Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Исатай ауданы әкімдігінің 15.06.2010 № 103 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339-II "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабының 2-тармағына, 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Тұщықұдық селолық округіне қарасты Молшағыл және Қамысқала селолық округіне қарасты Тасоба елді мекендері тұрғындарының ауыл шаруашылығы малдары мен үй хайуанаттарына екі ай мерзімге карантиндік шектеу қойылсын.
2. Аудандық ветеринария бөліміне (М. Жағыпаров) ауданның барлық селолық округтерінде ауыл шаруашылығы малдары мен үй хайуанаттарына "құтыру" ауруына қарсы екпе жұмыстарын жүргізу және аудандық аумақтық инспекциясымен бірлесіп (Х. Қабасов - келісім бойынша) екпе жұмыстарының сапалы жүргізілуін бақылауға алып отыру ұсынылсын.
3. Аудандық орталық аурухана әкімшілігі (С. Айдаралиев - келісім бойынша) мен аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасына (Ө. Шакесова - келісім бойынша) тұрғындар арасында сақтандыру шарасын алу ұсынылсын.
4. Тұщықұдық және Қамысқала селолық округіне (М. Насиханов, Б. Мусин) селолық округ аумағындағы ауру таратушы болып есептелетін бұралқы ит, мысықтарды жоюдың барлық шарасын алу, тұрғындар арасында сақтық, түсінік жұмыстарын жүргізу міндеттелсін.
5. Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т. Сұлтанбековке жүктелсін.
6. Қаулы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Б. Қарабаев
Келісілді:
Аудандық аумақтық инспекциясының бастығы ____________ Х. Қабасов
15.04.2010 ж.
Аудандық орталық аурухананың бас дәрігері____________ С. Айдаралиев
15.04.2010 ж.
Аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы
____________Ө. Шакесова
15.04.2010 ж.