Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға аудандық әкімдігінің 07.06.2012 № 106 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20-бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабын басшылыққа алып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және Ұлы Отан соғысынан оралмаған жауынгер жесірлерінің тұрғын үйлеріне (пәтерлеріне) жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін аудандық бюджеттің 451007000 "Жергілікті басқару органдарының шешімімен жекеленген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдер" бағдарламасынан қаржыландырылып, 600000 (алты жүз мың) теңгеден біржолғы ақшалай материалдық көмек төленсін.
2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және Ұлы Отан соғысынан оралмаған жауынгер жесірлерінің тұрғын үйлеріне (пәтерлеріне) жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін төмендегідей құжаттарды жинақтасын:
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің және Ұлы Отан соғысынан оралмаған жауынгер жесірлерінің жеке арызы;
2) Арыз берушінің Ұлы Отан соғысының қатысушысы немесе мүгедегі және Ұлы Отан соғысынан оралмаған жауынгер жесірлері екендігін растайтын құжаттың көшірмесі;
3) Ұлы Отан соғысының қатысушысы мен мүгедегінің және Ұлы Отан соғысынан оралмаған жауынгер жесірлерінің сол тұрғын үйде (пәтерде) тұратындығын растайтын құжаты (үй кітапшасының көшірмесі немесе селолық округтің анықтамасы);
4) Тапсырыс берушінің ақаулық актісімен қабылдау актісі.
3. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бөлінген қаражатты екінші деңгейдегі банктер арқылы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің және Ұлы Отан соғысынан оралмаған жауынгер жесірлерінің жеке есеп шотына аударсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Шаяхметовке жүктелсін.
5. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 1 сәуірінен бастап туындаған қатынастарға таралады.
Аудан әкімі Б. Сәрсенғалиев