1994 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді жүргізу туралы

Жаңа

Атырау облысы Махамбет аудандық мәслихатының 2010 жылғы 14 желтоқсандағы N 35 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2010 жылғы 31 желтоқсанда N 4-3-151 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабының 1 тармағы 13 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 161744-баптарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 "Қазақстан Республикасындағы әскери міндеттілерді және шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібінің Ережесі туралы" қаулысын орындау мақсатында ШЕШЕМІН:
      1. 2011 жылдың қаңтар–наурыз айларында Махамбет аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде 1994 жылы туылған және түрлі себеппен жасы 18-ден асқан, бұрын әскери есепке тіркелмеген аудан территориясында тұратын азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу жүргізілсін.
      2. Азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу жөніндегі аудандық комиссия құрамы 1-қосымшаға сәйкес құрылсын.
      Комиссия жұмысы 2, 3 қосымшаларға сәйкес жүзеге асырылсын.
      3. Махамбет аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне (келісім бойынша) селолық округ әкімі аппараттарының әскери есепке жауапты мамандарымен бірлесіп, тіркелуге тиісті 1994 жылы туылған азаматтардың тізімін анықтау, шақыру, хабарлау, тіркеуден өткізуді ұйымдастыру шарасын алу ұсынылсын.
      4. Аудандық орталық ауруханаға (келісім бойынша) азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу үшін, медициналық дәрігер мамандармен, шақыру учаскелеріне тіркеу кезінде медициналық байқау комиссиясына дейін азаматтардың қанының тобын, резус факторын, кеуде органдары (флюрографиялық зерттеу), электрокардиограмма, анализдерін анықтау жұмыстарын 23-қосымшаға сәйкес жүргізуді қамтамасыз ету ұсынылсын.
      5. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне және Махамбет селолық округіне техникалық қызметкерлермен 4-қосымшаға сәйкес қамту тапсырылсын.
      6. Аудандық "Қазақтелеком" бөлімшесіне (келісім бойынша) байланыс нүктесімен қамтамасыз ету ұсынылсын.
      7. Аудандық білім бөліміне әскери есепке тіркелетін жастарды ұйымдасқан түрде мектептердің бастапқы алғашқы әскери пәнінің мұғалімі және сынып жетекшісінің басқаруымен, жеке іс қағаздарына қажетті құжаттарды дайындап, шақыру учаскелеріне әкелуді ұйымдастыру міндеттелсін.
      8. Селолық округ әкімдері мекеме-кәсіпорындарда жұмыс жасайтын 1994 жылы туылған, әскери есепке тіркелмеген жастарды керекті құжаттармен осы іске жауапты қызметкердің басқаруы арқылы шақыру учаскесіне жеткізуді қамтамасыз етсін.
      9. Махамбет аудандық ішкі істер бөліміне (келісім бойынша) заңдылыққа сәйкес шақыру учаскелеріндегі тәртіпті қамтамасыз ету, белгіленген мерзімде шақыру учаскесіне келмеген адамдарды шұғыл іздестіру және қорғаныс істері жөніндегі бөлімге жеткізу, сондай-ақ, азаматтардың тіркеуден жалтару әрекетінің алдын алу мәселелері жөнінде қорғаныс істері жөніндегі бөліммен бірлесіп іс–қимыл көрсетуін ұйымдастыруды қамтамасыз ету ұсынылсын.
      10. Аудандық қаржы бөліміне жергілікті бюджет есебінен әскери есепке тіркелу шараларын өткізу үшін қажетті қаржы бөлу тапсырылсын.
      11. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Арстановқа жүктелсін.
      12. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.

      Аудан әкімі                         Ө. Зинуллин

Шешім ескертулерсіз келісілді:
Аудандық қорғаныс істері жөніндегі
бөлім бастығы майор                             Б. Қартқожақов
13.12.2010 ж.
Аудандық орталық аурухананың бас дәрігері       Е. Сабиров
13.12.2010 ж.
Аудандық ішкі істері бөлімінің
бастығы полиция майоры                          Н. Исаев
13.12.2010 ж.
Аудандық "Қазақтелеком" бөлімшесінің бастығы    М. Ожаев
13.12.2010 ж.

Аудан әкімінің      
2010 жылғы 14 желтоқсандағы № 35
шешіміне 1-қосымша   

Қартқожақов Бекболат Жұмабайұлы

Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша);

Төремұратов Бекмарғұлан Құлмұханұлы

Ауданы әкімі аппаратының

ұйымдастыру-кадр және мемлекеттік-құқықтық жұмыстары бөлімінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары;

Ердаулетова Кәмшат

Аудандық емхананың медбикесі, шақыру комиссиясының хатшысы (келісім бойынша)

Комиссия мүшелері

Тажбентаев Ануар Сайлаубайұлы

Аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша);

Жақанов Амандық Азиевич

Аудандық орталық аурухана дәрігері, шақыру комиссиясының аға дәрігері (келісім бойынша)

Аудан әкімінің      
2010 жылғы 14 желтоқсандағы № 35
шешіміне 2-қосымша  

Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге 1994 жылы туылған
жастарды тіркеу кезіндегі флюрография және анализ тапсыру
кестесі

Р/с

Мектептер атауы

Өтетін күндері

05.
01.

2011

06.
01.

2011

07.
01.

2011

10.
01.

2011

11.
01.

2011

12.
01.

2011

13.
01.

2011

14.
01.

2011

17.
01.

2011

1

Шонаев


Х








2

Ағелеуов

Х









3

Төленов атындағы мектеп-гимназия



Х







4

Қалыбеков





Х





5

Таңдай

Х









6

Қызылүй


Х








7

Жалғансай






Х




8

Ақтоғай





Х





9

Алға



Х







10

Қарашаұлы






Х




11

Есбол




Х






12

Қосарал




Х






13

Кәсіптік лицей № 10









Х

14

Чкалов








Х


15

Алмалы







Х



Аудан әкімінің      
2010 жылғы 14 желтоқсандағы № 35
шешіміне 3-қосымша  

Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге 1994 жылы туылған жастарды тіркеу кезіндегі дәрігерлік байқаудан өткізу кестесі

Р/с

Мектептер атауы

Дәрігерлік байқаудан 2011 жылы қаңтар айында өтетін күндері

10

11

12

13

14

17

18

19

20

1

Шонаев


Х








2

Ағелеуов

Х









3

Төленов атындағы мектеп-гимназия



Х







4

Қалыбеков





Х





5

Таңдай

Х









6

Қызылүй


Х








7

Жалғансай






Х




8

Ақтоғай





Х





9

Алға



Х







10

Қарашаұлы






Х




11

Есбол




Х






12

Қосарал




Х






13

Кәсіптік лицей № 10









Х

14

Чкалов








Х


15

Алмалы







Х



Аудан әкімінің      
2010 жылғы 14 желтоқсандағы № 35
шешіміне 4-қосымша  

Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге 1994 жылы туылған жастарды тіркеу кезінде бөлінетін техникалық қызметкерлер саны

Р/с

Кәсіпорын, мекемелер атауы

Саны

Уақыты

1

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

2

03.01.2011- 03.03.2011

2

Махамбет селолық округі

2

03.01.2011- 03.03.2011

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады