Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қалалық мәслихатының 29.03.2013 № 84 шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" кодексінің (Салық кодексі) 387-бабына сәйкес, Кентау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Жер салығының базалық ставкаларын жоғарылату туралы" Кентау қалалық мәслихатының 2009 жылғы 26 маусымдағы № 154 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тізілімінде 14-3-75 нөмірімен тіркелген, 2009 жылы 1 тамызда "Кентау шұғыласы" газетінің 32 нөмірінде жарияланған) шешімінің 1-тармағында "378, 379, 381, 383-баптарында белгіленген жер салығының базалық ставкалары" деген сөздерден кейін "автотұраққа, автомобиль май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған)" және казино орналасқан жерлерді қоспағанда" сөздерімен толықтырылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы М.Тұрысбеков
Қалалық мәслихатының хатшысы Е.Аширов