Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 және 37, 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 16, 17, және 44-баптарын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына сәйкес, ШЕШЕМІН:
1. Шақыру учаскесінде азаматтарды тіркеу бойынша қалалық комиссия құрылсын (қосымша).
2. Қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармаға (А. Жақияев, келісім бойынша) 2011 жылғы қаңтар-наурыз айлары аралығында 1994 жылғы туған азаматтарды, сондай-ақ бұрын тіркеуден өтпеген жасы келгендерді шақыру учаскелерінде тіркеуді жүргізу ұсынылсын.
3. Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасына (М. Өтепқалиев, келісім бойынша):
1) тіркеу уақытында медициналық комиссия қызметіне қатыстырылатын дәрігерлерді, орта медициналық қызметкерлерді негізгі жұмыс орнын, қызметін, орташа айлық жалақысын сақтай отырып, дәрігерлік комиссия құрамында жұмыс істеу үшін іссапарға жіберуді;
2) дәрігерлік комиссияны қажетті медициналық құрал–жабдықтармен және дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуді;
3) тіркеуге жататын азаматтарды № 1, 2, 3, 4 емханаларда медициналық тексеруден өткізу және емханаларды қажетті мөлшердегі ренгенпленкалармен, химикаттармен қамтамасыз етуді;
4) 2011 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармаға 1994 жылы туған азаматтардың (Ф-25У) амбулаториялық картасы мен (Ф-25-1У) салынатын беттерді беруді қамтамасыз етіп және өкпе ауруы, тері-қан тамыр және басқа да аурулар жөнінде есепте тұрғандардың тізімін беруді;
5) әскерге шақыру кезеңінде стационарлық және амбулаториялық тексеру мен емдеу жүргізу үшін облыстық және қалалық аурухана, емханаларда қажетінше төсек орын бөлуді;
6) тіркеу уақытында шақыру учаскелерінде тіркелушілер арасында емдеу-сауықтыру жұмыстарын жүргізіп, емдеуді қажет ететіндерге арналған сауықтыру жұмыстарын 2011 жылдың 1 маусымына дейін аяқтауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
4. Қалалық ішкі істер басқармасына (С. Ербулеков, келісім бойынша):
1) 1994 жылы туған жасөспірімдерді тіркеу кезінде қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармамен бірге шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етуді, қаланың барлық аумағында азаматтардың шақыру учаскелеріне келуін бақылауды жүзеге асыруды, тіркелуден жалтару әрекетінің алдын алу мақсатында өзара іс-қимыл көрсетуді;
2) қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармаға қылмыстық жауапкершілікке тартылған және тергеуде жүрген 1994 жылы туған азаматтардың тізімін беруді ұйымдастыру ұсынылсын.
5. Қалалық білім бөлімі (С. Әлібаева) барлық оқу орындары бойынша тіркеуге жататын азаматтардың тіркеуге дейін алдын-ала ЭКГ, анализдерден және флюрографиялық тексерулерден өтуін, әрбір азаматтың жеке ісіндегі құжаттарының толық болуын және азаматтардың тіркеуден кесте бойынша толық өтуін қадағаласын.
6. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Н. Хабиева) қаңтар-наурыз айларында 1994 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуді сапалы жүргізу үшін, қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармаға 2011 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында тіркеудегі жұмыссыздар есебінен техникалық қызметкерлер бөлуді қамтамасыз етсін.
7. Қалалық тұрғын үй-комммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі (Ж. Қарағаев) азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеу жұмыстарын уақтылы жүргізу үшін қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармаға тіркеу мерзімі аяқталғанша кезекші автокөліктер бөлуді қарастырсын.
8. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
9. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары К. Жаулинге жүктелсін.
Қала әкімі М. Исмұратов
КЕЛІСІЛДІ:
Атырау қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқарма
бастығы, полковник (келісім бойынша) А. Жақияев 15.12.2010 ж.
Атырау қалалық ішкі істер басқармасының бастығы,
полиция подполковнигі (келісім бойынша) С. Ербулеков 15.12.2010 ж.
Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының
бастығы (келісім бойынша) М. Өтепқалиев 15.12.2010 ж.
Қала әкімінің
2010 жылғы 15 желтоқсандағы
135 шешімімен бекітілген қосымша
Шақыру учакесінде азаматтарды тіркеу жөніндегі комиссия
Альберт Жүсіпұлы Жақияев - Атырау қалалық қорғаныс істер жөніндегі
басқарманың бастығы, комиссия төрағасы;
Киікбай Мыңбайұлы Жаулин - Қала әкімінің орынбасары, комиссия
төрағасының орынбасары;
Қалжан Төлеуқызы - Мейірбике, комиссия хатшысы.
Дүйсалиева
Комиссия мүшелері:
Жанболат Әділгерейұлы - Қалалық ішкі істер басқармасы бастығының
Қайралапов орынбасары (келісім бойынша);
Гүлнар Хасанғалиқызы - Дәрігер, дәрігерлік комиссия төрайымы.
Құлғалиева