Еңбекші селолық округіндегі "Жұмекен" елді мекен аумағында құтыру ауруына шектеу іс-шараларын жариялау туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 9 сәуірдегі № 133 қаулысы. Атырау облысы Әділет департаменті Құрманғазы ауданының әділет басқармасында 2010 жылғы 12 мамырда N 4-8-186 тіркелді. Күші жойылды – Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 22 маусымдағы № 246 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 22.06.2010 № 246 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 18 тармақшасын, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339-ІІ "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабының 2 тармағының 9 тармақшасын басшылыққа алып және Ауыл шаруашылығы Министрлігі Атырау облысы Құрманғазы аудандық аумақтық инспекциясының 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 107 ұсынысы негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Атырау облыстық ветеринариялық зертханасының 2010 жылғы 6 сәуірдегі № 15 сараптамасы бойынша Еңбекші селолық округінің "Жұмекен" елді мекенінде өлген бір бас иттің құтыру ауруына оң нәтиже беруіне байланысты "Жұмекен" елді мекеніне шектеу іс-шаралары жариялансын.
      2. Еңбекші селолық округінің "Жұмекен" елді мекеніне шектеу іс-шаралары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      3. Еңбекші селолық округ әкімі Ғ. Қалиевке, Ауыл шаруашылығы Министрлігі Атырау облысы Құрманғазы аудандық аумақтық инспекциясының бастығы С. Сәлімғалиевке (келісім бойынша), Құрманғазы аудандық ветеринария бөлімінің меңгерушісі Ә. Әбдірахманға, аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Е. Қуановқа (келісім бойынша), аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Ө. Сарбасовқа (келісім бойынша), аудандық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы К. Утаровқа (келісім бойынша) іс-шарадағы көрсетілген тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
      4. Осы іс-шаралардағы көрсетілген тапсырмалардың орындалуы жөніндегі ақпаратты апта сайын аудандық ветеринария бөліміне тапсыру ұсынылсын.
      5. Қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен соң күшіне енеді және ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

Аудан әкімі

А. Такешев

      Келісілді:
      Е. Қуанов - аудандық орталық аурухананың бас дәрігері;
Ө. Сарбасов - аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы;
К. Утаров - аудандық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының
бастығы;
С. Сәлімғалиев - Құрманғазы аудандық аумақтық инспекциясының бастығы.
 


Аудан әкімдігінің 2010 жылғы 9 сәуірдегі № 133 қаулысымен бекітілген қосымша

Еңбекші селолық округіндегі "Жұмекен" елді мекені бойынша жұқпалы ауыруының тарап кетуін болдырмау іс-шаралары


 

Атқаратын шаралардың мазмұны
 

Орындалу мерзімі
 

Орындалуына жауаптылар
 

1
 

Құтыру ауруы белгісі білінген жануарларды өртеп көмдіру, орнын залалсыздандыру, тексеру үшін зертханаға жіберуді ұйымдастыру
 

Тұрақты
 

Аудандық аумақтық инспекциясы (келісім бойынша), аудандық ветеринария бөлімі
 

2
 

Ауырған малмен қатынасы бар адамдарды дәрігерлік тексеруден өткізуді ұйымдастыру
 

Тұрақты
 

Аудандық орталық аурухана (келісім бойынша), аудандық санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау басқармасы (келісім бойынша)
 

3
 

"Жұмекен" елді мекеніндегі жеке қожалықтардың малдарын, ит, мысықты құтыру ауруына қарсы егістен өткізуді ұйымдастыру
 

Тұрақты
 

Аудандық аумақтық инспекциясы (келісім бойынша), аудандық ветеринария бөлімі
 

4
 

Бірлескен түрде ауру ошағы болып табылатын "Жұмекен" елді мекенінен мал және мал өнімдерін шығаруға қатаң тиым салу
 

Тұрақты
 

Аудандық ішкі істер бөлімі (келісім бойынша), аудандық ветеринария бөлімі, Еңбекші селолық округінің әкімі Ғ. Қалиев
 

   

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады