Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Индер ауданы әкімдігінің 16.10.2012 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 3), 13), 14) тармақшаларына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5, 7 баптарына, Атырау облысы әкімдігінің 2009 жылғы 26 мамырдағы № 137 "Халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы" қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Индер ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 26 ақпандағы № 36 "Халықтың нысаналы топтарына арналған жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын құру туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдері мемлекеттік тіркеудің тізіміне № 4-6-96 тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
Халықтың мақсатты топтарынан жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын ұйымдардың тізіміне "ИндерГаз" және "Индер-Келбет" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері енгізілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә. Балахметовке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Аудан әкімі Ж. Рахметқалиев
Келісілді:
"ИндерГаз" ЖШС-нің директоры: А. Құсайынов
26 шілде 2010 жыл.
"Индер-Келбет" ЖШС-нің директоры: Б. Ізмағамбетов
26 шілде 2010 жыл
Аудан әкімдігінің
2010 жылғы 27 шілде
№ 150 қаулысымен бекітілген
Халықтың мақсатты топтарынан жұмыссыз азаматтарды жұмысқа
орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын ұйымдардың
тізімі
1. "ИндерГаз" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
2. "Индер-Келбет" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.