Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-ІV "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 422-бабына сай аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Тіркелген салық ставкасының мөлшері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешімнің орындалысын бақылау аудандық мәслихаттың "Экономика, кәсіпкерлікті дамыту, қаржы және бюджет мәселелері жөніндегі" тұрақты комиссиясына (А. Есқариев) жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Аудандық мәслихаттың кезектен
тыс 19-сессиясының төрағасы А. Жұмыров
Аудандық мәслихат хатшысы А. Құрманбаев
Аудандық мәслихаттың
2010 жылғы 9 ақпандағы
№ 203 шешіміне қосымша
Тіркелген салық ставкасының мөлшері
Рет |
Салық салу объектісінің атауы |
Тіркелген салықтың базалық ставкаларының ең төменгі мөлшері (айлық есептік көрсеткіш) |
Тіркелген салықтың базалық ставкаларының ең жоғары мөлшері (айлық есептік көрсеткіш) |
Аудан бойынша тіркелген салық ставкасы (айлық есептік көрсеткіш) |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. |
Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы |
1 |
12 |
2 |
2. |
Бiреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы |
1 |
18 |
4 |
3. |
Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер |
1 |
4 |
2 |
4. |
Ойын жолы |
5 |
83 |
10 |
5. |
Карт |
2 |
12 |
3 |
6. |
Бильярд үстелі |
3 |
25 |
5 |