Ескерту. Күші жойылды – Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 24.12.2010 № 506 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 18 тармақшасын, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабының 2 тармағының 9 тармақшасын басшылыққа алып және Атырау облысы Құрманғазы аудандық Бас мемлекеттік ветеринариялық–санитариялық инспекторының 2010 жылғы 28 қазандағы № 370 ұсынысы негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Атырау облыстық ветеринариялық зертханасының 2010 жылғы 22 қазандағы № 60 сараптамасы бойынша Теңіз селолық округіндегі "Бажан" учаскесінде орналасқан Ганюшкин селолық округінің тұрғыны Қаусова Ақжамалдың шаруа қожалығында өлген 3(үш) бас мүйізді ірі қара малдарында "қарасан (эмкар)" ауруы анықталуына байланысты, "Бажан" учаскесінің аумағына карантин жариялансын.
2. Карантиндік іс-шара жоспары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. Теңіз селолық округі әкімі Б. Утеулиевке, Ауыл шаруашылығы Министрлігі Атырау облысы Құрманғазы аудандық аумақтық инспекциясының бастығы С. Сәлімғалиевқа (келісім бойынша), Құрманғазы аудандық ветеринария бөлімінің меңгерушісі Ә. Әбдірахманға, "Құрманғазы аудандық орталық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері Е. Куановқа (келісім бойынша), аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Ө. Сарбасовқа (келісім бойынша), аудандық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы К. Утаровқа (келісім бойынша) іс-шарадағы көрсетілген тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
4. Іс-шаралардағы көрсетілген тапсырмалардың орындалуы жөніндегі ақпаратты апта сайын аудандық ветеринария бөліміне тапсыру ұсынылсын.
5. Осы қаулының орындалуын қадағалауды өзіме қалдырамын.
6. Қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің |
|
міндетін атқарушы |
А. Муфтах |
Келісілді:
Бисенов А. - Аудандық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бас дәрігерінің міндетін атқарушы;
Куанов Е. - "Құрманғазы аудандық орталық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері;
Сарбасов Ө. - Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы;
Сәлімғалиев С. - Қазақстан Республикасы Атырау облысы Ауыл шаруашылығы Министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Құрманғазы аудандық аумақтық инспекция бастығы.
Аудан әкімдігінің |
"Теңіз" селолық округіндегі "Бажан" учаскесінде өлген 3(үш) бас мүйізді ірі қара малдарында "қарасан (эмкар)" ауруы анықталуына байланысты, ауруға қарсы карантиндік іс-шара
ЖОСПАРЫ
р/с |
Атқарылатын шаралардың мазмұны |
Орындалу мерзімі |
Орындалуына жауаптылар |
1 |
Қарасан (эмкар) ауруы белгісі білінген жануарларды бөлектеп, орнын залалсыздандыруды ұйымдастыру |
тұрақты |
Аудандық аумақтық инспекциясы (келісім бойынша), аудандық ветеринария бөлімі |
2 |
"Бажан" учаскесіндегі жеке қожалықтардағы 3 айдан 4 жас аралығындағы сиыр малдарын, 6 айдан жоғары жастағы қойларды қарасанға қарсы егістен өткізуді ұйымдастыру |
тұрақты |
Аудандық аумақтық инспекциясы (келісім бойынша), аудандық ветеринария бөлімі |
3 |
Бірлескен түрде, ауру ошағы болып табылатын "Бажан" учаскесінде мал союға, карантин аумағынан сиыр, қой малдарын шығаруға, әкелуге тиым салуға |
тұрақты |
Аудандық ішкі істер бөлімі (келісім бойынша), аудандық ветеринария бөлімі, "Теңіз" селолық округ әкімі Б. Утеулиев |
4 |
"Бажан" учаскесінде еріксізден сойылған мал етін және өнімдерін ветеринариялық мамандардың рұқсатынсыз сатуға қатаң тиым салу |
тұрақты |
Аудандық ішкі істер бөлімі (келісім бойынша), аудандық ветеринария бөлімі, "Теңіз" селолық округ әкімі Б. Утеулиев |
5 |
Карантин салынған аумақта дайындалған жем-шөпті және басқада мал азығын сыртқа шығаруға тиым салынады |
тұрақты |
Аудандық аумақтық инспекциясы (келісім бойынша), аудандық ветеринария бөлімі, Аудандық ішкі істер бөлімі (келісім бойынша) |
6 |
Қарасан ауруымен ауырып өлген малдың өлекселері өртеліп, мал қорымдарына көмуді ұйымдастыру |
тұрақты |
Аудандық аумақтық инспекциясы (келісім бойынша), аудандық ветеринария бөлімі |