Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 30.07.2013 № 201 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Су кодексінің 39, 116, 125-баптарына және Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 134-бабына, "Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 42 қаулысына сәйкес жер үсті суларының ластануын, бітелуі мен сарқылуын болдырмау, сондай-ақ жануарлар мен өсімдіктер дүниесін сақтау мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бекітілген жобалық-техникалық құжаттамалар негізінде Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент, Арыс қалалары және Сайрам, Төлеби, Сарыағаш, Қазығұрт, Түлкібас, Ордабасы, Бәйдібек, Отырар, Созақ аудандарындағы Бадам, Арыс, Ақсу, Келес, Машат, Боралдай, Шаян, Сайрамсу, Бөржар өзендерінің, Қызылкөл, Көлкент көлдерінің, Текесу, Шілтер, Ұзынбұлақ, Ащы, Тоғыс, Бөген, Бадам тоғандарының және Шардара, Мақтаарал, Сарыағаш аудандар аумағындағы Шардара су қоймасының су қорғау аймақтары мен белдеулері орнатылсын.
2. Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент, Арыс қалаларының, Сайрам, Төлеби, Сарыағаш, Қазығұрт, Түлкібас, Ордабасы, Бәйдібек, Отырар, Созақ, Шардара, Мақтаарал аудандарының әкімдері және қоршаған ортаны қорғау қызметін жүзеге асыратын уәкілетті орган Шу-Талас экология департаментінің Оңтүстік Қазақстан филиалы (келісім бойынша) ұсынылады өз өкілеттігінің шегінде:
1) су қорғау аймақтары мен белдеулерін пайдалану режимінің сақталуын қамтамасыз етсін;
2) заңда белгіленген тәртіппен су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырсын;
3) жер үсті суларының ластануы мен сарқылуын болдырмау, сондай-ақ жануарлар мен өсімдіктер дүниесін сақтау үшін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы Бадам, Арыс, Ақсу, Келес, Машат, Боралдай, Шаян, Сайрамсу, Бөржар өзендерінің, Қызылкөл, Көлкент көлдерінің, Текесу, Шілтер, Ұзынбұлақ, Ащы, Тоғыс, Бөген, Бадам тоғандарының және Шардара су қоймасының санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сай келетін күйде ұстау жөнінде кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізсін.
3. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Бадам, Арыс, Ақсу, Келес, Машат, Боралдай, Шаян, Сайрамсу, Бөржар өзендерінің, Қызылкөл, Көлкент көлдерінің, Текесу, Шілтер, Ұзынбұлақ, Ащы, Тоғыс, Бөген, Бадам тоғандарының және Шардара су қоймасының су қорғау аймақтары мен белдеулері шегіндегі шаруашылық пайдалану режимі белгіленсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Б.С.Оспановқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі А.Мырзахметов
КЕЛІСІЛДІ:
Шу-Талас экология департаментінің
Оңтүстік Қазақстан филиалының
директоры А.Р.Атымтаев
«15» қыркүйек 2010 жыл
Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2010 жылғы
15 қыркүйектегі № 324 қаулысына
қосымша
Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент, Арыс қалалары және Сайрам, Төлеби, Сарыағаш, Қазығұрт, Түлкібас, Ордабасы, Бәйдібек, Отырар, Созақ, аудандарындағы Бадам, Арыс, Ақсу, Келес, Машат, Боралдай, Шаян, Сайрамсу, Бөржар өзендерінің, Қызылкөл, Көлкент көлдерінің, Текесу, Шілтер, Ұзынбұлақ, Ащы, Тоғыс, Бөген, Бадам тоғандарының және Шардара, Мақтаарал, Сарыағаш аудандарындағы Шардара су қоймасының су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шаруашылық пайдалану режимі туралы:
1. Қазақстан Республикасы Су кодексінің 125 бабына сәйкес су қорғау белдеулері шегінде мыналарға тыйым салынады:
1) су объектілерінің сапалық және гидрологиялық жай-күйін нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық қызметіне немесе өзге де қызметке;
2) су шаруашылығы және су жинайтын құрылыстар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылыстарын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көлік инфрақұрылымдары объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, ғимараттар мен құрылыстарды салуға және пайдалануға;
3) бау-бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерін беруге;
4) су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген қазіргі бар объектілерді пайдалануға;
5) жекелеген учаскелерді шалғындандыруға, егін егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және өсімдік қабатын бұзатын жұмыстарды жүргізуге (оның ішінде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндіруге);
6) шатыр қалашықтарын, көлік құралдары үшін тұрақты тұрақтарды, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға;
7) тыңайтқыштардың барлық түрлерін қолдануға.
2. Қазақстан Республикасы Су кодексінің 125 бабына сәйкес су қорғау аймағы шегінде мыналарға тыйым салынады:
1) су объектілерін және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаға және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;
2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектілерге реконструкция жүргізуге, сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кәбіл, құбыр және басқа да коммуникацияларды төсеуге, белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен, уәкілетті органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен, энергиямен жабдықтау және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органдармен және басқа да мүдделі органдармен келісілген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргізуге;
3) тыңайтқыштар, пестицидтер, улы химикаттар мен мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пункттерін, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын төгетін құрылғыны, аппаратураларды пестицидтермен және улы химикаттармен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;
4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді, зираттарды, мал көмінділерін, сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының микробпен ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға;
5) жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;
6) су көздеріндегі су кемерінен екі мың метрге жетпейтін қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерін улы химикаттармен авиациялық өңдеу және авиация арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілін қолдануға;
7) концентрациясының жол берілетін шегі белгіленбеген пестицидтерді қолдануға, қардың үстіне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған сарқынды суды және тұрақты хлорорганикалық улы химикаттарды тыңайтқыш ретінде пайдалануға.
Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған жағдайда уыттылығы әлсіз және орташа тұрақсыз пестицидтерді қолдануға жол беріледі.