Нұржау селолық округінің "Сазды" учаскесінде "пастереллез"ауруына шектеу іс-шараларын жариялау туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 9 қарашадағы № 452 қаулысы. Атырау облысы Әділет департаменті Құрманғазы ауданының әділет басқармасында 2010 жылғы 01 желтоқсанда N 4-8-194 тіркелді. Күші жойылды – Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 23 желтоқсандағы № 504 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 23.12.2010 № 504 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 18 тармақшасын, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабының 2 тармағының 9 тармақшасын басшылыққа алып және Атырау облысы Құрманғазы аудандық Бас мемлекеттік ветеринариялық–санитариялық инспекторының 2010 жылғы 5 қарашадағы № 386 ұсынысы негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Атырау облыстық ветеринариялық зертханасының 2010 жылғы 5 қарашадағы № 62 сараптамасы бойынша Нұржау селолық округіндегі "Сазды" учаскесінде орналасқан Нұржау селолық округінің тұрғыны Серікбаева Дәметкеннің шаруа қожалығында өлген 2 (екі) бас мүйізді ірі қара малдарында "пастереллез" ауруы анықталуына байланысты, "Сазды" учаскесінің аумағына шектеу іс-шаралары жариялансын.
      2. Нұржау селолық округінің "Сазды" учаскесіне шектеу іс-шара Жоспары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      3. Нұржау селолық округінің әкімі Ж. Ғұмаровқа, Ауыл шаруашылығы Министрлігі Атырау облысы Құрманғазы аудандық аумақтық инспекциясының бастығы С. Сәлімғалиевқа (келісім бойынша), Құрманғазы аудандық ветеринария бөлімінің меңгерушісі Ә. Әбдірахманға, "Құрманғазы аудандық орталық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері Е. Куановқа (келісім бойынша), аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Ө. Сарбасовқа (келісім бойынша), аудандық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бас дәрігерінің міндетін атқарушы А. Бисеновке (келісім бойынша) іс-шарадағы көрсетілген тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
      4. Іс-шаралардағы көрсетілген тапсырмалардың орындалуы жөніндегі ақпаратты апта сайын аудандық ветеринария бөліміне тапсыру ұсынылсын.
      5. Осы қаулының орындалуын қадағалауды өзіме қалдырамын.
      6. Қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

Аудан әкімінің
 
 


 
 

міндетін атқарушы
 
 

А. Муфтах
 
 

      Келісілді:
      Бисенов А. - Аудандық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бас дәрігерінің міндетін атқарушы;
      Куанов Е. - "Құрманғазы аудандық орталық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері;
      Сарбасов Ө. - Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы;
      Сәлімғалиев С. - Қазақстан Республикасы Атырау облысы Ауыл шаруашылығы Министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Құрманғазы аудандық аумақтық инспекция бастығы.
 


Аудан әкімдігінің 2010 жылғы
9 қарашадағы № 452 қаулысымен
бекітілген қосымша

Нұржау селолық округіндегі "Сазды" учаскесінде өлген (екі) бас мүйізді ірі қара малдарында "пастереллез" ауруы анықталуына байланысты, ауруға қарсы шектеу іс-шара ЖОСПАРЫ

р/с
 

Атқарылатын шаралардың мазмұны
 

Орындалу мерзімі
 

Орындалуына жауаптылар
 

1
 

Пастереллез ауруына бейім малдарды термометрия жасап, клиникалық тексеру жүргізіп отыру
 

тұрақты
 

Нұржау селолық округ әкімі аппараты, аудандық аумақтық инспекциясы (келісім бойынша), аудандық ветеринария бөлімі
 

2
 

Ауру немесе ауруға күдікті малдарды тез арада бөлектеп, емдеу
 

тұрақты
 

Нұржау селолық округ әкімі аппараты, аудандық аумақтық инспекциясы (келісім бойынша), аудандық ветеринария бөлімі
 

3
 

Шектеу аймағындағы сау малдарды пастереллез ауруына қарсы вакцина қолдану нұсқамасына сай шұғыл вакцинациялау және вакцинацияланған малдарды 14 күн ветеринариялық бақылауда ұстау
 

тұрақты
 

Нұржау селолық округ әкімі аппараты, аудандық аумақтық инспекциясы (келісім бойынша), аудандық ветеринария бөлімі
 

4
 

Ауруға күдікті малдар орналасқан қора–жайлар әрбір ауру мал шыққан сайын және одан кейін әр 10 күн сайын шектеу алынғанға дейін дезинфекциялау
 

тұрақты
 

Аудандық аумақтық инспекциясы (келісім бойынша), Аудандық ішкі істер бөлімі (келісім бойынша), аудандық ветеринария бөлімі, Нұржау селолық округ әкімі аппараты
 

5
 

Аурып өлген мал өлексесін өртеп, залалсыздандырып, көмдіру
 

тұрақты
 

Нұржау селолық округ әкімі аппараты, аудандық аумақтық инспекциясы (келісім бойынша), аудандық ветеринария бөлімі
 

6
 

Індет ошағынан жануарларды шығаруға және сойып шығаруға, індет ошағына пастереллезге бейім малдарды кіргізуге тиым салынады
 

тұрақты
 

Аудандық аумақтық инспекциясы (келісім бойынша), аудандық ветеринария бөлімі, Аудандық ішкі істер бөлімі (келісім бойынша), Аудандық мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасы (келісім бойынша), Нұржау селолық округ әкімі аппараты
 


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады