, көршілерінде ұстауға болатындығы жөнінде медициналық растамасы болуы;
      2) жолаушылар көлігінде иттер мен мысықтар жолаушылардың мазасын алмайтын жағдайда байлаулы, тұмсық қап кигізіліп, жетектегішпен тасымалдануы;
      3) жетектегішсіз және тұмсық қапсыз итті қоғамдық орындарға серуенге шығармауы;
      4) үй жануарларын мас күйіндегі адамдарға және 16 жасқа дейінгі балаларға серуендетуге бермеуі;
      5) жалпы пайдаланатын орындарда, балконда иттерді ұстамауы;
      6) ит пен мысықтарды көпшілік жүретін және пайдаланылатын жерлерде яғни, пәтерлердің кіре берістерінде, басқыш алаңында, лифтілерде, балалардың ойын және спорт алаңдарында, газондарда, жағажайларда серуендетпеуі және жаяу жүргіншілер жолдарын ластамауы;
      7) жануарлардың қи қалдықтарын және қоқыстарын жинап алуы қажет.

3. Үй жануарлары мен құстарды ұстау

      12. Азаматтар үй жануарлары мен құстарды асырап, ұстауда:
      1) үй жануарлары мен құстарды жеке меншікті арнайы жабдықталған жабық орынжайда, аумағы қоршалған қаланың санитарлық аймағына жатпайтын жерлерде, объектілерден тиісті нормативтік қашықтықта арнайы жабдықталған орындарда ұстауы;
      2) үй жануарлары мен құстарды жеке меншікті үй жайлардан тыс жерлерде (қосалқы шаруашылық, тағы басқа), сондай-ақ экзотикалық үй жануарлары мен құстарды тек қаланың мемлекеттік ветеринарлық стансасының рұқсатымен ұстауы;
      3) үй жануарлары мен құстарға қатысты зоотехникалық және ветеринарлық санитарлық талаптарды орындауы;
      4) үй жануарларын көпшілік пайдаланатын орындарда, малды айдап шығаратын жолдар мен алаңдардан басқа жерлерге жаймауы;
      5) қаланы және қала маңындағы ашық аумақтарды мал қиымен, түрлі қалдықтармен ластамауы қажет.
      13. Егерде үй жануарлары иелері тарапынан осы ереженің 11 және 12 тармақтарында көрсетілген талаптар бұзылған, сонымен қатар, қаланың және селолық, кенттік округтерде, қоғамдық демалыс орындары мен ашық алаңдарында иесіз жайылып жүрген үй жануарлары анықталған жағдайда қалалық әкімдіктің уәкілетті органы (қалалық әкімдікпен айқындалатын) оларды белгіленген уақытша ұстау орнында ұстайды.
      14. Осы ережелерді бұзғаны үшін азаматтар (үй жануарларының иелері) "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне және басқа да заң актілеріне сәйкес әкімшілік жауаптылық бар екендігі ескертіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады