2010 жылы жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 8 ақпандағы N 52 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 1 наурызда N 14-5-90 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 3 тамыздағы № 1248 хатымен

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы әкімдігінің 2012.08.03 № 1248 хатымен.

      «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149 Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» N 836 қаулысын іске асыру мақсатында аудан әкімідігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2010 жылға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі және ұйымдардың тізбесін қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі(Ш.Отыншиев) бекітілген тізбеге сәйкес 2010 жылға арналған аудан бюджетінде қоғамдық жұмыстарға қарастырылған қаражат шегінде жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберуді жүзеге асырсын.
      3. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың еңбекақысы бір айлық жалақының ең төменгі мөлшерінде белгіленсін.
      4. Аудандық экономика және қаржы бөлімі (Ф.Дауылбаева) қоғамдық жұмыстағы жұмыссыздардың еңбекақысын төлеуге қаражаттың уақтылы бөлінуін қамтамасыз етсін.
      5. Осы қаулы Әділет органдарында тіркеліп ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Дүйсенбековке жүктелсін.

      Аудан әкімі                                      С.Кенжебаев

Бәйдібек ауданы әкімдігінің
8 ақпандағы 2010 жылғы
№ 52 қаулысына қосымша

      2010 жылға арналған қоғамдық жұмыстардың
түрлері мен көлемі

№ р/с

Ұйымдардың тізбесі

Жұмыстардың түрлері

Жұмыспен қамтылғандардың саны (адам)

1

2

3

4

1.

Ауыл округтері әкімдері аппараты

аймақтық қоғамдық жұмыстарды өткізу көмектесу

40

2.

Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, ауыл округтері әкімдері аппараты

жол құрылысы және оларды жөндеу, көркейту-көгалдандыру, ағаш отырғызу

108

3.

Ауыл округтері әкімдері аппараты

әлеуметтік мәдени маңызы бар объектілерді салуға және жөндеуге қатысу

60

4.

Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, ауыл округтері әкімдері аппараты

тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық ұйымдарына көмек көрсету

80

5.

Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, ауыл округтері әкімдері аппараты

Аймақты экологиялық сауықтыру, көріктендіру

147

6.

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, ауыл округтері әкімдері

әлеуметтік маңызы бар және басқада жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесу

55


Барлығы:


490

      Жұмыссыздардың қоғамдық жұмыстарды орташа жұмыс істеу мерзімі 1,2 ай. Іс жүзінде сұраныс пен ұсынысқа орай қоғамдық жұмыстардың кейбіріне қатысушылардың саны, қатысудың ұзақтығы, қоғамдық жұмыстардың түрлері және ұйымдардың тізбесі 2010 жылға арналған аудандық бюджетте қоғамдық жұмыстарды өткізуге қарастырылған қаражат шегінде өзгеруі мүмкін.
      Жұмыссыздардың еңбекақысын аудандық бюджеттің қаржысы есебінен бір айлық жалақының ең төменгі мөлшерімен төленеді. Жұмыссыздардың қоғамдық жұмысқа пайдаланатын ұйымдар үстеме ақы белгілеуі мүмкін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады