2010 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 15 қаңтардағы N 2 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 8 ақпанда N 14-3-82 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 14 тамыздағы N 01-3-1-5037/1783 хатымен

       Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласы әкімдігінің 2012.08.14 N 01-3-1-5037/1783 хатымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысын орындау мақсатында, Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған 2010 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі бекітілсін.
      2. Қалалық еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Р.Қожабекова) бекітілген тізбеге сәйкес 2010 жылы қоғамдық жұмыстарға қарастырылған қаражат шегінде жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберуді жүзеге асырсын.
      3. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың еңбек ақысы 1 айлық жалақының ең төменгі мөлшерінде белгіленсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б.Алимановқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғаш жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 К.Табылдиев

Кентау қаласы әкімдігінің
2010 жылғы 15 ақпандағы
N 2 қаулысымен бекітілген

      2010 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі.

р/с

Ұйымдардың тізбесі

Жұмыстардың түрлері

Жұмыспен қамтылатындардың саны адам

1

Хантағы ауыл әкімі аппараты

Әлеуметтік маңызы бар және басқа да жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесу. Көгалдандыру, көріктендіру. Негізгі еңбек индикаторын анықтау.

35

2

Байылдыр ауыл әкімі әкім аппараты

Әлеуметтік маңызы бар және басқа да жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесу. Көгалдандыру, көріктендіру. Негізгі еңбек индикаторын анықтау.

20

3

Қарнақ ауыл әкімі аппараты

Әлеуметтік маңызы бар және басқа да жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесу. Көгалдандыру, көріктендіру. Негізгі еңбек индикаторын анықтау.

35

4

Ащысай ауыл әкімі әкім аппараты

Әлеуметтік маңызы бар және басқа да жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесу. Көгалдандыру, көріктендіру. Негізгі еңбек индикаторын анықтау.

35

5

Қалалық білім беру бөлімі

Әлеуметтік мәдени маңызы бар объектілерді жөндеуге көмектесу. Әлеуметтік маңызы бар және басқада жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесу. "Жазғы демалыс", Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және жетім балалармен жұмыстарды ұйымдастыру.

10

6

Ш. Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайы.

Аймақтық қоғамдық жұмыстарды өткізуге көмектесу. Әлеуметтік мәдени маңызы бар объектілерді экологиялық сауықтыру, көріктендіру.

10

7

Ішкі істер бөлімі

Бас бостандығынан айыру жазасына байланысты емес сотталғандар және бас бостандығынан айыру мекемелерінен босанып келген азаматтармен жұмыстар жүргізу. Әлеуметтік маңызы бар жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесу.

25

8

Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі.

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық ұйымдарына көмек көрсету және аймақты экологиялық сауықтыру, көгалдандыру, көріктендіру. Негізгі еңбек индикаторын анықтау.

355

9

Ішкі саясат бөлімі

Жастармен жұмыс жүргізу және ұйымдастыру. Әлеуметтік маңызы бар және басқада жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесу.

10

10

Еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Мүгедектер және ардагерлер қоғамымен бірлесе жұмыс жүргізу. Әлеуметтік маңызы бар және басқада жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесу.

15


Барлығы


550

      Ескертпе: Жұмыссыздардың қоғамдық жұмыстарда орташа жұмыс істеу мерзімі 1-6 ай. Іс жүзінде сұраныс пен ұсынысқа орай қоғамдық жұмыстардың кейбіріне қатысушылардың саны, қатысудың ұзақтығы, қоғамдық жұмыстардың түрлері және ұйымдардың тізбесі 2010 жылға арналған қалалық бюджетте қоғамдық жұмыстарды өткізуге қарастырылған қаражат шегінде өзгеруі мүмкін.
      Жұмыссыздардың еңбекақысы қалалық бюджеттің қаржысы есебінен бір айлық жалақының ең төменгі мөлшерімен төленеді. Жұмыссыздарды қоғамдық жұмысқа пайдаланатын ұйымдар үстеме ақы белгілеуі мүмкін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады