Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласы әкімдігінің 2011.10.31 N 331 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына сәйкес, Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қалалық коммуналдық меншік туралы" Кентау қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 6 тамыздағы № 246 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-3-77 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 19 қыркүйегінде "Кентау шұғыласы" газетінің 39 нөмірінде жарияланған) қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) Білім, мәдениет және дене шынықтыру мекемелері мүлкін жалға беру.";
көрсетілген қаулымен бекітілген қалалық коммуналдық мүлкін мүліктік жалға (жалдауға) беру жөніндегі нұсқаулықтың қосымшасындағы:
Жалға беру ақысының мөлшерін анықтауда қолданылатын жоғарылату коэффициентінің 1-тармағы алынып тасталсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М.Қонысовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі Н.Қалмұрзаев