Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қалалық мәслихатының 29.03.2013 № 84 шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы N 99 Кодексінің (Салық кодексі) 378, 379, 381, 383, 387-баптарына және Кентау қалалық мәслихатының 2003 жылғы 28 қарашадағы N 13 "Кентау қаласы жерін аймақтарға бөлу схемасын бекіту туралы" шешіміне сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШТІ:
1. Жер салығының базалық ставкалары Салық кодексінің 378, 379, 381, 383-баптарында белгіленген жер салығының базалық ставкалары автотұраққа (паркингтерге), автомобиль май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған)" және казино орналасқан жерлерді қоспағанда 50 процентке жоғарылатылсын.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қалалық мәслихатының 2010.01.12 N 199; 2010.12.22 N 269 (2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады) Шешімдерімен.
2. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы К.Кульбаев
Қалалық мәслихатының хатшысы Е.Аширов