Кентау қаласы мен қала маңын және елді мекендердің аумағын абаттандыру, көріктендіру ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қалалық мәслихатының 2010 жылғы 22 желтоқсандағы N 271 Шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласының Әділет басқармасында 2011 жылғы 24 қаңтарда N 14-3-107 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қалалық мәслихатының 2012 жылғы 5 маусымдағы № 35 Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау  қалалық мәслихатының 2012.06.05 № 35 Шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағы 8) тармақшасына15) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Заңының 22-бабы 2-тармағы 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінің 3-бабы 2-тармағына, 387-бабына сәйкес, Кентау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Қоса тіркелген Кентау қаласы мен қала маңын және елді мекендердің аумағын абаттандыру, көріктендіру ережесі бекітілсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихатының сессия төрағасы       С.Күнтуаров

      Қалалық мәслихатының хатшысы               Е.Аширов

Кентау қалалық мәслихатының
2010 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 271 шешімімен бекітілген

      Кентау қаласы мен қала маңын және елді мекендердің аумағын абаттандыру, көріктендіру       ЕРЕЖЕСІ

      1 бөлім. Жалпы ережелер

      1. Осы Кентау қаласы мен қала маңын және елді мекендердің аумағын абаттандыру, көріктендіру Ережесі (бұдан әрі – Ереже), Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Тұрғын үй қатынастары туралы", "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.
      Ереже Кентау қаласы мен қала маңын және елді мекендердің аумағын абаттандыру, көріктендіру саласында жеке және заңды тұлғалардың қарым-қатынасын реттейді және жауапкершілігін анықтайды және меншік нысанына, жалгерлердің, құрылыс жүргізушілердің, ғимараттардың, құрылыстардың және құрылғылардың иелеріне немесе меншік түрлеріне қарамастан барлық шаруашылық жүргізу құқығындағы субъектілерге таратылады.
      2. Осы Ережеде қолданылатын негізгі ұғымдар мен түсініктер:
      1) абаттандыру және көріктендіру – адамның өмір тіршілігіне ыңғайлы, жайлы және қауіпсіз ортаны қамтамасыз ететін элементтер мен жұмыстар кешені. Бұл жұмыстар кешені абаттандыру және көріктендіру элементтері мен нысандарды қорғау және жөндеу, пайдалану, ұстау, ұйымдастыруды келесі негізгі бағыттар бойынша ескереді: инженерлік абаттандыру және көріктендіру, сыртқы абаттандыру және көріктендіру, жарықтандыру, үй маңындағы аумақтарды абаттандыру және көріктендіру;
      2) бекітілген аумақ–санитарлық ұстау, абаттандыру және көріктендіруді ұйымдастыру жұмыстары кезінде бекітілген аумақ субъектілерінің келісімі бойынша Кентау қаласының және ауылдық әкімдері беретін абаттандыру және көріктендіру, жинау және ұстау төлқұжатында көрсетілген жер телімі.
      Абаттандыру және көріктендіру, жинау және ұстау төлқұжатының үлгісі осы Ережеде қоса берілген.
      Қала және елді мекендер шекарасында бекітілген нысандар болып табылатындар:
      қала және елді мекендер көшелері жағындағы бөлінген телімдер шекарасынан, өтпе жол шетімен шектелген аумақ;
      ішкі орамды учаскелік аумақ;
      ауланың ішкі аумағы – кішігірім сәулет түрлерін орнату үшін, балалар, кір жаятын, қоқыс жәшіктері алаңдарын, автокөлік тұрақтарын, сәндік бағаналарды орнату үшін қолданылатын, үйге кіретін жолдар, аулаға кіретін жолдар үшін пайдаланылатын (бір аулада бірнеше жер пайдаланушылар болса, онда бекітілген аймақ тең көлемде бөлінеді, әйтпесе келісім бойынша белгіленеді) жерлер;
      сақтау, жинақтау үшін және басқа да мақсаттарға уақытша пайдаланылатын аумақ;
      бөлінген және маңайындағы аумақ;
      инженерлік желілерінің қорғалатын аумақтары.
      Бекітілген аумақтық субъектілері болып жеке тұлға сияқты, заңды тұлға да бола алады:
      пәтер иелері кооперативтері және кондоминиумдер;
      ғимараттар мен орын-жайлардың иелері;
      жер уақытша немесе тұрақты пайдалануға берілген тұлғалар;
      3) Көшелердің санаты - қала жолдарын, көшелерін және кіру жолдарын жіктеу ондағы көлік қозғалысының қарқындылығына және олардың пайдаланылуы мен күтіп ұсталуына қойылатын ерекшеліктерге байланысты;
      4) Ірі көлемді қалдық - өзінің тұтыну қасиеттерін жоғалтқан, өздерінің көлемі бойынша арнаулы қоқыс жинайтын автокөлікпен тасымалдауға келмейтін қолданыстың және шаруашылық қызметінің қалдықтары (тұрмыстық техника, жиһаз);
      5) Шағын сәулеттік пішіндер - әсемдік үшін және іске жарамды сипаттағы нысандар:
      мүсіндер, су бұрқақтар, ойма бедерлер, гүлдерге арналған құмыралар, павильондар, сәкілер, орындықтар, қоқыс жәшіктері, балалар ойындарына және үлкендердің демалуына арналған жабдықтар мен конструкциялар;
      6) Жөн-жосықсыз төгілетін қоқыстар үйінділері – заңды және жеке тұлғалардың қызметі кезінде пайда болған қатты тұрмыстық қалдықтарды, өндіріс және құрылыс қалдықтары, басқа қоқыстар, өз еркімен (жөн-жосықсыз төгілетін) шығару (орналастыру) немесе үю;
      7) Бөлінген аумақ - заңнамада қарастырылған, құқықтарымен жеке және заңды тұлғаларға берілген (бекітілген), қала құрылысы құжаттарында және Мемлекеттік жер кадастрында белгіленген ауданы, шекарасы, тұрған жері, заңдық мәртебесі және басқа сипаттарға ие болатын қала аймағының бөлігі;
      8) Жерді пайдаланушы – мақсаты мен меншік түріне қарамастан қала шекарасында жер телімдерін пайдаланушы заңды немесе жеке тұлға;
      9) Маңайдағы аймақ – заңды және жеке тұлғалардың меншігінде, пайдалануында, жалға алған ғимараттың, үйме реттің, құрылыс алаңының, қоршаудың, сауда нысандарының, жарнама немесе басқа нысандардың шекарасына тұтасатын аймақ;
      10) Өтпе жолдары, (жүргін бөлік, өтетін жол) – тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарға, мекемелерге, кәсіпорындарға және басқа да аудандар, шағын аудандар, орамдар ішіндегі қалалық құрылыс нысандарына көліктердің кіруін қамтамасыз етуші жол элементі;
      11) Жолдарды күтіп ұстау – кешенді жұмыстар жиынтығы, нәтижесінде жол үйме реттерін, жолдарды, автомобиль жолдарын пайдалану талаптарына сай, көлік жүрісіне пайдалану жағдайында қалыпты ұстау;
      12) Қатты тұрмыстық қалдықтар– тұтынудың тұрмыстық қалдықтары;
      13) Өкілетті орган – энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласындағы қызметтерді орындауға өкілді мемлекеттік орган.

2 бөлім. Қаланы таза ұстау

1 тарау. Тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету

      3. Заңды және жеке тұлғалар қаланың бүкіл аймағында тазалық пен тәртіпті қолдауға, сонымен қатар жекеменшік үйлер аумағында көріктендіру элементтеріне (жолдарды, жаяу жүретін жолды, көгалдарды, шағын сәулет түрлерін, жарықтандыруды, су бұруларды) зақым келтіруге немесе бұзуға жол берілмейді.
      4. Қала және елді мекенді күнделікті күтіп ұстауды мамандандырылған кәсіпорындар жүзеге асырады және мынадай шараларды қамтамасыз етуге жұмылдырады:
      автомагистральдарды, жолдарды, көшелерді, инженерлік құрылымдарды (көпірлер, бөгеттер, жол өткізгіштер және осы сияқтылар), көше жарықтары нысандарын, шағын сәулет пішіндерін және басқа да нысандарын күтіп ұстау және қалпына келтіру;
      зираттарды күту;
      жасылдандыру және жасыл желектерді күту;
      қала және елді мекен аумағын қоқыстан, қалдықтардан жинау және оларды уақытылы шығаруды ұйымдастыру;
      қала және елді мекеннің тиісті санитарлық жағдайы: тұтынылған қалдықтарды жинауға арналған, қалдықтар үшін контейнерлер (арнайы көліктермен шығаруға арналған) қоятын, кір кептіретін, үй жануарларын серуендетін алаңдарды көріктендіру, нормативтік талаптарға сәйкес қоқыс жәшіктерін көпшілік пайдаланатын орындарға орнату;
      қала және елді мекен аумағын тазалау, суару, қоқыстарды жинау, қысқы мезгілде – қарды жинау және шығару, өтпе жолдарды және жаяу жүретін жолды тайғаққа қарсы қоспалар мен өңдеу, белгіленген және көметін орындарға тұтыныс қалдықтарын шығару, өзендерді, бұлақтарды, шұңқырларды, лотоктарды, нөсер суларының канализацияларын және басқа су өткізетін құрылғыларды қоқыстан тазарту;
      санитарлық қорғалатын аймақтардың нормативтік шектеуінде жүйелі түрде аумақты күтіп ұстау жұмыстарын;
      бүкіл қалалық және елді мекенде шаралар өткізу кезінде жекелеген жұмыстар.
      5. Барлық ұйымдық құқықтық түрдегі заңды тұлғалар, соның ішінде нақты және уақытша нысандардың иелері осы Ереженің төмендегі талаптарын орындайды:
      өз бетімен өзінің қаржысына немесе мамандандырылған кәсіпорындармен шартқа отыру жолымен күнделікті бөлінген және бекітілген аумағын көріктендіру және санитарлық жағдайын ұстауға;
      кез келген меншік нысанына ұқыпты қарауға;
      мемлекеттік меншік нысанына зиян келтірген жағдайда арнайы органдарға хабарлауға;
      көше аты мен үй нөмірі көрсетілген аншлагтарды техникалық дұрыс жағдайда және таза ұстауға;
      қоршауларды (дуалдарды) және шағын сәулет пішіндерін қалыпты жағдайда ұстауға.
      6. Барлық ұйымдық-құқықтық түрдегі заңды және жеке тұлғалардың құқығы бар:
      аумақты күтіп ұстау және көріктендіру жұмыстарын жүргізу үшін бірігуге;
      аумақтың күтімі туралы өкілетті органдардан ақпарат алуға;
      қала аумағының күтімі бойынша өтетін конкурстарға, басқа көпшілік шараларға қатысуға.
      7. Көшелерді, алаңдарды, саябақтарды, скверлерді және басқа қоғамдық орындарды ластауға болмайды.
      8. Қала және елді мекен аумағында тұрмыс және құрылыс қоқыстарын, өндіріс қалдықтарын, ыдыстарды, кесілген ағаштарды, жапырақтарды, қарды тастауға жол берілмейді.
      9. Ішкі аулаларымен қоса кәсіпорындарда да және жеке үйлердің де маңайында қоқыстарды, жапырақтарды, ыдыстарды, өндіріс және тұрмыстық қалдықтарын өртеуге, от жағуға болмайды.
      10. Кәріз су және нөсер сулары канализацияларына жер үсті суларын кәсіпорын аумағынан және инженерлік жүйелерден жіберу үшін канализациялық желілерді пайдаланатын кәсіпорындарының келісімі және келісім-шарты болуы керек.
      11. Су айдынына өндірістік кәсіпорындардан шыққан тазаланбаған суды Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің көзделген жағдайларында енгізілуі мүмкін.
      12. Үйлердің ішкі орамдарына және жалпы пайдаланатын жерлерде су бөлетін колонкаларда, су айдындарында, көпшілік демалатын орындарда, тұрғын үйлердің кіре берістерінде көліктерді жууға, тазалауға және жөндеуге болмайды.
      13. Автокөлік кәсіпорындарды және автокөлік иелері қала көшелеріне көліктерді таза қалпында шығарылады.
      14. Топырақты, қоқысты, шашылатын құрылыс материалдарын, жеңіл ыдыстарды, жапырақтарды, кесілген ағаштарды жолдарды ластауға жол бермейтін брезентпен немесе басқа материалмен жабылмаған күйінде тасуға болмайды.
      15. Көгалдарда, гүлзарларда, балалар ойнайтын, кір жаятын және қоқыс контейнерлері алаңдарында, ғимараттардың қақпаларына әртүрлі бағыттағы нысандарды орналастыруға, сондай-ақ автокөліктерді қоюға болмайды.
      16. Аула аумағының ішіндегі жолдарда арнайы көліктің өтуіне тосқауыл болатын балкаларды, блоктарды және аумақтарды оқшаулайтын өзге қоршауларды тұрғызуға және орнатуға, сондай-ақ олардың орналасуына қарамастан бөлшектенген көлік құралдарын қоюға, осыларға арнайы бөлінген тұрақтардан басқа жерлерде тұруына жол берілмейді.

2 тарау. Қала және елді мекен аумағын тазартуды ұйымдастыру

      17. Аумақтарды тазарту жұмыстарының шекарасын анықтау, заңды және жеке тұлғаларға бөлініп берілген аумақтарға сәйкес, осы Ереже негізінде орындалады:
      көше жол желілері, алаңдар, қоғамдық орындар (жалпы пайдаланылатын демалыс аймақтары, саябақтар, скверлер) бойынша – коммуналдық шаруашылығының өкілетті органымен мемлекеттік тапсырыс көлемінде;
      ішкі орамды және басқа да аумақтарды тазартудың шекарасы қала және ауылдық әкімдер беретін көріктендіру, жинау және ұстау төлқұжаты бойынша.
      18. Жинау жұмыстары осы Ереженің талаптарына, өкілетті органмен бекітілген нұсқаулар мен технологиялық ұсыныстарға сәйкес жүргізіледі.

3 тарау. Қала және елді мекен аумағын тазалау тәртібі

§ 1. Көшенің өтпе жолдарын тазарту

      19. Өтпе жолдардың бөліктерін барлық ені бойынша тазарту, алаңдардың, көшелердің және қалалық көше желілерін, сондай-ақ жағалаулар, көпірлер, жол желілерін күту мен тазалау жұмыстарын осы жұмыстардың өндірісінде уәкілетті органмен жасасқан мемлекеттік тапсырыс жасау шарты негізінде мердігер-кәсіпорындар жүргізеді.
      20. Жол төсемдерін үзіліссіз қоқыстан, батпақтан, қардан технологиялық тазарту жұмыстарын қамтамасыз ету үшін күнделікті автокөліктерді қоюға жол берілмейді және тыйым салуды білдіретіні туралы жол белгілерін қою арқылы белгіленеді.
      21. Магистральдардың, көшелердің және өтпе жолдардың жол төсемдерін осьтік және резервтік жолақтарын, жиектемеулерін сыпыру жұмыстары, алдын ала суланғаннан кейін, өкілетті органмен бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі.
      22. Жолдың жүргін бөлік жағы қандай да болмасын ластан толығымен тазартылуы тиіс. Қозғалыс сызығымен белгіленген, осьтік және резервтік жолақтары тұрақты түрде құм мен әр түрлі ұсақ қоқыстардан тазартылуы қажет.
      23. Бөлу жолағының көгал алаңын тазалау, жолдардың жүргін жағындағы, көгал алаңдардың қоршауларын, жолды көріктендірудің басқа да элементтерін ұстауды осы аумақтар балансына кіретін кәсіпорындар жүргізеді.
      24. Жолдардың жиектері ірі көлемді және басқа қоқыстардан тазартылуы қажет. Жұмыстарды жүргізу кезінде қоқысты көшелердің жүргін бөлік жағына және өтпе жолдарға шығаруға болмайды.

§ 2. Жаяу жүргіншілер жолдарын тазарту жұмыстары

      25. Көшелер мен жаяу жүргіншілер жолдары бойында орналасқан сондай-ақ жаяу жүргіншілер жолдарын, жағалаулар қоршауына іргелес жатқан жаяу жүргіншілер жолдарын жинау, аумақты көріктендіру, жинау және ұстау төлқұжаты бойынша жүргізіледі.
      26. Көпірлердегі, жаяу жүргіншілер жолдары желілеріндегі сондай-ақ инженерлік құрылғыларға және баспалдаққа шығатын жерлерге жалғасқан техникалық (кіре беріс жолдарын) жинауды, осы инженерлік құрылғылардың иесі болып табылатын кәсіпорындар жүргізеді.
      27. Саябақтар, скверлер, бульварлар, су айдындары, зираттар, соның ішінде жаяу жүргіншілер аймақтары, баспалдақтар алып жатқан жалпы пайдаланудағы жерлерді жинауды осы аумақ бекітілген және пайдалануды қамтамасыз ететін мекеме жүргізеді.
      28. Көшелер мен өтпе жолдардың бойында орналасқан басқа жаяу жүргіншілер жолдарын жинау жұмыстары жүретін жолдарды күтуге жауапты кәсіпорындар жүргізеді.
      29. Жаяу жүргіншілер жолдары толығымен топырақ құмнан, әр түрлі қоқыстан тазартылуы қажет.

§ 3. Аялдама және отырғызу алаңдарын тазарту

      30. Қалалық және елді мекендегі жолаушылар көлігінің аялдама алаңдарын жинауды жолдарға тазарту жұмыстарын жүргізуші ұйымдар атқарады. Аялдама алаңдары толығымен топырақ құмнан, әр түрлі қоқыстан тазартылуы қажет.
      31. Қалалық және елді мекендегі қоғамдық көліктердің отырғызу алаңдарын жинауды иелері, сауда аялдама кешендерін жалға алушылар жүргізеді, ал олар жоқ болса жақын арада орналасқан (бекітілген маңайдағы аймақ шегінде) жалға алушылар, сауда кешендерінің, тұрғын емес жайлардың, ғимараттардың иелері, жолдарды тазалайтын кәсіпорындар жинауды жүргізеді. Отырғызу алаңшаларын тазарту жөніндегі жұмыстардың шекарасы көріктендіру, жинау және ұстау төлқұжатында көрсетіледі.
      32. Жолаушылар павильондарын және оларға іргелес жатқан қоғамдық жолаушылар тасымалдау көлігі аялдамаларын жинау мен жуу жұмыстары олардың иелерімен немесе көшенің жүргін жолдарын жинауды жүзеге асыратын кәсіпорындармен жүргізіледі.

§ 4. Қала және елді мекен аумақтарын тазарту

      33. Маңайдағы жатқан және бөлініп берілген аумақтарды, қала және елді мекен көшелерінің оларға кіретін жолдарын меншігінде және пайдаланылуында ғимараттары бар заңды және жеке тұлғалар тазарту мен күту жұмыстары өз күштерімен немесе шарт бойынша мамандандырылған кәсіпорын арқылы жүргізеді.
      34. Автотұрақтарды және қалташаларды тазалау мен күту жұмыстарын осы аумақ бекітілген субъекті жүзеге асырады. Автотұрақтың иесі немесе ғимаратты, жер телімін пайдаланушы өзгерген кезде оны күту жаңа иесіне жүктеледі.
      35. Жеке тұрған жарнама объектілеріне іргелес жатқан аумақты, жарнама құрылғысынан радиусі бес метрдей жерді тазарту жұмыстарын, жарнама құрылғысының иелері немесе жарнама құрылғыларының иелерімен шарт бойынша тазарту жұмыстарын жүргізуші мамандандырылған ұйымдар орындайды.
      36. Сыртқы жарықтандыру бағаналарының құрылғысы мен діңгегі аумағын және жаяу жүретін жолдарда орнатылған байланыс желілерінің маңайын жинау жұмыстарын жауапты кәсіпорындар жүргізеді.
      37. Жаяу жүргіншілердің жер үсті жолдарының кіре берісінен жер үсті жолы бөлігіне немесе баспалдақтан периметр бойынша бес метрлік ара қашықтықты (аумақты жинау, ұстау және көріктендіру төлқұжатына сәйкес) осы нысандар балансына кіретін кәсіпорындар жүргізеді.
      38. Жанар-жағар май құю стансасына, авто жуу бекеттеріне, құю кешендеріне және іргелес жатқан аумақтарға (өту жолына дейін) кіретін және шығатын жерлеріне жинау мен тазалығын сақтау жұмыстарын осы объектілерді өз балансында ұстаушылар жүргізеді.
      39. Трансформаторларға немесе бөліп бергіш шағын станцияларға, автоматты түрде жұмыс істейтін басқа инженерлік орын-жайларда (қызмет көрсететін құрамсыз), сондай-ақ тоқ беру желілерінің бағаналарына іргелес жатқан аумақтарын жинау жұмыстарын осы объектілердің иелері жүргізеді. Жер үсті құбырларының астындағы қорғалатын аумақтарды тазарту мен күту жұмыстары желілердің иелерімен жүргізіледі.
      40. Сауда нысандарына іргелес жатқан, уақытша көшедегі сауда жасау аумағының орындарын (базарлар, сауда павильондары, жылдам салынатын сауда кешендері, шатырлар, дүңгіршектер) радиусі он метр қашықтықта және көшедегі жүргін жолдарға дейін сауда нысандарының иелері тазартады. Іргелес жатқан көгалдарға, шатырларға, сауда шатырларына, дүңгіршектерге және басқа сауда нысандарына жәшіктерді үюге жол берілмейді.
      41. Ақылы автотұрақтардың, гараждардың аумақтарын жинау жұмыстарын иелері мен осы нысандарды пайдаланушы ұйымдар жүргізеді.
      42. Көп уақыт бойы пайдаланылмаған және игерілмеген аумақтардағы ғимараттарды бұзғаннан кейінгі аумақты жинау мен күту жұмыстарын, осы аумақ бөлініп берілген жер пайдаланушылар немесе жер иелері жүргізеді.
      43. Жапырақ түскен уақытта бекітіліп берілген аумақтарды жинауға жауапты кәсіпорындар, көшелер мен магистральдар бойындағы, аула аумақтарындағы түскен жапырақтарды сыпыру жұмыстарын жүргізеді. Ағаштар мен бұталардың түбіне жапырақтарды жинауға жол берілмейді.
      44. Тастанды сулар (шұңқырлардан су сору, инженерлік желілердегі апат жағдайлары) салдарынан пайда болған су басу жағдайлары болғанда, ал қыста қатып қалған қарлар мен мұздардың пайда болғанда оларды жоюдың жауапкершілігі осы жағдайдың болуына жол берген ұйымдарға жүктеледі.
      45. Жол жөндеу жұмыстарын жүргізген кездегі қоқыстарды, осы жұмыстарды жүргізуші ұйымдар: қаланың бас магистральдарынан – тез арада, басқа көшелер мен аулалардан – тәулік мерзімінде шығарады.
      46. Алаңдардағы, магистральдардағы, көшелердегі және өтпе жолдардағы қарды және ернеудегі сметаларды (ал қыс мезгілінде қар мен мұз үйінділерінің қалыптасуы) механикалық жинаудан кейін қолмен тазалау жұмыстарын жақын жерде орналасқан (бекітілген маңайдағы аймағының шегінде) кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар, сауда кешендері мен павильондардың, тұрғын емес жайлардың, ғимараттардың иелері жүргізеді, ал мұндай кәсіпорындар болмаған жағдайда механикалық жинау жасаған кәсіпорын тазалайды.
      47. Механикалық тәсілмен жинауға қолайсыз (көлемінің тарлығына немесе қиын құрылымына байланысты) нысандарды жинау қолмен жүргізіледі.
      48. Көп қар жауған кезде жолдың жүргін бөлігінде, жер асты өткелдерінде (көлемінің аздығына немесе құрылымының күрделілігіне байланысты) су басу болса, онда мамандандырылған кәсіпорын су басуды жояды.

§ 5. Жер үсті және жер асты инженерлік жүйелерін күтіп ұстау

      49. Су ағатын желілерге қоқыспен бітеліп қалуын болдырмау үшін су ағатын коллекторларға сыпырындыны және тұрмыстық қоқыстарды тастауға жол берілмейді.
      50. Су ағатын қалалық желілердің нөсер суларын қабылдайтын құдықтарға профилактикалық тексеруді және оларды жинауды бекітілген кесте бойынша, бірақ айына бір реттен кем емес мамандандырылған кәсіпорындар немесе балансында осы құрылғылар бар басқа ұйымдар жүргізеді.
      Нөсер суларын қабылдайтын құдықтардың торлары үнемі жұмыс істейтін жағдайда болу керек. Торлардың және құдықтардың өткізу қабілетін шектейтін бітелуге, лайлануға жол берілмейді.
      51. Жер асты инженерлік коммуникацияларының иелері:
      жер асты коммуникацияларын күтіп ұстауға және жөндеуге, сонымен қатар уақытылы құдықтар мен коллекторларды тазалауға жауапты;
      жолдардың төсемдерін, жаяу жүретін жолдарын, көгалдармен және құдықтардың қақпақтарымен бір деңгейде, қалыпты жағдайда ұстауды, сонымен қатар коммуникациялардың қанағаттанарлықсыз жағдайынан пайда болған жолдардың бұзылған шегінде төсемдерін қалпына келтіріп жөндеуді қамтамасыз етеді (өз қаржыларымен немесе мамандандырылған мекемелермен келісім шартқа отыру негізінде);
      құдықтардың қақпақтары бар болуын және қалыпты жағдайда болуын бақылау және оларды уақытында ауыстыруға және жоғалған кезде орнына (тәулік ішінде) қоюды жүргізеді;
      коммуникацияның (қар үйінділері, мұз, лай, сұйықтықтар және басқалар) жұмысын реттеумен байланысты апатты жоюды бір тәулік ішінде қамтамасыз етеді;
      қала көшелерінде салынған дренаж құбырлары және суағар төкпе құбырына (штольный) жеке тұрғын үй иелері, мекемелер, жеке және заңды сауда ғимараттарының иелері кәріз су құбырларын қосып, ластауға жол берілмейді;
      дренаж құбырлары және суағар төкпе құбырына (штольный) жеке тұрғын үй иелері,мекемелер, жеке және заңды сауда ғимараттарының иелері кәріз су құбырларын қосып, ластауы анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының заңына сәйкес айып салынып, бұрылған дренаж құбыры және суағар төкпе құбырын (штольный) өз есебінен қайта қалпына келтіреді;
      қала көшелерінде салынған дренаж құбырларының үстіне және суағар төкпе құбыры (штольный) өткен жерге, он метр оңға, он метр солға ағаштар отырғызуға және құрылыстар жүргізуге рұқсат етілмейді;
      суағар төкпе құбыры (штольный) Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде коммуналдық меншікте болғандықтан, оның техникалық сапалы жағдайын жылына екі рет комиссия құрамымен, тексеруден өткізіп, оның қорытындысын қала әкімшілігіне ұсыныспен шығуын қамтамасыз етеді;
      суағар төкпе құбырында (штольный) және дренаж құбырларында апатты жағдай тудырмау мақсатында, мамандырылған мекемемен келісім шартқа отырып, күнделікті бақылауға алады;
      суағар төкпе құбырының (штольный) құрылысы және санитарлық ережесі құрылыс мөлшері мен ережесі (СНиП) талаптарына сәйкес бақылауға алынады.
      52. Жер үсті құрылғыларының иелері және пайдаланушы ұйымдар оның маңайындағы аумақтың санитарлық жағдайына инженерлік желілер аймағының шекарасына жауапты.

4 тарау. Қысқы кездегі қала және елді мекен көшелерін тазартудың ерекшеліктері

§ 1. Жалпы ережелер

      53. Қала және елді мекен көшелерінің өтпе жолдары мен кіру жолдарын қыста жинау жұмыстары осы Ереже талаптарына, жұмыс технологияларын, техникалық құралдар мен тайғаққа қарсы қолданылатын қоспаларды анықтайтын нұсқауларға және заңнамаға сәйкес бекітілген кесте бойынша жүргізіледі.
      54. Қала және елді мекен аймағын тазалауға жауапты ұйымдар (тапсырыс берушілер қызметі және мердігерлік ұйымдар) бірінші қазанға дейін тайғаққа қарсы материалдарды қажетті мөлшерде тасып жеткізуі, дайындауы және жинауы керек.
      55. Көшенің жүргін бөлігінің жағалауындағы қарды жинауды және тасып шығаруды осы көшенің жүргін бөлігін және өтпе жолдарды тазалауға жауапты кәсіпорын жүргізеді.
      56. Саябақтардағы, бақтардағы, скверлердегі, бульварлардағы жолдарды және басқа жасыл аймақтарда тазалау кезінде жасыл желектердің жойылмауын және еріген суды қайтаруды қамтамасыз ету шартымен құрамында химиялық реагенттері жоқ қарды уақытша жинауға арнайы алаң дайындалып, жинауға рұқсат беріледі.
      57. Қысқы кезеңде жолдар, бақ орындықтары, қоқыс салатын жәшіктер және басқа да элементтер мен кіші сәулет пішіндері, сондай-ақ олардың алдындағы және бүйірлеріндегі жерлер, оларға баратын жолдар қар мен мұздақтардан тазартылуы керек.
      58. Жаяу жүргіншілер жолдары бөлігіндегі, инженерлік желілерде апаттан пайда болған мұзды, желі иелері уатып жинайды. Уатылған мұздар белгіленген орындарға шығарылады.
      59. Көшелердің көлік жүретін бөлігін, және өтпе жолдарды, жаяу жүргіншілер жолдары мен аула аймақтарын тазалау жұмыстарының технологиясы және тәртіптері ауа райы жағдайына қарамастан көліктердің және жаяулардың қозғалысына бөгет болмауы керек.
      60. Төмендегілерге жол берілмейді:
      магистральдың, көшелердің жаяу жүргіншілер жолдары бөлігіне және өтпе жолдарға, көгалдарға, ішкі орамдардың өтпе жолдарынан, аула аймақтарынан, кәсіпорындар, ұйымдар, құрылыс алаңдарынан, сауда нысандарынан және басқаларынан жиналған қарды жылжытуға немесе орнын ауыстыруға;
      қалалық жолаушылар тасымалдайтын көліктердің мінгізу алаңдарында, саябақтарда, скверлерде, аулаларда және басқа жаяу жолы мен жасыл желек аймақтарында көктайғақ реагенті ретінде техникалық тұзды және сұйық хлорлы кальциды пайдалануға;
      көгалдарға, гүл алаңдарына, бұталар және басқа да жасыл желектерге лас және тұз араласқан қарды, сонымен қатар мұз үйінділерін роторлық лақтыруға және орнын ауыстыруға.

§ 2. Көшелердегі және магистральдардағы қыста тазарту жұмыстары

      61. Қысқы тазалаудың бірінші кезектегі операцияларына кіреді:
      жолдардың көлік жүргін бөлігін тайғаққа қарсы материалдармен өңдеу;
      қарды күреу және сыпыру;
      күрелген қарды тасып шығару үшін жинастыру;
      жол тораптарын, қалалық жолаушылар тасымалдайтын көлік аялдамаларын, әкімдік және қоғамдық ғимараттардың кірме жолдарын, аулалардан шығатын және тағы басқа жолдарды күрелген қардан тазарту.
      62. Екінші кезектегі операцияға кіретіндер:
      қарды шығару (тасу);
      қар шығарылғаннан кейін жол жағалауын тазартуы;
      мұзды уату және қар-мұздан құралған үйіндіні шығару.
      63. Қала және елді мекен жолдарының жүргін бөлігін тайғаққа қарсы материалдармен қар қабаты пайда болмауы үшін қар жауа бастағаннан кейінгі жиырма-қырық минутта механикалық жолмен тазалау қажет.
      64. Қала және елді мекендегі метеорологиялық қызметтерден күні бұрын тайғақ болатыны туралы ескерту алған жағдайда, эстакадалардың, көпірлердің жүргін бөлігін өңдеу жұмыстары қар жаумай тұрып жүргізіледі.
      65. Қысқы мезгілде қатты реагенттерді шашатын машиналар мен айналатын щеткалы қар тазалағыштардың тәулік бойғы кезекшілігін қарастыру.
      66. Барлық тайғаққа қарсы материалдарды шашуға арналған машиналар тәулік бойы кезекшілікте белгіленген көшелер мен өтпе жолдарда (жұмыс кестесінің бағытымен) жұмыс істеуге бекітіледі, бағыт кестесінің көшірмесі жолдама қағазбен бірге жүргізушіге беріледі.
      67. Қар басқаннан кейін ең алдымен көлік бағыты үшін ең қауіпті магистральдар және көшелер учаскелерін, яғни тік түсетін және көтерілетін жолдарды, көпірлерді, эстакадаларды, тоннельдері, жол тораптарын және қоғамдық көлік аялдамаларын, сондай-ақ төтенше және басқа кедергілер болатын және тағы басқа жерлерді тайғаққа қарсы материалдармен өңдеу.
      68. Көлік қозғалысы үшін ең қауіпті орындарды өңдеуді аяқтағаннан кейін көлік жүретін бөлікті тайғаққа қарсы материалдармен жаппай өңдеу қажет. Бұл операция алдымен жағалаудағы тастан бастап жолаушылар тасымалдайтын көлік қозғалысы жолағына дейін жүргізіледі. Барлық аумақты тайғаққа қарсы материалдармен жаппай өңдеу уақыты – қар жауа бастағаннан кейінгі төрт сағаттан асырмай жауапты жол тазалаушы кәсіпорындар жүргізуі қажет.
      69. Технологиялық циклда «шашу-сыпыру» үлестері екеуінікі де тең болуы керек (реагенттермен өңделінген аудандардың саны сыпырылған аудандар санына тең болуы керек).
      70. Қар жол төсемінен 2,5–3,0 сантиметрге биік болса, бұл жаңадан түскен бес сантиметр нығыздалмаған борпылдақ қарға тең, жолдың жүргін бөлігіне механикаландырылған сыпыру жүргізіледі.
      71. Ұзақ қар жауса механикаландырылған сыпырудың циклын әрбір бес сантиметр жаңадан қар түскен сайын жүзеге асырылады.
      72. Бір ғана кәсіпорын тазалайтын жағдайда барлық көшелерді және өтпе жолдарды қажетіне қарай бір реттік күреу мен сыпыру уақыты төрт сағаттан аспауы керек.
      73. Қар тоқтаусыз жауса технологиялық циклдың мөлшері (шашу-сыпыру) үш реттен кем емес жасалып, қажеттігіне қарай қайталанады.
      74. Қар аяқталғаннан кейін жол төсемдеріне соңғы сыпыру жүргізіледі.
      75. Жолдың жаяу жүргіншілер жолдары бөлігі механикаландырылған сыпырудан кейін оның көлденең бойында қар, мұз қалдықтарынан тазаланады.
      76. Қар үйіндісін жинауға жол берілмейді:
      барлық бір деңгейдегі жолдардың, көшелердің және өтпе жолдардың тоғысуында және теміржол өтетін үшбұрышты аймақ көрінетін жерлердің маңына;
      жаяу жүргіншілер өтпе жолдарына бес метр жақын жерде;
      қоғамдық көлік аялдамаларына жиырма метр жақын жерде;
      көлік қоршаулармен немесе бордюрлармен қоршалған жолдардың учаскелерінде;
      жаяу жүргіншілер жолдарында.
      77. Жол жағасына күрелген қарды жинау кезінде қарды жаяу жүргіншілер жолдары және көгалдарға орнын ауыстыруға жол берілмейді.
      78. Бір жақты көлік қозғалатын көшелер мен өтпе жолдардан, оның ішінде гүлзарлар, көгалдар және бетонды блоктар, аймақтар түрінде бөлініп тұратын жолақтары бар магистральдар жағынан қарды сыпыруды бастап, қыс бойы тұрақты түрде көлік жүретін бөлік жағалауындағы тасқа дейін қардан және мұздан тазаланады.
      79. Қар үйіндісін уақытша жинау кезінде және жылымықта еріген сулардың ағуы үшін жолдың жиек тастарындағы еріген су ағатын шұңқырлар тазаланып, жиектегі таспен қар үйіндісі арасында көлденеңі 0,5 метрден кем емес ара қашықтық болуы керек. Нөсер суларын қабылдаушыларға қар үйінділерін жинауға жол берілмейді.
      80. Қалалық және елді мекендегі жолаушылар тасымалдайтын көлік аялдамалары және жер үсті жаяу өтпе жолдары қар үйінділерінен тазартылып, жол салынуы керек:
      аялдамаларда: отыз метрден - елу метрге дейін;
      жаяулар өтпе жолдары белгісі бар жолдарда, белгінің көлеміне қарай, ал белгісі жоқ жерде бес метрден кем емес;
      аулаларға және ішкі орамдарға кіретін, шығатын жолдар, ауланың ішкі жолдары өтпе жолдардың шетінен бастап механикалық күреу мен сыпырудан кейін.
      81. Көшелерден және өтпе жолдардан қарды шығару екі кезеңде жүзеге асады:
      бірінші кезекте (таңдап) қар жауып біткеннен кейін қалалық жолаушылар тасымалдайтын көлік аялдамаларындағы, жаяу өтпе жолдардағы, көпірлердегі және жол өткелдеріндегі, көпшілік баратын орындардағы (ірі әмбебап дүкендер, базарлар, қонақ үйлер, вокзалдар, театрлар) ауруханалардың аумағына және басқа әлеуметтік маңызды нысандарға кіретін жолдардағы қарды шығару жиырма төрт сағат ішінде жүзеге асырылады;
      соңғы (жаппай) қарды шығару бірінші кезекті шығару аяқталғаннан кейін кезекпен, тапсырыс берушілердің тапсырысы бойынша шығарылады.
      82. Қар тасушы көліктің әрбір өтуінен кейін жол жиегіндегі және жағалаудағы тас төсемдеріндегі қар қалдығынан және мұздан тазартылып, шығарылады.
      Арнайы дайындалған алаңдарға көшелердегі және өтпе жолдардағы қар тасып шығарылуы тиіс. Белгіленген тәртіп бойынша келісілмеген орынға қарды тасып шығарылмайды.
      Табиғатты қорғау ұйымдарының келісімі бойынша аудандық әкімдер аппаратына қар үйінділерін шығаратын орынды анықтау жүктеледі.
      83. Қар ерігеннен кейін қарды уақытша жинайтын орындар қоқыстан тазаланып, көріктендіріледі.

§ 3. Жаяу жүргіншілер жолдары, жер үсті жолаушылар көлігінің аялдамаларындағы жолаушыларды отырғызатын алаңдарын тазалау 

      84. Қар жауған кезде және тайғақта:
      жаяу жүргіншілер жолдары, аялдамалардағы отырғызу алаңдары және басқа жаяу жүретін аймақтар тайғаққа қарсы материалдармен (құм, ұсақ қиыршық тас) бүкіл көлемі бойынша өңделуі және жаңа жауған және тапталған қардан тазартылады;
      жаяу жүргіншілер жолдары және жолаушыларды отырғызатын алаңдарды қардан тазалау жұмыстары (механикалық сыпыру және қолмен тазарту) қар жаууы тоқтағаннан кейін бірден жүргізіледі. Ұзақ қарқынды қар жауғанда қардан тазарту және тайғаққа қарсы материалдармен (құм, ұсақ қиыршық тас) өңдеу жиілігі әрбір бес сантиметр қар түскен сайын қайталанады.

§ 4. Үйлердің аулаларындағы қысқы тазалау жұмыстары

      85. Жаяу жүргіншілер жолдары, үйлердің аулалары және өтпе жолдар асфальтқа дейін қардан және мұздан таза болуы тиіс. Мұз қалыптасқан жағдайда (тайғақ) құм және қиыршық ұсақ тастармен өңдеу жүргізіледі.
      86. Үйлердің аулаларынан және орам аралығындағы жолдардан тазаланған қарды автокөліктер мен жаяулар қозғалысына кедергі жасамайтын орындарға жинауға рұқсат етіледі.
      87. Қар жинау кезінде жасыл желектерге зақым келтіруге болмайды.
      88. Ішкі үй аулаларында қарды жинағанда еріген қар суының қалай ағатынын алдын ала ескеру керек.
      89. Қыс мезгілінде ғимарат иелері және жалдаушылар уақытында шатырларды қар мен мұздан, сүңгілерден тазарту жұмыстары ұйымдастырылуы қажет.
      90. Ғимараттың жаяу жүргіншілер жағындағы шатырын тазарту жұмыстары жедел түрде қатерлі учаскеге қоршау орнату арқылы жүргізілуі керек.
      91. Көше жағына қараған шатырлардан қар мен мұздан жаяу жүргіншілер жолдарына түсіріп тазарту жұмыстары тек күндізгі уақытта жүргізілуі қажет. Ал қарды шатырдың басқа жақтарынан, сондай-ақ жазық шатырлардан сырғанатып ауланың ішкі аумағына түсірілуі керек. Қарды түсірер алдында жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын жасау қажет. Ғимараттардың (құрылыстардың және құрылғылардың) шатырларынан түскен қарлар, мұздар және сүңгілер жедел түрде өтпе жолдың шет жағына қарай көшені тазалаушы ұйымдар шығарып әкеткенше орналастырылады.
      92. Табиғи су объектілерін сарқынды суды ағызып жіберу үшін пайдалануға келесі көзделген жағдайларды қоспағанда, жол берілмейді.
      Қоршаған ортаға эмиссияға тиісті экологиялық рұқсат бар болған кезде сарқынды суды жер үсті су объектілеріне және жер қойнауына ағызып жіберуге жол беріледі.

5 тарау. Жаз мезгілінде қала және елді мекендер аумақтарын тазалау
§ 1. Жалпы ережелер

      93. Жолдық төсемдерді (осьтік және резервті жолақты) магистральдарды, көшелерді және өтпе жолдарды алдын ала дымқылдап сыпыру күндізгі уақытта сағат сегізден-жиырма бір сағатына дейін, ал қатты қарқындағы көлік қозғалысы бар магистральдарда және көшелерде түнгі мезгілде жүзеге асырылады.
      94. Жаяу жүргіншілер жолдары бөлігін жуған кезде лайлы суды және қоқысты көгалдарға, қалалық жолаушылар тасымалдайтын көлік аялдамаларының павильондарына, отырғызатын алаңдарына, жақын жерде орналасқан ғимараттардың, сауда нысандарының қасбеттеріне орындарға шашыратуға жол берілмейді.
      95. Ыстық күндері (ауа температурасы + жиырма бес градус С жоғары болса) жолдардың төсемдерін сулау сағат алтыдан-тоғызға дейінгі мезгілде жүргізіледі (екі сағат сайын).
      96. Жапырақтар түскен кезде оны тазалауға жауап беретін ұйымдар түскен жапырақтарды көше бойындағы, магистральдар мен үй аулаларынан тазалауды және шығаруды жүзеге асырады.

§ 2. Жаз мезгілінде жолдарды тазалаудың талаптары

      97. Жаяу жүргіншілер жолдары бөлігі барлық ластану түрлерінен жаппай тазаланып, жуылуы керек.
      Реттеуші сызық болып табылатын – осьтік, резервтік жолақтар құмнан және әртүрлі ұсақ қоқымнан тұрақты тазаланып тұруы керек.
      98. Екі метрлік жол жағалауындағы аймақта және ернеуінде, сондай-ақ жаяу жүретін жолда және онда орналасқан жолаушылар тасымалдайтын көлік аялдамаларының отырғызу алаңын топырақ-құмды қоқымдардан және әртүрлі қоқыстардан толық тазаланып, жуылады.
      99. Жолдың жағасы ірі көлемдегі және басқа да қоқыстардан таза болуы керек.
      100. Темір-бетоннан құралған бөлу жолақтары құмнан, батпақтан және ұсақ қоқыстардан тұрақты тазаланады.
      Шудан қорғайтын қабырғалар, металл қоршаулар, жол белгілері және жол көрсеткіштері жуылады.
      101. Көгал ретінде орналастырылған бөлу жолағында, қалалық жолдардың жағалау бөлігінде шөп төсемдерінің биіктігі он бес сантиметрден аспау керек. Әртүрлі қоқыстармен жолақтың ластануына жол берілмейді.

§ 3. Жаз мезгілінде үйлердің аулаларын тазалау

      102. Үйлердің аулаларын, аула ішіндегі өтпе жолдарды және жаяу жүргіншілер жолдарды қоқымдардан, шаңнан және ұсақ тұрмыстық қалдықтардан тазалауды, сондай-ақ күні бойы тазалықты қолдауды аулаға бекітілген субъектілер қамтамасыз етеді.
      103. Үйдің ауласын жуу үшін суару шүмектер және шланг арқылы суғару әрбір үй маңында жабдықталған және пайдалануға жарамды күйде болады.
      104. Кішігірім нысандардың иелері (автотұрақтар, көлік жөндейтін орындар, ангарлар, қойма түріндегі құрылымдар, ғимараттар, сауда және қызмет көрсету нысандары) санитарлық тазалық және бөлінген аумақты тазарту бойынша келісім-шартқа отыруы немесе оны өз күшімен ұйымдастыруы қажет.

      6 тарау. Қалалық және елді мекендердегі аумақтардағы қалдықтарды жинау, уақытша сақтау және шығару

      105. Қаланы және елді мекендерді қоқыстардан тазарту, бекітілген қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарудың басты сызбасына сәйкес жүргізіледі.
      106. Қала және елді мекен аумағында қызмет жасайтын заңды тұлғалар (кондоминиум және басқалар) басқа шаруашылық субъектілері, сондай-ақ жеке тұрғын үйлер иелері бекітілген жиналу нормаларына сәйкес сұрыптайтын, залалсыздандыратын және пайдаға асыру үшін өңдейтін, кәсіпорынмен келісім шартқа отыруы қажет.
      107. Өкілетті органдар өткізген конкурсты (тендерді) жеңіп алған мердігер, кестеде көрсетілген мерзіміне сәйкес (шығару келісім шартына қосымша) қоқыстарды шығару жүргізіледі.
      108. Меншік иесі жоқ немесе меншік иесі белгісіз қалдықтар, иесіз қалдықтар болып табылады. Жер учаскелерінің меншік иелері немесе жер пайдаланушылар өз жер учаскелерінде иесіз қалдықтары анықталған кезде, оларды пайдалануға кірісіп не қалдықтарды өз меншігінде айналдыруға құқылы және осы қалдықтарды тазарту меншік иесіне жүктеледі.
      109. Жылжымайтын нысандарды салу және жөндеу жұмыстарымен айналысушы жеке және заңды тұлғалар қоқыстарды жою үшін, оны өздігінен шығаруға немесе шығару жөніндегі қоқыс шығарушы ұйымдармен келісім шарттар жасау қажет.
      110. Үй-жайлардың аумағында көлік өтуге ыңғайлы жолдары бар контейнер орнататын арнайы алаңшалар бөлінуі қажет. Жинау үшін металдан жасалған контейнерлерді қолдану керек.
      111. Аумақтарында (бөлініп берілген, бекітілген, аула ішілік) контейнерлік алаңшалары бар кәсіпорындар, ұйымдар, өзге де шаруашылық етуші субъектілер келесі талаптарды орындаулары қажет:
      1) контейнерлік алаңшалардың кіре берістері мен оларға өтетін жолдардың қатты төсемдері болуын;
      2) контейнерлік алаңшалар маңайындағы жатқан аумақтарға қоқыстарды шығармау үшін жаппай қоршалуын;
      3) контейнерлік алаңдар мен оның аулаларының тазалық жағдайын қамтамасыз етуін;
      4) қатты тұрмыстық қалдықтарды, ірі көлемді қоқыстарды шығаруға, уақытында шарт жасалуын;
      5) контейнерлердегі тұрмыстық қалдықтарды жағуға жол берілмеуін;
      6) жылдың қысқы мерзімінде контейнерлік алаңшаға арнайы автокөліктің жұмысына және тұрғындардың пайдалануына қолайлы жағдай туғызу мақсатында кіре берістер мен оларға өтетін жолдарды қар мен мұздан тазартылуын.
      112. Контейнерлік алаңшаларды және контейнерлерді қолданатын, қызмет көрсететін ұйымдардың орындауы қажет:
      контейнерлерді уақытында жөндеуге және одан әрі пайдалануға, жарамсыздарды ауыстыруын;
      қоқыс қабылдағыш камераларды, алаңшаларды және жинағыштардың астауын, сондай-ақ қалдық салғыштардың тұрақты жуылып тұруын, залалсыздандыруын және шыбындарға қарсы дезинфекция жасауды қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолдануын.
      113. Контейнерлер орнату алаңшалары тұрғын-жай және қоғамдық ғимараттардан, спорт алаңдарынан және халықтың демалатын орындарынан қашықтықта болуы керек. Алаңшаның көлемі орнататын контейнерлер санына есептелуі қажет.
      114. Контейнерлік алаңдарды орналастыру мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарымен, пәтер иелері кооперативімен келісу қажет.
      115. Контейнерлердегі қоқыстарды тиеу кезінде түсіп қалған қоқыстарды жинау, шығарушы мекеменің қызметкерлері жүзеге асырады.
      116. Қоқыс қабылдағыш камера құлыпқа салынуы қажет, бөтен адамдардың қоқыс қабылдағыш камераға кіруіне болмайды.
      117. Пайдаланушы ұйым қамтамасыз етуі қажет:
      1) қоқыс шығару құбырының және қоқыс қабылдағыш камерасының дұрыс жұмыс істеуін;
      2) қоқыс шығару құбырының шусыз жұмыс істеуін, ол үшін баспалдақ алаңындағы қоқыс шығару құбырына салатын қақпақтарының саңлаусыз, тығыз жабылатын резеңке төсемдерімен жабдықталған болуын;
      3) қоқыс қабылдағыш камераның және бағаналарын профилактикалық және дезинфекциялық шараларды (дезинфекция, дезинсекция және дератизация) ай сайын жүргізілуін.
      118. Жергілікті атқарушы органдар төмендегі экологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді:
      1) қайта пайдаланылатын қалдықтар фракцияларын бөлек жинауды және кәдеге жаратуды жүзеге асыруды ұйымдастыру;
      2) қалдықтарды уақытша сақтау және өңдеу орындарына тұрақты тасымалдауды және оларды полигондарға орналастыруды ұйымдастыру;
      3) органикалық қалдықтарды бөлек жинауға және оларды пайдалануға ынталандыру;
      4) құрылыс қалдықтарының тікелей құрылыс алаңдарында немесе арнаулы орында қалдықтардың басқа түрлерінен міндетті түрде бөліп алуды, сондай-ақ қоқыстарда және полигондарда құрылыс қоқыстарын басқа қалдықтармен араластыруға жол бермеуді ұйымдастыру;
      5) қалдықтардың бір түрін екінші бір түрімен немесе арнаулы қоспалармен араластыруға жол бермеуді белгілеу;
      6) коммуналдық қалдықтарды санкциясыз жағуға жол бермеу;
      7) коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу туралы дәйекті ақпаратты қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға уақтылы беру жүйесін ұйымдастыру арқылы коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу кезіндегі экологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді.
      119. Автовокзалдарда, базарларда, саябақтарда, демалыс орындарында, алаңдарда, білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінде және басқа көпшілік пайдаланатын орындарда, көшелерде, қалалық жолаушылар тасымалдау көліктері аялдамаларында, сауда нысандарының кіре берістерінде міндетті түрде қоқыс жәшіктері орнатылуы тиіс. Қоқыс жәшіктері бір-бірінен елу метрден кем емес қашықтықта орнатылады.
      120. Қоқыс жәшіктерін орнату мен тазалау мемлекеттік тапсырыс келісім шартына сәйкес пайдаланушы мердігер кәсіпорындар және иелігінде немесе қолданысында аумағы бар шаруашылық субъектісі жүргізеді. Жәшіктер толуына қарай тазаланады.
      121. Жәшіктер аптасына бір рет ластануына қарай жуылуы тиіс.

7 тарау. Ұсақ бөлшек сауда үшін уақытша құрылғыларды орнату, сондай-ақ жалпы пайдаланудағы демалыс аймағын күтіп ұстау

      122. Ұсақ бөлшектік уақытша сауда нүктелерінің нысандарынан (павильондар) орнату қолданыстағы нормаларға және ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.
      123. Сәулеттік және түстері туралы шешім қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімімен келісіледі. Ұсақ бөлшектік сауда объектілерін жөндеу және бояу жұмыстары олардың иелерінің қаражаты есебінен, қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімімен келісілген сыртқы түрі мен түсі шешімін сақтауды ескере отырып орындалады.
      124. Ұсақ бөлшектік сауда нысандары мен кешендеріне көліктік қызмет көрсету, маңайында жатқан магистральдар мен жаяу жүргіншілер бағыттарындағы, көлік қозғалысы мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне кедергі келтірмеуі қажет. Тауар жеткізуді жүзеге асыратын автокөліктің тұрағы, сауда нүктелеріне тауар артуды тек осылар үшін арналған орындардан жүзеге асырылады. Осы мақсаттарда жаяу жүргіншілер жолы мен гүлзарларды пайдалануға болмайды.
      125. Сауда нүктелерінің иелері маңайында жатқан аумақтық (бекітіліп берілуіне сәйкес) көркейтілу жұмыстарының бұзылмауын қадағалауы керек. Маңайында жатқан көріктендіру нысандарына, жасыл желектерге, гүлзарларға зиян келтірген сауда нүктелерінің иелері, көріктендіру нысандарын өз қаражаты есебінен алғашқы қалпына келтіруі қажет.
      126. Ұсақ бөлшектік сауда ғимараттарының иелеріне аумақтарын тазарту мен қоқыс шығару үшін осы қызмет түрлерімен айналысушы ұйымдармен келісім шарт жасауы керек немесе өз күштерімен атқарылады.
      127. Көпшілік пайдаланатын демалу аймақтары – саябақтар, скверлер, бульварлар, жаға жайларды осы нысандар бекітілген бюджеттік бағдарламалар әкімгерлері күтеді.
      Көпшілік пайдаланатын демалу аймақтарын тазалау және ағымдағы күту жұмыстарын бюджеттік бағдарламалар әкімгерлерімен отырған келісім шарт негізінде мамандандырылған кәсіпорындар жүргізеді.
      128. Көріктендірудің, ғимараттардың және шағын сәулеттік пішіндердің элементтеріне, көпшілік демалатын аймақтардың құрылымына сәулеттік және түстік шешімдеріне өзгерістерді Кентау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімімен келісіліп, жүргізіледі.
      129. Саябақтарда орнатылған қоқыс жәшіктерінен басқа арнайы контейнерлер қоятын алаңдар болуы керек.
      130. Саябақтардың аймақтарында нормалар мен ережелер талаптарына сәйкес қоғамдық әжетханалар болуы керек.
      131. Көпшілік демалатын аймақтарды қолданыстағы нормативтік талаптарға сай қоғамдық тамақтану нысандары және ұсақ бөлшекті сауда нүктелері орналасуына болады. Бұл нысандардың иелері бөлінген және бекітілген аумаққа санитарлық тазалау мен жинау үшін арнайы кәсіпорындармен келісім шартқа отыру керек, әйтпесе қолданыстағы талаптарға сәйкес өзі жүргізеді. Осы нысандарды жөндеу және сырлау жұмыстары олардың иелері есебінен орындалады.
      132. Көпшілік демалатын аймақта төмендегі мәселелерге жол берілмейді:
      қоқыстарды, жапырақтарды өртеуге, от жағуға, көліктерді жууға және тазалауға;
      көгалдарға, гүлзарларға, жаяу жүргіншілер жолдарында нысандарды орналастыруға;
      мангалды қолданып, ашық отта кәуап және басқа тағамдарды пісіруге;
      сағат он бірден (23-00) кейін қатты музыка қоюға.

8 тарау. Шағын сәулеттік пішіндерді күтіп ұстау

      133. Тұрғын үй ғимараттары аумағы, қоғамдық аймақтар, гүлзарлар, көшелер, саябақтар, алаңдар демалу үшін шағын сәулеттік пішіндермен жабдықталады.
      134. Қоршаулар, дуалдар салу және орнату белгілеген тәртіппен тек қана өкілетті органдар келісімімен және рұқсатымен келесі талаптарды сақтап құрылысын жүргізуге және орнатуға болады:
      кірпіш, бетон (жабық) дуалдармен тек қана өндірістік кәсіпорындарды, арнайы мекемелерді, режимдік нысандарды қоршауға рұқсат етіледі;
      биіктігі екі метрге дейін металл дуалмен (әсем-әшекейлі, ашық) немесе жасыл (желек) қоршаумен көп пәтерлі тұрғын үйлерді, коттедждік қалашықтарды қоршауға рұқсат етіледі;
      биіктігі екі метрден үлкен металл дуалдармен (ашық) мектептерді, бала-бақшаларды және емделу мекемелерін қоршауға рұқсат етіледі;
      биіктігі 0,7 метрге дейін жасыл (желек) қоршаумен коттедждік қалашықтағы жеке тұрғын үйлерді, әкімшілік ғимараттарды, банк мекемелерін, сауық және демалыс орындарын және басқа нысандарды (бөлінген аумағының шекарасының шегінде) қоршауға болады.
      135. Шағын сәулет пішіндері стационарлық және мобильдік болуы мүмкін, олардың саны және орналасуы аумақтарды көріктендіру жобаларында белгіленеді.
      136. Қоғамдық ғимараттардағы, алаңдардағы, көшелердегі, гүлзарлардағы және саябақтардағы, жағалаулардағы шағын сәулеттік пішіндер ерекше жобалар бойынша әзірленеді.
      137. Жаңа құрылыс салынып жатқан учаскесі шекарасында, бекітілген жоба-сметалық құжаттамаға сәйкес, шағын сәулеттік пішіндерді жобалау, әзірлеу және орнатуды тапсырыс беруші жүзеге асырады.
      138. Шағын сәулеттік пішіндердің шешімдері олардың тұрақтылығын, пайдалану қауіпсіздігін қамсыздандырылады.
      139. Шағын сәулеттік нысандардың иелері – заңды және жеке тұлғалар өз қаржыларына оларды ауыстырады, жөндейді және бояйды.

9 тарау. Ықшам аудандар мен тұрғын үйлер орамдарын көріктендіру

      140. Ықшам аудандар мен орамдардың аймақтары қоқыс контейнерлерін қоятын, кір кептіретін, демалатын, балалардың ойнайтын, спортпен айналысатын, үй жануарларын қыдыртатын, автотұрақ, аялдату, жасыл аймақ үшін алаңшалармен жабдықталады.
      141. Алаңшалардың саны, орналасуы мен жабдықталуы құрылыс және санитарлық нормаларға сәйкес болуы тиіс, өзгерту өкілетті органның құзырына кіретін мекемелермен келісілуі керек.
      142. Тұрғын жай орамдары, шағын аудандар аумақтарында, сондай-ақ аула маңы аумақтарында мына тәртіп сақталуға қажет:
      көтермелердің, жаяу жүргіншілер жолдардың, орам ішіндегі кіре берістері мен жолдарының төсемдерін қалыпты жағдайда ұстауға;
      аулаларға өздігінен түрлі шаруашылық немесе қосалқы құрылыс (гараждар және басқа) салуға жол бермеуге;
      ауланың ішкі аумақтарына құрылыс материалдарын үюге жол бермеу;
      өзінің балансындағы (шаруашылық жүргізуші немесе жедел басқару) инженерлік желілерді қалыпты жағдайда ұстауға, құдықтарды уақытында қарап, тазартуға;
      шағын сәулет пішіндерін, спорттық, ойын, балалар мен шаруашылық алаңшаларының жабдықтарын, қоршаулар мен қашаларын қалыпты жағдайда ұстауға, олардың сыртқы түрінің ұқыптылығын сақтауға.
      143. Тұрғын үйлердің, шағын аудандардың аулаларында, сондай-ақ ауланың ішкі аумағында келесілер болмайды:
      1) аумақты тазарту немесе апатты жағдайларды жою жұмыстарынан басқа, сағат жиырма үш-тен сағат жеті-ге дейін, тыныштық пен тәртіпті бұзатын іс-әрекет жасауға;
      2) ауланың ішкі және ішкі орам аумағындағы жасыл аймаққа, балалар алаңшасына, жүргіншілер жолына қызметтік және жекеменшік автокөлікпен кіруге, қоюға;
      3) арнайы бөлінген және белгілермен, таңбалармен белгіленген орындардан тыс жерлерге көліктерді қоюға және аялдатуға.

10 тарау. Ғимараттар мен құрылғылардың қасбеттерін күтіп ұстау

      144. Меншігінде ғимараттар мен құрылыстар бар кәсіпорындардың және ұйымдардың басшылары ғимараттар мен құрылыстардың қасбеттерін күтіп ұстауға, аталған нысандарға және олардың жекелеген элементтеріне (балкондар, лоджиялар, су ағатын құбырлар және басқалар) қалпына келтіру, жөндеу және сырлау жұмыстарын уақытында жүргізуді, сонымен қатар қасбеттерде орнатылған ақпараттық, ескерткіш тақтайшалардың тазалығын және дұрыс жағдайда болуын қамтамасыз етуі қажет.
      Дүкендер мен офистердің қала көшелері жағына шығатын витриналары жарықпен безендендірілген болуы қажет.
      145. Өз еркімен ғимараттардың қасбеттерін және олардың үйлесілімділік элементтері қайтадан жабдықтауы керек.
      146. Шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе жедел басқаруындағы ғимараттары және орын-жайлары бар жекеменшік иелері ғимараттарды, құрылыстарды және құрылғыларды, басқа жер учаскелеріндегі жылжымайтын нысандарды қала құрылысы мен жобалау құжаттарына, қала құрылысы нормативтері мен ережелері, экологиялық, санитарлық, өртке қарсы және басқа арнайы нормаларға сәйкес, қалыпты жағдайда сақтау жұмыстарын жүргізуге, соның ішінде оларға қарамағындағы ғимараттар мен құрылғылардың қасбеттерін жөндеу мен жаңғырту жұмыстарын өз есебінен немесе бөлінген қаражат есебінен жүргізуі керек.
      147. Егер де бірнеше заңды немесе жеке тұлғалардың меншігінде, шаруашылық жүргізу құқығында немесе жедел басқаруында тұрғын емес немесе тұрғын ғимараттары болған жағдайда, осы тұлғалар ғимараттың пайдалану ауданына қарай қасбетін жөндеуге, жаңғырту жұмыстарын жүргізуге үлес қосуы керек. Ғимараттарға немесе орын-жайларға жоспарлы түрде жаппай жөндеу мен жаңғырту жұмыстарын жүргізген кезде, үлестік қатынасы бар тұлғалар осы мақсаттарға жұмсалатын қаражатты біріктіріп, жұмсауына болады.
      148. Сәулет, тарих немесе мәдениет ескерткіштері болып табылатын ғимараттар мен орын-жайлардың қасбеттерін жөндеу, жаңарту, қайта қалпына келтіру жұмыстары Қазақстан Республикасының құқықтық актілерімен бекітілген, қорғау міндеттемелеріне сәйкес, құзырына кіретін өкілетті органдардың келісімімен орындалады.
      149. Төмендегіге жол берілмейді:
      алдын-ала сәулеттік бөліктерді қалпына келтірмей ғимараттар мен орын-жайларға сырлау жұмыстарын жүргізуге;
      табиғи немесе жасанды тастармен қапталған қасбеттерді сырлауға.

      11 бөлім. Сыртқы жарықтандыруды және су бұрқақтарды күтіп ұстау

      150. Кентау қаласының өкілетті органы бекіткен кестеге сәйкес көшелердің, жолдардың, алаңдардың, жағалаулардың және басқа жарықтандырылатын нысандардың сыртқы жарығын қосу табиғи жарықтың көлемінің азаюы кезінде кешкі ымырт кезінде жиырма люкске дейін, ал сөнуі – таңғы күңгіртте он люкске дейін беріледі.
      151. Алаңдардағы, магистралдардағы және көшелердегі, аула аумақтарындағы шамдардың жанбауы үш пайыздан аспауы керек. Металл бағаналары, кронштейндер мен басқа сыртқы жарық құрылғылары мен қыстырма желілерінің элементтері таза, тот баспай ұсталып, сырлануы қажет. Жанып кеткен шамдарды ауыстыруды тиісті қызметтер оны анықтағаннан кейін жиырма төрт сағаттың ішінде жүзеге асырады.
      152. Пайдаланудан шыққан құрамында сынап бар газ санатындағы шамдар – доғалы сынапты шам, металлдық диодтары бар доғалы шам, доғалы натрийлі, люминесценттік шамдарды сақтайтын арнайы орындарда сақталып, одан әрі қарай өңделуі үшін арнайы кәсіпорындарға жеткізілуі қажет. Аталған шамдар түрлерін қалалық полигон аумағына шығаруға жол берілмейді.
      153. Жарық және электрлі көліктердің байланыс желілерінің құлап қалған бағаналарын негізгі магистральдарда кешіктірілмей бағана иесі шығарады, ал басқа аумақтарда және бұзылған бағаналар – тәулік ішінде шығарылады.
      154. Су бұрқақтардың жағдайына және пайдаланылуына өкілетті органдар жауапты.
      155. Су бұрқақтарды қосу мерзімін, олардың жұмыс істеу тәртібін, тостағандарын шаю және тазарту кестесін, технологиялық үзілістерін және жұмыс істеуінің аяқталуын өкілетті органдар белгілейді.
      156. Су бұрқақтар жұмыс істеп тұрған мезгілде күн сайын су беті қоқыстан тазартылады. Пайдаланушы ұйымдар су бұрқақтардың тазалығын олар жұмысын тоқтатқаннан кейін де қамтамасыз етіледі.

12 тарау. Көркем безендендіру және жарнама

      157. Маңайдағы аймақта, сонымен қатар ғимараттардың, жарнама беретін жарнама тақталарында орналастырылған сыртқы (көрнекі) жарнамалар мен ақпарат нысандары таза ұсталуы және түнгі уақытта жарықтандыратын арнайы құрылғымен жарықтандырылуы тиіс. Рұқсат құжатнамасы бар заңды және жеке тұлғалар бұларды күтіп ұстауы қажет.
      158. Жарнама құрылғысының иесі жарнама құрылғысын орналастырғаннан соң және орнынан алған соң, аумақты көріктендіріп, қалпына келтіреді.
      159. Жарнамалық құрамалардағы кескіндемені (плакаттарды) алмастырғанда автокөлікпен көгал алаңдарға кіруге болмайды.
      160. Кәсіпорындар мен ұйымдар ғимараттың бекітілген аймағын және қасбетін эстетикалық түрін қамтамасыз етуі керек. Кіре берісінде сыртқы есікте маңдайша жазулар, яғни кәсіпорынның бағдары туралы ақпараттар, фирмалық аталуы, тіркелген тауарлық белгісі (тауарлардың және қызметтердің тізімінсіз), тұтынушыны хабардар ететін кәсіпорынның мекен-жайы және ғимараттың қасбетінде оған кіру бағыты көрсетілген ақпараттар ілінуі керек.
      161. Кәсіпорынның жұмыс жасау тәртібі туралы мәліметті тұтынушыға жеткізуге арналған баспа материалдары түріндегі плакаттарды кәсіпорындардың витриналарына (терезелеріне), есіктеріне орналастыруға болады.
      162. Кәсіпорындардың тауарлары мен көрсететін қызметтері туралы ақпараттармен витриналарды ішкі жағынан безендендіріліп, сондай-ақ тауар өнімдерінің үлгісі, өздерінің фирмалық аталуы, олардың тауарлық және қызметтік белгілері, кәсіпорынның бағытын ашатын және фирмалық аталуына сәйкес бейнелеу элементтері, декоративті, мейрамдық безендендірулер жасауға болады. Витринаның безендендірілуі эстетикалық талаптарға сәйкес болуы керек.
      163. Қаланың жалпы пайдаланатын жерлерінде мерекелік безендендіруді ұйымдастыру, орналастыру және орнынан алу жұмыстарын қаланың тиісті қызметтері орындайды.
      164. Әртүрлі жарнамаларды және басқа да ақпараттарды ғимараттарға, дуалдарға, қалалық жолаушылар көліктері павильондарына, жарықтандыру бағаналарына, ағаштарға жапсыруға және ілуге жол берілмейді.
      Барлық нысандардан (ғимараттардың қасбеттері, дүкендер, байланыс жүйелерінің және сыртқы жарықтандыру бағаналары және тағы осылар сияқты) өз еркімен ілінген жарнамалық және басқа хабарландыруларды, жазуларды және суреттерді олардың ведомстволық тиістілігіне қарамастан қаладағы аудандық әкімдердің аппараттарына, сонымен қатар иелері мен жалға алушыларға жою жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру жүктеледі.

13 тарау. Аялдама пункттеріне қойылатын талаптар

      165. Аялдама пункттері «қала құрылысы, қалалық және ауылдық елді-мекендерді жоспарлау және құрылысын жүргізуі» Құрылыс мөлшері мен ережесі (СНиП) талаптарын, Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация министрінің бұйрығымен бекітілген «Жолаушыларды және багажды автомобиль көлігімен тасымалдау» Ережесін және жол қозғалысы Ережесін, оларға жолаушылардың қауіпсіз және жайлы баруын ескеріп орналастырылады және жабдықталады.
      166. Аялдама пункттерінің құрылысы тек қана жеңіл құрамаларымен, онда тұрғындарға қызмет көрсететін нысандарсыз салынады (таксофондар, сауда автоматтарынан басқасы).
      Ескерту: осы тармақтың күші аялдама пункттерінде орналастырылған, тұрғындарға қызмет көрсететін нысандардың меншік иелеріне, аялдама пункттері үшін бөлінген жер учаскесіне жер пайдаланудың құқығының берілген мерзімі өткеннен кейін қолданылады.
      167. Анықтама ақпараты (аялдама тірегінің аталуы, бағыттардың нөмірі, бағыттардың қозғалыс уақытының арақашықтығы) аялдамада орнатылған электрондық таблода орналастырылады.

14 тарау. Таксофондар

      168. Таксофондарды жұмыс істейтін жағдайда болуына және қолданыстан шыққанда (телефон қалқандарын бояу немесе жуу, сынған әйнектерін ауыстыру, бөгде жазуларды жою, әйнектерді тазалау) уақытында келеңсіздіктерді жою қызмет көрсететін ұйымдарға жүктеледі.
      169. Таксофондар маңындағы аумақтардың жағдайына аймағында таксофондар орналасқан тапсырыс беруші қызметтер, кәсіпорындар және ұйымдар, ведомстволар, басқа шаруашылық субъектілері жауапты.

15 тарау. Кентау қаласы мен қала маңын және елді мекендер аумағындағы абаттандыру, көріктендіру жағдайына, тазалауды және тазалық сақтауды ұйымдастыруды бақылау бойынша өкілетті органдардың және мемлекеттік органдардың міндеттері.

      170. Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес осы Ереженің сақталуын бақылауды қоршаған ортаны қорғау, ішкі істер, сәулет-құрылысты бақылау, өртке қарсы және санитарлық қадағалау, сондай-ақ басқа мемлекеттік органдармен олардың құзыретінің шегінде жүргізіледі.
      171. Қала маңын және елді мекендер аумағын абаттандыру және көріктендіру жағдайын жалпы бақылау функционалдық міндеттерге сәйкес мемлекеттік бақылау-қадағалау органдарының комиссиялық іс-қимылдарын реттеуді (оның ішінде аралап өту, зерттеулер және басқалар) өкілетті органдар жүргізеді.

3 Бөлім. Ережені бұзғаны үшін жеке және заңды тұлғалардың жауапкершіліктері

      172. Осы Ережені бұзу нәтижесінде келтірілген материалдық зиян Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелуге тиіс.

16 тарау. Абаттандыру, көріктендіру және санитарлық тазалау жөніндегі талаптар

      173. Жеке тұлғалар, жеке тұрғын үйлердің иелері, барлық ұйымдастыру-құқықтық үлгідегі заңды тұлғалар Кентау қаласының аумағын абаттандыру және көріктендіру Ережесінің талаптарына сәйкес мыналарды орындайды:
      бөлінген және оның аумағын өзінің қаражаты есебінен өз бетінше немесе мамандандырылған кәсіпорындармен шартқа отыру жолымен ұстауды қамтамасыз етуді;
      қандай да болмасын меншік түріндегі нысандарға ұқыпты қарауды;
      тиісті органдарды мемлекеттік меншік нысандарына зиян келтірілген жағдайда хабар беруді;
      көшелер мен үйлердің нөмірлерін көрсетіп аншлагтарды техникалық жөнделген және тазалық жағдайда ұстауды;
      қоршауларды және шағын сәулет пішіндерін ұқыпты жағдайында ұстауды;
      күрделі және уақытша нысандардың иелері оларға бөлінген, маңайдағы және бекітіліп берілген аумақтарын санитарлық тазалықта ұстау және оны тазалауға шарт жасасуы қажет немесе оны өз бетінше күн сайын тазалауды.
      174. Қатты тұрмыстық қалдықтарын шығаруға мамандандырылған кәсіпорындармен шарт жасалуы қажет.
      175. Қала маңында және елді мекендер аумағында тұрмыстық және құрылыс қоқыстарын, өндіріс қалдықтарын, босаған ыдыстарды, ағаш кесінділерін, жапырақтарды, қарды төгуге жол бермеуі керек.
      176. Қоқыстарды, жапырақтарды, жәшіктерді, өндірістік қалдықтарды өртеуге, от жағуға болмайды, кәсіпорындар мен жеке үйлердің аулаларын қоса қамтамасыз етуі қажет.
      177. Қарамағында ғимараттары мен құрылғылары бар кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары, ғимараттар мен құрылғылардың иелері аталған нысандарды және олардың жекелеген элементтерін (балкон, лоджия, су құбырлары және басқалар) қалпына келтіру, жөндеу және қасбеттерді сырлауды қамтамасыз етулері қажет.
      Қаланың және елді мекендердің көшесіне қасбеті қарап тұрған дүкендер мен офистердің витриналары жарықпен безендендірілуі керек.
      178. Кәсіпорындар мен ұйымдар, ғимараттың ауласы мен қасбетінің эстетикалық жағынан әдемілігін қамтамасыз етулері тиіс. Кіре берісте сыртқы жазуы орналасуы тиіс, яғни кәсіпорынның қызмет мақсаты, оның фирмалық аталуы, тауар белгісі, кәсіпорынның орын-жайына кіретін жерді көрсететін және мекен-жайы туралы тұтынушыны хабардар ететін ақпарат, кәсіпорын орналасқан орын-жайдың қасбетінде, кіретін жерде орнатылады.
      Кентау қаласы мен қала маңын және елді мекендердің аумағын абаттандыру, көріктендіру Ережесін бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады