Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қалалық мәслихатының 29.03.2013 № 84 шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" кодексінің (Салық кодексі) 387-бабына сәйкес, Кентау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Жер салығының базалық ставкаларын жоғарылату туралы" Кентау қалалық мәслихатының 2009 жылғы 26 маусымдағы № 154 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тізілімінде 14-3-75 нөмірімен тіркелген, 2009 жылы 1 тамызда "Кентау шұғыласы" газетінің 32 нөмірінде жарияланған) шешімінің 1-тармағында автотұрақтарға деген сөзден кейін (паркингтерге) деген сөзбен толықтырылсын.
2. Осы шешім 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қалалық мәслихатының сессия төрағасы С.Күнтуаров
Қалалық мәслихатының хатшысы Е.Аширов