1994 жылы туған азаматтарды 2011 жылы шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімінің 2010 жылғы 21 желтоқсандағы № 88 шешімі. Атырау облысы Құрманғазы ауданының әділет басқармасында 2011 жылғы 28 қаңтарда N 4-8-199 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 25 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімінің 25.05.2011 № 25 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 1617 және 44 баптарын, 2001 жылы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабының 1 тармағы 13 тармақшасын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы" Ережесін басшылыққа алып, ШЕШЕМІН:
      1. 2011 жылдың қаңтар-наурыз айларында Атырау облысы Құрманғазы ауданының 1994 жылы туған азаматтарын, сондай-ақ бұрын тіркеуден өтпеген 27-жасқа дейінгі азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу жұмыстары ұйымдастырылып, жүргізілсін.
      2. Қосымшаға сәйкес, Құрманғазы ауданы бойынша азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді өткізу үшін тіркеу комиссиясының құрамы (келісім бойынша) бекітілсін.
      3. Аудандық қаржы бөлімі (З. Карсакова) 2011 жылы бекітілген бюджетке сәйкес, шақыру учаскелеріне азаматтарды тіркеуді өткізу жөніндегі шығындарды жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      4. Аудандық ішкі істер бөліміне (Ж. Қаспанов - келісім бойынша) шақырылушыларды шакыру учаскелеріне тіркеу кезеңінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуді, белгіленген мерзімде шакыру учаскелеріне келмеген азаматтарды іздестіруді және Құрманғазы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне жеткізу, сондай-ақ азаматтардың тіркеуден жалтару әрекетін болдырмау мәселелері жөніндегі іс-қимылдарды ұйымдастыру ұсынылсын.
      5. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (С. Рахимов) азаматтарды тіркеу учаскесінің жұмысы кезінде Құрманғазы ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің сұраныс бойынша техникалық жұмысшыларды бөлу жүктелсін.
      6. Осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін, алғаш рет жарияланғаннан бастап, он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі:                            А. Такешев

Келісілді:
Альберт Бекмуханов - Құрманғазы аудандық Қорғаныс істері жөніндегі
                     бөлім бастығының уақытша міндетін атқарушысы;
Жанкелды Қаспанов  - Құрманғазы аудандық ішкі істер бөлім бастығының
                     уақытша міндетін атқарушысы;
Қуанов Еркінбай   - "Құрманғазы аудандық орталық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның бас дәрігері.

Аудан әкімінің 2010 жылғы 
21 желтоқсандағы № 88  
шешімімен бекітілген қосымша

Құрманғазы ауданы бойынша азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді өткізу үшін тіркеу комиссиясының құрамы

Альберт Бекмуханов - Құрманғазы ауданының Қорғаныс істері жөніндегі
                     бөлім бастығының уақытша міндетін атқарушысы,
                     комиссия төрағасы;
Муса Абдуррахман   - Аудан әкімінің орынбасары төраға орынбасары;
      Комиссия мүшелері:
Айтимов Ербай      - Аудандық ішкі істер бөлімінің орынбасары;
Нсанов Рахметолла - "Құрманғазы аудандық орталық ауруханасы"
                     коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның
                     аға-дәрігері-хирург, дәрігерлік комиссиясының
                     төрағасы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады