Конго-қырым қанды қызбасының алдын алу және жою жөніндегі іс-шаралар туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы 26 сәуірдегі N 174 Қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2010 жылғы 27 сәуірде N 2025 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 17 мамырдағы № 129 қаулысымен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы әкімдігінің 17.05.2017 № 129 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, сондай-ақ облыста Конго-қырым қанды қызбасымен (ары қарай – КҚҚҚ) ауру жағдайларының тіркелуіне байланысты, Оңтүстік Қазақстан облысындағы КҚҚҚ ошақтарын тексеру мен анықтау және ошақтарды ескерту, алдын алу және емдеу жұмыстары бойынша іс-шараларды тиімді ұйымдастыру үшін облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Облыстың аудан және қала әкімдері заңмен белгіленген тәртіппен:

      1) ауыл шаруашылық жануарларын, мал қора мен басқа да қосалқы жайларын кенеге қарсы алдын ала өңдеуді, сондай-ақ халық демалатын орындарды өңдеуді ұйымдастырсын;

      2) малдарды жазғы жайылымдарға шығару барысында, фермалардың, жазғы лагерлердің, мал қоралар мен басқа да нысандардың (тыныс жайлар) жазғы уақытша жайларында кенелердің бар-жоқтығына көктемде, жазда және күзде айына кеміне 1 рет тексерулерді ұйымдастырсын;

      3) кенеге қарсы өңдеуге дейін қора жайлар мен аумақтарды қи мен қоқыстан механикалық тазалауды, барлық саңылауларды, жарылған жерлерді, індерді алдын ала оларды мазут, автол, креолин сіңірілген сазбен бекітіп, жөндеу жұмыстарын ұйымдастырсын;

      4) тиісті аумақтағы санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдарының КҚҚҚ ошағының тіркелуі туралы мәліметі және зоологтық-паразитологиялық жағдайдың мониторингісін талдау негізінде физикалық-географиялық және әлеуметтік-шаруашылық сипаттамасын ескере отырып елді мекендерді КҚҚҚ аурушаңдығы бойынша қолайсыз аумақтар тізіміне қосу жөнінен шаралар қабылдасын;

      5) 2010 жылдың 30 сәуіріне дейін елді мекендерді толығымен қажетті мал тоғыту ванналарымен қамтамасыз етсін;

      6) 2010 жылдың 30 сәуіріне дейін жануарлардың қашарларын залалсыздандырудан өткізуді, 2010 жылдың 5 мамырына дейін ауыл шаруашылық жануарларын залалсыздандыруды, 2010 жылдың 10 мамырына дейін уақ малдарды тоғыту жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етсін;

      7) 2010 жылдың 30 сәуіріне дейін жергілікті жердегі елді мекендер маңындағы мал жайылымдарының, мал суаттарының, мал көп шоғырланатын орындардың көлемін анықтап, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына ұсынсын;

      8) әрбір өңделген орынды зертханалық зерттеуден өткізуді қамтамасыз етсін және өңдеудің төлемақысын көрсетілген зерттеулердің нәтижесі бойынша төлесін.

      2. Облыстың аудан және қала әкімдері, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментіне (А.Ө.Әбдіразақов, келісім бойынша) заңмен белгіленген тәртіппен мыналар ұсынылсын:

      1) кенеге қарсы қорғау аумағын құрсын;

      2) кенелердің санын азайту үшін құрғақ бұтақтарды қопару, ферма маңындағы жайылымның ескі өсімділерін, ауыл айналасындағы және көктемгі, жазғы мал жайылымдары маңындағы кеміргіштердің індерін өңдеу жұмыстарын ұйымдастырсын.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментіне (А.Ө.Әбдіразақов, келісім бойынша) заңмен белгіленген тәртіппен мыналар ұсынылсын:

      1) КҚҚҚ науқасы тіркелген, ол ауруханаға жатқызылған және/немесе қайтыс болған жағдайда, оның тұрғын үйін, мал қорасы мен қосалқы жайларын кенеге қарсы өңдеуді ұйымдастырсын;

      2) КҚҚҚ ауруымен тіркелген адамдар ауырған жағдайда алғашқы медициналық-санитарлық көмек мекемелерімен бірлесіп елді мекендерде аула жайларды аралап, халықты сұрау (қарау) арқылы КҚҚҚ ауруларын белсенділікпен анықтау және алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету жұмыстарын жүргізсін;

      3) КҚҚҚ ауруларының алдын алу мақсатында атқарылатын іс-шаралар мониторингін жүргізуді қамтамасыз етсін;

      4) КҚҚҚ ошақтарында залалсыздандыруды сапалы жүргізуді қамтамасыз етсін.

      4. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Ж.Исмаилов) заңмен белгіленген тәртіппен:

      1) кене шаққан адамдарды дер кезінде анықтап, оларды оқшаулауды және білікті түрде емдеуді қамтамасыз етсін;

      2) ауру жұқтырған адамдардың және тиісті ем алушылардың есебін қамтамасыз етсін;

      3) қан сықпасы мен рибовириннің қажетті қорын құру жөнінен шаралар қабылдасын;

      4) аурулармен тығыз қатынаста болған адамдарға үнемі медициналық бақылау жүргізсін.

      5. Облыстық білім басқармасы (Б.Көмекбаева) заңмен белгіленген тәртіппен:

      1) мектеп оқушыларының әскери-дала жиындарын білім беру мекемелерінде өткізуді қамтамасыз етсін;

      2) КҚҚҚ жағдайы тұрақталғанға дейін жазғы сауықтыру лагерлерінің жұмысы уақытша тоқтатсын.

      6. Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы (Б.Көшербай) заңмен белгіленген тәртіппен 2010 жылдың 30 сәуірінен 22 қазанына дейін ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің аумағына жеке тұлғалардың демалысқа баруларына шектеу қойсын.

      7. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің "Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" мемлекеттік мекемесіне (Ж.Тұрғанов - келісім бойынша) заңда белгіленген тәртіппен 2010 жылдың 30 сәуірінен 22 қазанына дейін жеке тұлғалардың парк аумағында демалыс өткізулеріне шектеу қою ұсынылсын.

      8. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясына (Д.Айтбай, келісім бойынша) заңда белгіленген тәртіппен мыналар ұсынылсын:

      1) иксодты кенелерге қарсы қажетті ветеринарлық іс-шаралардың сапалы жүргізілуін бақылауға алсын;

      2) жануарларды залалсыздандыру барысында жергілікті жердегі температуралық жағдайды, дезинсекциондық эмульсияның пайыздық көрсеткіштерін және кенелердің белсенділігін бақылауға алсын;

      3) қашарларды дезинсекциялау іс-шараларының сапалы жүргізілуін бақылауға алсын;

      4) өңдеу жұмыстарын жүргізу үшін басқа облыстардан қосымша құрал жабдықтары мен техниканы тарту жұмыстарын жүргізсін.

      9. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясына (Д.Айтбай, келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментіне (А.Ө.Әбдіразақов, келісім бойынша) заңмен белгіленген тәртіппен 2010 жылдың 30 сәуіріне дейін мал базарларда ветеринарлық-санитарлық талаптардың орындалуын бақылауға алу, тиісті органдармен бірлесе отырып ауыл шаруашылық жануарларының қозғалысын бақылауға алу, қажет болған жағдайда уақытша жабу туралы ұсыныс беру ұсынылсын.

      10. Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы (Қ.Ыдырысов) заңда белгіленген тәртіппен:

      1) энзоотиялық ауруларды болдырмау үшін 2010 жылдың көктем мезгіліне бөлінген дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету шараларын қабылдасын;

      2) облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасымен бірлесіп залалсыздандыру шараларының шығын есептерін республикалық бюджет комиссиясына тапсыру үшін ұсыныс дайындасын;

      3) КҚҚҚ қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстар бойынша облыстың аудан, қала әкімдіктерінің қызметіне мониторинг жүргізуді үйлестіруді қамтамасыз етсін;

      4) күнделікті облыс әкімдігіне КҚҚҚ туралы мәлімет берсін.

      11. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Ж.Исмайлов), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментіне (А.Ө.Әбдіразақов, келісім бойынша) заңмен белгіленген тәртіппен халық арасында КҚҚҚ ауруының алдын алу мақсатында санитарлық-ағарту жұмыстарының жүргізілуін қамтамасыз ету ұсынылсын.

      12. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      13. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Б.С.Оспановқа жүктелсін.

      Облыс әкімі А.Мырзахметов
      Облыс әкімінің
      бірінші орынбасары Б.Оспанов
      Облыс әкімі
      аппаратының басшысы Б.Жылқышиев
      Облыс әкімінің орынбасары Е.Айтаханов
      Облыс әкімінің орынбасары Б.Әлиев
      Облыс әкімінің орынбасары Ә.Бектаев
      Облыс әкімінің орынбасары С.Қаныбеков
      Облыстық экономика және бюджеттік
      жоспарлау басқармасының бастығы Е.Садыр
      Облыстық қаржы
      басқармасының бастығы Г.Морозова
      КЕЛІСІЛГЕН:
      Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау министрлігі
      мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық
      қадағалау комитетінің Оңтүстік
      Қазақстан облысы бойынша
      департаменті директоры А.Әбдіразақов
      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрлігі
      агроөнеркәсіптік кешендігі мемлекеттік
      инспекция комитеті
      Оңтүстік Қазақстан облыстық
      аумақтық инспекциясының бастығы Д.Айтбай
      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрлігі
      Орман және аңшылық шаруашылығы
      комитетінің "Сайрам-Өгем мемлекеттік
      Ұлттық табиғи паркі"
      мемлекеттік мекемесінің бас директоры Ж.Тұрғанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады