Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласы әкімдігінің 2011.10.31 N 331 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына және Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 18-1 бабының 4 тармағына сәйкес, Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Нысаналы топтардағы жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыру және әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Қағидасын бекіту туралы" Кентау қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 13 ақпандағы N 82 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 14-3-22 санымен тіркелген, 2006 жылғы 11 наурызда "Кентау шұғыласы" газетінің N 10 нөмірінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген қаулымен бекітілген Нысаналы топтардағы жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыру және әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Қағидасында:
15 тармағы алынып тасталсын.
2. Осы қаулы алғаш жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі Н.Қалмұрзаев