Арыс қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 1 маусымдағы № 250 "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Қағидасы туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 10 маусымдағы N 290 Қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 28 маусымда N 14-2-96 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 27 қазандағы N 470 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласы   әкімдігінің 2011.10.27 N 470 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 18-1 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылдың 31 наурыздағы "Өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын іске асыру шеңберінде облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер мен нысаналы даму трансферттерін және республикалық ұйымдарға бөлінетін қаражатты пайдалану ережесін бекіту туралы" № 259 қаулысына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Қағидасы туралы" Арыс қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 1 маусымдағы № 250 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14-2-74 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 6 маусымында "Арыс ақиқаты" газетінің № 24 (5654) санында жарияланған) қаулысымен бекітілген қағидасына келесі өзгерістер енгізілсін:
      5-тармақта "еңбек ақы мөлшері" деген сөздері алып тасталсын;
      8-тармақ мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
      "Шартта тараптардың міндеттері, жұмыстың түрлері, көлемі, еңбек ақы төлеу мөлшері мен шарттары, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырудың мерзімі мен көздері қамтылуға тиіс".;
      9-тармақта "қарастыруы тиіс" деген сөздер "қарастырылады" деген сөзбен ауыстырылсын;
      4-тарау алып тасталсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 Қ.Сыдықов 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады