Индер ауданының 1993 жылы туған азаматтарын 2010 жылы шақыру учаскесінде тіркеуді өткізу туралы

Жаңа

Атырау облысы Индер ауданы әкімінің 2010 жылғы 22 ақпандағы N 36 шешімі. Атырау облысының Әділет департаменті Индер ауданының әділет басқармасында 2010 жылғы 12 наурызда N 4-6-94 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабы 1 тармағы 13 тармақшасын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілермен әскерге шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы Ережені бекіту туралы" қаулысын басшылыққа ала отырып, ШЕШЕМІН:
      1. 2010 жылдың ақпан–наурыз айларында тіркеуге жататын 1993 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуді сапалы өткізу үшін құрылған аудандық комиссия құрамы бекітілсін (1 қосымша).
      2. Поселкелік, ауылдық және селолық округтердің әкімдеріне ауданның барлық елді мекендерінде тұратын 1993 жылы туылған және есепке тіркелмеген ер азаматтарды аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақыру учаскесінде тіркелуін қамтамасыз ету міндеттелсін.
      3. Аудандық емхананың бас дәрігеріне (А. Доспаева – келісім бойынша) қорғаныс істері жөніндегі бөлімге тіркеуге шақырылғандардың денсаулығын дәрігерлік тексеруден өткізу, негізгі және қосалқы құрамда дәрігерлік комиссия құру, оны қажетті маман медбикелермен толықтыру ұсынылсын (2 қосымша).
      4. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (Г. Сүйеуова) тіркеуге шақырылғандармен сапалы жұмыс жүргізуді қамтамасыз ету үшін тіркеу уақытында ақылы қоғамдық жұмыс есебінен техникалық қызметкерлер бөлу тапсырылсын.
      5. Аудандық ішкі істер бөліміне (А. Шалхаров – келісім бойынша) тіркеуді өткізу уақытында шақыру учаскесіне келмеген азаматтарды шұғыл іздестіру және қорғаныс істері жөніндегі бөлімге жеткізу, сондай–ақ азаматтардың тіркеуден жалтару әрекетін болдырмау мәселелері жөнінде бірлескен  жұмыстар жүргізу ұсынылсын.
      6. Аудандық білім беру бөліміне (Б. Мусағали) тіркеу уақытында шақырылғандармен әскери–патриоттық шаралар, насихат жұмыстарын жүргізу және аудан бойынша 1993 жылы туылған азаматтардың тіркеу комиссиясынан өту кестесіне сәйкес оқу орындарындағы азаматтардың тіркеуден толық өтуін қадағалау міндеттелсін.

      7. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге (Б. Сұлтанов) тендерден өткен жолаушылар тасымалдаушы жеке кәсіпкерлермен келісім– шарт жасап, тіркеуге жататын азаматтарды селолық, ауылдық округтерден шақыру учаскесіне жеткізу үшін автокөлік ұйымдастыру және тіркеудің өту қорытындысы жөнінде 2010 жылдың 5 сәуіріне дейін аудан әкіміне хабарлама дайындау ұсынылсын (келісім бойынша).

      8. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә. Балахметовке жүктелсін.
      9. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Аудан әкімі                               Ж. Рахметқалиев

Келісілді: 

Индер аудандық қорғаныс істері              Аудандық емхананың
жөніндегі бөлімнің бастығы: Б. Сұлтанов     бас дәрігері: А. Доспаева
22.02.2010 жыл                              22.02.2010 жыл

Аудандық ішкі істер бөлімінің
бастығы: А. Шалхаров
22.02.2010 жыл       

 Аудан әкімінің    
2010 жылғы 22 ақпандағы
№ 36 шешіміне 1 қосымша

1993 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуді
сапалы өткізу үшін құрылған аудандық комиссия құрамы

Сұлтанов Берік - аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы,
Сұлтанұлы        тіркеу комиссиясының төрағасы (келісім бойынша);
Шакимов Берік  - аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы, төрағаның
Жеңісұлы         орынбасары (келісім бойынша);
Комиссия мүшелері:
Бигамбаев Ерлан - аудандық ішкі істер бөлімі бастығының қызмет
Валерьевич       бабындағы орынбасары (келісім бойынша);
Доспаева Анар - аудандық аурухананың бас дәрігері, дәрігерлік
Хамидоллақызы   комиссияның төрайымы (келісім бойынша);
Гильманова Роза - медбике, комиссия хатшысы (келісім бойынша).
Кәрімқызы

Аудан әкімінің    
2010 жылғы 22 ақпандағы
№ 36 шешіміне 2 қосымша

Дәрігерлік комиссия құрамы: 

      1. Дерматолог - Каражанова Күляш;
      2. Кардиолог  - Тұнғатарова Айман;
      3. Медбике    - Мұқаналиева Жаңылсын;
      4. Медбике    - Имангазиева Марал;
      5. Медбике    - Ысқақова Дариға;
      6. Невропатолог - Ермеккалиева Айжан;
      7. Окулист - Кусайынова Анар;
      8. Отоларинголог - Аманова Таған;
      9. Психиатр - Бакенова Ханбибі;
      10. Рентгенолог - Кетебаев Сапарғали;
      11. Стоматолог - Жасақбаева Тамара;
      12. Терапевт - Ескалиева Жанар, Таудаев Қайыржан;
      13. Фтизиатр - Кетебаев Сапаргали;
      14. Хирург - Сапиев Каршыга, Ермуханов Асланбек.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады