"Мақат ауданының құрметті азаматы" атағын беру ережесі туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Мақат аудандық мәслихатының 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 204-IV шешімі. Атырау облысының Әділет департаменті Мақат ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 14 мамырда № 4-7-116 тіркелді. Күші жойылды - Мақат аудандық мәслихатының 2012 жылғы 18 шілдедегі № 57-V шешімімен және Атырау Әділет Департаментінің 2012 жылғы 24 қазандағы № 3-6038/12 хатымен.

      Күші жойылды - Мақат аудандық мәслихатының 2012.07.18 № 57-V шешімімен және Атырау Әділет Департаментінің 2012.10.24 № 3-6038/12 хатымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148  "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабын басшылыққа алып, ШЕШЕМІЗ:
      1. Мақат аудандық Мәслихаттың "Мақат ауданының құрметті азаматы" атағын беру ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк 10 күн өткеннен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Аудандық Мәслихаттың кезекті
      ХХІІ сессиясының төрағасы               Ж. Ермұқанов

      Аудандық Мәслихаттың хатшысы            Т. Жолмағамбетов

Аудандық Мәслихаттың  
2010 жылғы 14 сәуірдегі
№ 204-ІV шешіміне қосымша

"Мақат ауданының құрметті азаматы" атағын беру ережесі
1. Жалпы ережелер

      "Мақат ауданының құрметті азаматы" атағы аудандық Мәслихаттың шешімімен беріледі. "Мақат ауданының құрметті азаматы" атағын беру патриоттық функцияны орындауға шақырады және Қазақстан Республикасы мен аудан алдындағы ерекше еңбегін қоғамның мойындауының көрінісі болып табылады.
      Сондай-ақ, "Мақат ауданының құрметті азаматы" атағын берудегі мақсат еңбек сіңірген азаматтардың есімдерін Мақат ауданының тарихында сақтау болып табылады.

2. Атақ беру жөніндегі талаптар

      2. "Мақат ауданының құрметті азаматы" атағы өмірбаяны Мақат ауданымен байланысты, мемлекеттік наградалары бар, төмендегі талаптардың біріне сәйкес келетін тұлғаларға беріледі:
      1) Ұлы Отан соғысы кезеңінде қаһармандық көрсеткендер және ерлік жасағандар немесе бейбіт уақытта кәсіби міндеттерін немесе азаматтық борышын орындау кезінде жеке ерлік жасағандар, сондай-ақ заңдылық пен құқық тәртібін нығайту жұмысына елеулі үлес қосқандар;
      2) өзін жергілікті мемлекеттік басқару саласында көрсете білген, ауданның дамуына, тәуелсіз егеменді Қазақстанның тұтастығын сақтауға елеулі үлес қосқан мемлекеттік және саяси қайраткерлерге;
      3) халық шаруашылығының салаларындағы инновациялық қызметі және озық технологияларды енгізгені үшін, сондай-ақ, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына белсенді ықпал еткендерге;
      4) аудан халқын сауықтыруға үлес қосқандарға, емдеу алдын-алу жұмысының үнемді және тиімді әдістерін енгізгені үшін;
      5) қоршаған ортаны қорғау және өңірдегі экологиялық ахуалды жақсарту саласында үлес қосқандарға;
      6) ғылымды, техниканы, әдебиетті, өнер мен қызметтің басқа түрлерін дамытуда елеулі үлес қосқандарға;
      7) Қазақстан Республикасының азаматтары өскелең ұрпақ бойында азаматтықты, мәдениеттілік пен патриотизмді тәрбиелеуде, сондай-ақ, білім беру сапасын жетілдіру мен арттыруда айрықша үлес қосқандарға;
      8) отандық спорттың әлемдік ареналарда даңқын шығарған олимпиадалық ойындардың, әлем чемпионаттарының және басқа халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне.

3. Атақ беру тәртібі

      3. "Мақат ауданының құрметті азаматы" атағы иеленуге үміткерлерді аудан әкімі ұсынады.
      4. Ұсынылған үміткерлердің:
      1) аудан әкімінің ұсынысы;
      2) өмірбаяндық мәліметі:
      3) ерекше еңбектерін растайтын құжаттары, Қазақстан Республикасының заңнамаларында көрсетілген мемлекеттік наградаларының тізбесі ұсынылады.
      5. "Мақат ауданының құрметті азаматы" атағын беру туралы ұсыным еңбек ұжымы мен қоғамдық бірлестіктердің қолдау хаттары негізінде жасалады.
      6. "Мақат ауданының құрметті азаматы" атағын беру туралы ұсыным аудандық Мәслихаттың сессиясында қаралады.
      7. "Мақат ауданының құрметті азаматы" атағын беру жылына бір рет жүргізіледі және ұсынылған үміткерлер қатарынан үш үміткерден тағайындалады.
      8. "Мақат ауданының құрметті азаматы" атағы алып тасталмаған немесе өтелмеген соттылығы бар тұлғаларға берілуі мүмкін емес.
      9. "Мақат ауданының құрметті азаматы" атағын беру туралы мәселенің қаралуы және шешімінің қабылдануы, атаққа ұсынылған тұлға болмаған кезде жүзеге асырылуы мүмкін.
      10. "Мақат ауданының құрметті азаматы" атағы беру туралы шешім аудандық Мәслихаттың сесиясында қатысқан депутаттар санының көпшілік даусымен, ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
      11. "Мақат ауданының құрметті азаматы" атағы берілген тұлға "Мақат ауданының құрметті азаматы" ерекше белгісімен марапатталады.
      12. "Мақат ауданының құрметті азаматы" атағы салтанатты және жариялық жағдайында аудандық Мәслихаттың хатшысы мен аудан әкімі тапсыратын куәлікпен және төсбелгімен расталады.
      13. "Мақат ауданының құрметті азаматы" атағы беру туралы аудандық Мәслихат шешімі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
      14. Мақат ауданының құрметті азаматының аты жұртшылықтың ұсынысымен кент, село, поселке көшелеріне Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген тәртіпте берілуі мүмкін.
      15. Атақ алған адам қайтыс болған жағдайда, оның құжаттары туысқандарының немесе мұрагерлердің қалауы бойынша мұражайларға берілуі мүмкін.
      16. "Мақат ауданының құрметті азаматы" атағын ие болған тұлға мерейтой күндеріне, мемлекеттік және өзге де ресми мерекелерге арналған ресми іс-шараларға қатысуға құқылы.
      17. "Мақат ауданының құрметті азаматы" атағына ие болған тұлға куәлік пен төсбелгімен қамтамасыз етілсін.
      18. "Мақат ауданының құрметті азаматы" атағынан айыру аудан әкімінің ұсынысы бойынша аудандық Мәслихат шешімімен мына жағдайларда:
      1) соттың айыптау үкімі заңды күшіне енгеннен кейін;
      2) атақ иесі "Мақат ауданының құрметті азаматы" атағын ұятқа қалдыратын теріс қылық жасағанда жүргізілуі мүмкін.
      19. Заңсыз сотталған және кейін сот толық ақтаған тұлғалардың "Мақат ауданының құрметті азаматы" атағы қалпына келтіріледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады