Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы ауданы Бірлік селолық округі әкімінің 2010.10.22 N 77 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағы негізінде, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасын басшылыққа алып, аудандық ономастикалық комиссияның 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 4 хаттамасына сәйкес ШЕШЕМІН:
1. Бірлік селолық округіне қарасты Бірлік селосындағы "Утеринская" көшесінің атауы "Әмірғали Мұқашев" көшесі деп өзгертілсін.
2. Шешім мемлекеттік тіркеуден өткен соң заңды күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан бастап күнтізбелік он күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімі А. Аманғалиев