Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға аудандық әкімдігінің 20.09.2010 № 175 қаулысымен.
Сағыз селолық округі көлеміндегі "Кенбай" елді мекенінде мүйізді ірі қара малының құтырып ауырғандығы туралы аудандық бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының 2010 жылғы 14 шілдедегі № 334 ұсынысын, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабы және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағының 18 тармақшасын басшылыққа алып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сағыз селолық округі көлеміндегі "Кенбай" елді мекеніне мүйізді ірі қара малы арасында құтыру ауруымен ауырғандығына байланысты, шектеу белгіленсін.
2. "Кенбай" елді мекенінде аурудыңалдын алу және ауру ошағын жою үшін індетке қарсы төтенше комиссия (әрі қарай - комиссия) құрылып, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңында көрсетілген іс шаралар ұйымдастырылсын.
3. Аудандық ветеринария бөліміне (С. Латиев) жұқпалы аурудың ошағында және шектес елді мекендерде сақтандыру, алдын алу шараларын жүргізу мақсатында атқарылатын арнаулы жұмыстарды жедел жүзеге асыру жүктелсін.
4. Шектеу белгіленген "Кенбай" елді мекеніндегі бұралқы ит, мысықтармен күдікті жыртқыш аңдарды жою округ әкіміне (Қ. Қожахметов) міндеттелсін.
5. Аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасына (Г. Дәулетқалиева - келісім бойынша), аудандық орталық ауруханасына (С. Тайшыбай), ауру ошағындағы адамдарды дәрігерлік тексеруден өткізу, сақтандыру алдын алу жұмыстарын жүргізу ұсынылсын.
6. Аудандық аумақтық инспекциясының бастығына (Ш. Бердешов - келісім бойынша) жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды алып қою және жою кезіндегі залалдарды өтеуге байланысты, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі № 407 қаулысына сәйкесті жұмыстар ұйымдастыру ұсынылсын.
7. Шектеу белгіленген "Кенбай" елді мекені басынан мал мен мал өнімдерін, жем-шөп, шикізаттар шығаруға, алып келуге тиым салынсын және аталған шараларды қатаң бақылауға алу аудандық ішкі істер бөліміне (І. Хамзин - келісім бойынша) ұсынылсын.
8. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Мұқановқа жүктелсін.
9. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күннен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Б. Сәрсенғалиев