Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 22 қаңтардағы № 36 "Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлем төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Махамбет аудандық мәслихатының 2010 жылғы 14 сәуірдегі N 216 шешімі. Атырау облысы Әділет департаменті Махамбет ауданының әділет басқармасында 2010 жылғы 21 мамырда N 4-3-143 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Махамбет аудандық мәслихатының 2012 жылғы 16 шілдедегі № 33 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Махамбет аудандық мәслихатының 16.07.2012 № 33 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 28-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" қаулысына сай аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 22 қаңтардағы № 36 "Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлем төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету туралы" шешімінің 1-қосымшасына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін (Мемлекеттік тіркеу тізімінде 2008 жылдың 25 ақпандағы № 4-3-86 санымен енгізіліп, аудандық "Жайық шұғыласы" газетінің 2008 жылғы 23 наурыздағы № 12 санында жарияланған):
      1) 1 бөлімнің 2-тармағы мынадай тармақтармен толықтырылсын:
      2-1. "Тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының бір айда кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының орташа айлық жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы.
      Кондоминиум объектісі басқару органы – кондоминиум объектісін күтіп ұстау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
      Уәкілетті орган – жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын, тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның жергілікті атқарушы органы";
      2-2. "Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен осы елді мекенде тұрақты тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға):
      жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға;
      тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді тұтынуға;
      байланыс саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен тұратын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтеріне;
      жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысына ақы төлеуге беріледі.
      Аз қамтамасыз етілген отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады. Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының осы мақсаттарға жұмсаған, жергілікті өкілді органдар белгілеген шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады";
      2-3. "Тұрғын үй көмегі қызметтерді жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша көрсетіледі. Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі жергілікті өкілді органдар айқындайды".
      2) 2 бөлімнің 4-тармағының 5-тармақшасы мынадай тармақшылармен толықтырылсын:
      6) "кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған нысаналы жарнаның мөлшері туралы шот";
      7) "жергілікті атқарушы органмен (тұрғын үй инспекциясымен) келісілген, пәтерлердің меншік иелері мен жалдаушыларының (қосымша жалдаушылардың) жалпы жиналысында бекітілген кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған шығыстар сметасы негізінде кондоминиум объектісін басқару органы ұсынатын және мөрмен, кондоминиум объектісін басқару органы басшысының қолымен расталған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шот";
      8) "коммуналдық қызметтерді тұтыну шоттары";
      9) "телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі";
      10) "тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот".
      3) 3 бөлімде:
      20-тармақ мынандай редакцияда жазылсын:
      20. "Жиындық табысты есептеген кезде отбасының тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдыңғы тоқсандағы алынған мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, бала тууға байланысты берілетін бір жолғы мемлекеттік жәрдемақы, жерлеуге берілетін бір жолғы жәрдемақы, тұрғын үй жәрдемақысы, отбасының барлық мүшелерінің нақты еңбек ақы түріндегі алатын табыстары, мемлекеттік және мемлекеттік емес зейнетақысы мен басқа да әлеуметтік көмек түрлері (жәрдемақы, өтемақы), балалар мен асырауындағы басқа тұлғаларға алынатын алименттер, ақшалай және заттай түрінде алынған ұтыстар енеді";
      21-тармақ алып тасталсын.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы шешімнің орындалысын бақылау аудандық мәслихаттың "Заңдылық және әлеуметтік мәселелер" жөніндегі тұрақты комиссияға (Н. Ерғалиев) жүктелсін.

      Аудандық мәслихаттың кезекті
      20-сесссияның төрағасы                     Г. Қайырғалиева

      Аудандық мәслихат хатшысы                  А. Құрманбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады