Шымкент қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 30 наурыздағы 477 "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Қағидасы туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 15 шілдедегі N 1114 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 27 тамызда N 14-1-119 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 216 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкімдігінің 2012.02.28 № 216 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына және "Өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын іске асыру шеңберінде облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер мен нысаналы даму трансферттерін және республикалық ұйымдарға бөлінетін қаражатты пайдалану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 наурыздағы № 259 қаулысына сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Қағидасы туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 30 наурыздағы № 477 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-1-93 нөмірімен тіркелген, 2009 жылдың 17 сәуірінде "Шымкент келбеті" "Панорама Шымкента" газеттерінің 25 (988) нөмірінде жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:
      Аталған қаулымен бекітілген Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Қағидасының 9-тармағы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
      "9. Шартта тараптардың міндеттері, жұмыстың түрлері, көлемі, еңбекақы төлеу мөлшері мен шарттары, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырудың мерзімі мен көздері қамтылуға тиіс";
      4-тарау алынып тасталсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Б.М. Нарымбетовке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 А.Жетпісбаев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады