Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33–бабына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17–бабының 3–тармағына сәйкес ШЕШЕМІН:
1. 2011 жылдың қаңтар-наурыз айларында 1994 жылы туған азаматтарды және түрлі себептермен тіркелмеген жасы үлкен азаматтарды әскери есепке алу мен шақыру учаскелеріне тiркеу ұйымдастырылсын.
2. Азаматтарды әскери есепке алу мен шақыру учаскелеріне тiркеу комиссиясы құрамы 1–қосымшаға сай бекітілсін.
3. Азаматтарды әскери есепке алу мен шақыру учаскелеріне тiркеу Жылыой ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің (келісім бойынша) шақыру пунктінде өткізілсін.
4. Жылыой аудандық орталық ауруханасына (келісім бойынша):
1) аудандық дәрігерлік комиссия құрамында ауыстыру мүмкіндігін қарастырып, тиісті дайындығы бар тәжірибелі жоғары білімді медицина қызметкерлерінің, сонымен бірге есепке тіркелушілердің қанды жалпы талдауға, мерезге серологиялық рекциялар, зәрді жалпы талдауға, электрокардиографиялық зерттеу, кеуде қуысы мүшелерін флюорографиялық (рентгенологиялық) зерттеу үшін емдеу-профилактикалық мекемелермен қажетті мөлшерде орын бөлу;
2) аудандық шақыру пунктінің қажетті дәрі-дәрмектермен, дәрігерлік құрал-жабдықтармен, мүліктермен қамтамасыз етілуін бақылауға алу;
3) комиссия өту барысында анықталған уақытша жарамсыз жастарға 2011 жылдың 1-ші сәуіріне дейін емдеу-сауықтыру мекемелерінен қажетті орындар бөлу;
4) қайталап тексеруді акт жасақтау арқылы Жылыой ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің (келісім бойынша) белгіленген мерзімінде өткізу ұсынылсын.
5. Жылыой ауданы білім, дене шынықтыру және спорт бөліміне, Жылыой ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (келісім бойынша) белгіленген кестесіне сай оқушыларды дәрігерлік тексеруден өткізсін және жауапты адамдармен бірге әскери есепке тіркеу бөлімшесіне ұйымдастырылған түрде әкелу ұсынылсын.
6. Барлық поселкелік және селолық округ әкімдері жасөспірімдерді тұрғылықты жерінен әскери есепке тіркеу бөлімшесіне дейін және кейін қарай жеткізу үшін жабдықталған автокөліктермен қамтамасыз етсін.
7. Жылыой аудандық ішкі істер бөліміне (келісім бойынша) шақыру бөлімшесіне қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етіп, әскери мiндеттерiн орындаудан жалтарған адамдарды iздестiрудi және ұстауды өз құзыретi шегiнде жүзеге асыру ұсынылсын.
8. Жылыой ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (келісім бойынша) 2011 жылдың 1-қаңтарынан 31 наурызына дейін 2–қосымшаға сәйкес техникалық қызметкерлер бөліну ұсынылсын.
9. Жылыой ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (келісім бойынша):
1) 1994 жылы туған азаматтарды тіркеу жұмысының жүру барысын аудан басшылығына хабарлау;
2) 2011 жылдың сәуір айында аудандық әкімиятқа жасөспірімдердің шақыру бөлімшесіне тіркеу жұмысының қорытындысы және оларды әскери қызметке дайындау шаралары жөнінде хабарлама беру ұсынылсын.
10. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Сағиевке жүктелсін.
11. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Р. Нұғманов
Келісілді:
Жылыой аудандық орталық Жылыой ауданының Қорғаныс
ауруханасының бас дәрігері істері жөніндегі бөлім бастығы
30.11.2010 ж. Т. Қыдырбаев 30.11.2010 ж. Д. Тілеуов
Жылыой аудандық ішкі істер «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының
бөлімінің бастығы Жылыой аудандық телекоммуникация
30.11.2010 ж. Н. Оразбаев торабының бастығы Е. Дәулетбаев
30.11.2010 ж.
«ҚазМұнайГазБарлау» акционерлік
қоғамының «ЖылыойМұнайГаз»
мұнай газ өндіру басқармасының бастығы
30.11.2010 ж. А. Ғабдуллин
«КазТрансОйл» акционерлік қоғамының
«Құлсары мұнай құбырлары»
басқармасының бастығы
30.11.2010 ж. А. Бешімов
«Қазақстан Теміржолы Ұлттық
компаниясы» акционерлік қоғамының
«Құлсары жол дистанциясы»
филиалының бастығы
30.11.2010 ж. Е. Шауменов
Жылыой ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 30 қарашадағы
№ 51 шешімімен бекітілген
1–қосымша
Азаматтарды әскери есепке алу мен шақыру учаскелеріне тіркеу комиссия ҚҰРАМЫ
Тілеуов Дастан Құбашұлы - Жылыой ауданының Қорғаныс істері жөніндегі
бөлім бастығы, комиссиясы төрағасы (келісім
бойынша);
Сағиев Мажит Сағиұлы - Жылыой ауданы әкімінің орынбасары, аудандық
шақыру комиссия төрағасының орынбасары;
Комиссия мүшелері:
Минтаев Азат Спатайұлы - Жылыой ауданының ішкі істер бөлімі
бастығының орынбасары (келісім бойынша);
Тасымбаева Баян Тасымбайқызы - Медицина қызметкерлерінің жұмысына
басшылық жасайтын дәрігер–медициналық
комиссияның төрағасы (келісім бойынша);
Танкибаева Аслима Қуанышқызы - Аудандық әскери есепке тіркеу
жөніндегі комиссия хатшысы (келісім
бойынша).
Жылыой ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 30 қарашадағы
№ 51 шешімімен бекітілген
2–қосымша
Әскери есепке тіркеу шарасына бөлінетін техникалық
қызметкерлердің КЕСТЕСІ
Р/с |
Мекемелердің аты |
Техникалық қызметкерлерінің саны |
Бөлінетін уақыты |
1 |
Жылыой ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі |
10 |
1 қаңтар-31 наурыз |
2 |
«КазТрансОйл» акционерлік қоғамының «Құлсарымұнайқұбырлары» басқармасы(келісім бойынша) |
1 |
1 қаңтар-31 наурыз |
3 |
«Қазақстан Теміржолы Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының «Құлсары жол дистанциясы» филиалы (келісім бойынша) |
1 |
1 қаңтар-31 наурыз |
4 |
«ҚазМұнайГазБарлау» акционерлік қоғамының «ЖылыойМұнайГаз» мұнай газ өндіру басқармасы (келісім бойынша) |
1 |
1 қаңтар-31 наурыз |
5 |
«Қазақтелеком» акционерлік қоғамының Жылыой аудандық телекоммуникация торабы (келісім бойынша) |
1 |
1 қаңтар-31 наурыз |