Арыс қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 18 мамырдағы № 237 "Жоғары білім беретін оқу орындарын, колледж және кәсіптік лицейлердің бітірушілеріне жастар тағылымдамасын ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 10 маусымдағы N 289 Қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 28 маусымда N 14-2-97 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласының әкімдігінің 2011 жылғы 16 ақпандағы N 42 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласы әкімдігінің 2011.02.16 N 42 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылдың 31 наурыздағы "Өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын іске асыру шеңберінде облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер мен нысаналы даму трансферттерін және республикалық ұйымдарға бөлінетін қаражатты пайдалану ережесін бекіту туралы" № 259 қаулысына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Жоғарғы білім беретін оқу орындардың, колледж және кәсіптік лицейлердің бітірушілеріне жастар тағылымдамасын ұйымдастыру туралы" Арыс қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 18 мамырдағы № 237 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14-2-73 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 6 маусымында "Арыс ақиқаты" газетінің № 24 (5654) санында жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
      қаулының 7-тармағы мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
      "Жастар тағылымдамасына қатысушылардың ай сайын нақты жұмыс атқарған уақыты үшін ағымдағы нысаналы трансферттерден аударылатын орташа айлық аударымдар мөлшерін міндетті зейнетақы жарналары мен жеке табыс салығын" қоса алғанда, жұмысқа орналастырылатын жоспарлы саны мен қатысу мерзімін ескере отырып, Уәкілетті органмен төленеді".
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 Қ.Сыдықов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады