Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы аудандық мәслихатының 06.02.2013 № 117-V шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 5-тармағын, 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасын және аудан әкімдігінің 2010 жылғы 9 сәуірдегі № 134 қаулысы негізінде аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс жасайтын мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін бюджет қаражаты есебінен 5 000 (бес мың теңге) әлеуметтік көмек беру мөлшері белгіленсін.
2. Осы шешім Әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткен соң алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілсін.
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс
ХХVІІІ сессиясының төрағасы Ж. Шакупов
Аудандық Мәслихат хатшысы Р. Сұлтанияев