Азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 2 сәуірдегі N 136 Қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 30 сәуірде N 14-5-93 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 3 тамыздағы № 1248 хатымен

       Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы әкімдігінің 2012.08.03 № 1248 хатымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығын іске асыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарына мерзімді әскери қызметке шақырылсын.
      2. Әскери қызметке шақыру жұмысын жүргізу үшін төмендегі құрамда аудандық шақыру комиссиясы құрылсын:       

Касетов Серік Тастемірұлы

аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлім бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша)

Тоқтамысов Асылхан Битасұлы

аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары

Мырзахметов Алмас Келдібекұлы

аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша)

Байғонов Әбужахил

аудандық орталық аурухананың ЛОР дәрігері медициналық сараптау комиссиясының төрағасы

Пірназарова Меруерт Нұрғалиқызы

медбике, комиссия хатшысы

      3. Аудандық емханаға /Б.Мырзагелдиев – келісім бойынша/
      1) дәрігерлік комиссия құрамын қажетті мамандармен қамтамасыз етіп, комиссия жұмысы біткенге дейін дәрігерлер мен медбикелер негізгі жұмыс орындарынан босатылсын және жұмыс орны мен лауазымы сақталсын;
      әскери дәрігерлік комиссиясының жұмысы Бәйдібек аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде өтеді. Жұмыс уақыты күнделікті сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, демалыс күндері сенбі, жексенбі;
      2) әскери дәрігерлік комиссияның қажетті құралдарымен, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуін;
      3) дәрігерлік комиссиясының емделуге жолдама алған азаматтарды ауруханада жедел стационарлық тексеруден өткізу, табылған ауруды емдеп, оларды келесі мерзімге дайындау жұмыстарын ұйымдастырсын;
      4) жастарды диспансерлік және амбулаториялық картасы бойынша есепте тұратын әскери қызметке жататын жастардың тізімін Бәйдібек аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге тапсырсын.
      4. Бәйдібек аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі /С.Касетов келісімі бойынша/ әскери қызметке шақырылған азаматтарды дәрігерлік комиссиядан және флюрографиялық тексеруден өткізу кестесін жасасын.
      5. Аудандық ішкі саясат бөліміне /Е.Тойжанов/ әскер қатарына шақыру орындарында жастар арасында әскери патриоттық, интернационалдық тәрбие жұмыстарын жүргізсін.
      6. Аудандық ішкі істер бөліміне (А. Адилов -келісімі бойынша):
      1) аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру қағазына келмей жүрген азаматтарды іздеп тауып, әскери дәрігерлік комиссиядан өткізу жұмыстарын жүргізу;
      2) облыстық әскери дәрігерлік комиссияға бару қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастыру ұсынылсын.
      7. Осы қаулы аумақтық әділет органдарынан мемлекеттік тіркеуден өтіп ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Дүйсенбековке жүктелсін.      

      Аудан әкімі:                               С. Кенжебаев

      КЕЛІСІЛДІ:

      Аудандық қорғаныс істер
      жөніндегі бөлімінің бастығы                С.Т.Касетов
      "02" сәуір 2010 жыл

      Аудандық ішкі істер
      бөлімнің бастығы                           А.Қ.Адилов
      "02" сәуір 2010 жыл

      Аудандық ішкі істер
      бөлім бастығының орынбасары                А.К.Мырзахметов
      "02 сәуір 2010 жыл

      Аудандық емхананың бас
      дәрігерінің міндетін атқарушы              Б.С.Мырзагелдиев
      "02" сәуір 2010 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады