Шымкент қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 30 наурыздағы "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Қағидасы туралы" N 477 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 23 ақпандағы 258 Қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 9 наурызда N 14-1-109 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 216 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкімдігінің 2012.02.28 № 216 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2001 жылғы 23 қаңтарындағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" заңдарына сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу қағидасы туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 30 наурызындағы № 477 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 14-1-93 нөмірімен тіркелген, "Шымкент келбеті" "Панорама Шымкента" газеттерінде 2009 жылдың 17 сәуірінде жарияланған), "Шымкент қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 30 наурыздағы "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу қағидасы туралы" № 477 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 8 желтоқсандағы № 1801 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 14-1-104 нөмірімен тіркелген, "Шымкент келбеті" "Панорама Шымкента" газеттерінде 2010 жылдың 15 қаңтарында жарияланған) келесідей өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      аталған қаулымен бекітілген Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу қағидасында:
      6 тармақтағы "мәлімет берер күнге дейінгі соңғы айда төлем ақы қарызының жоқтығы туралы салық комитетінің анықтамасы" деген сөздер "салық төлеуші куәлігінің көшірмесі" деген сөздерге өзгертілсін;
      17 тармақ "заңына сәйкес" деген сөздерден кейін "жұмыс берушімен" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 А.Жетпісбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады